Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдыларын қалыптастыру «Оқуды тоқтатқан адам – ойлауды тоқтатады»



бет3/5
Дата14.10.2022
өлшемі31,67 Kb.
#152983
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
3 n s a- GB , №7 лекция, Тулбасиева А (2 рк), Тіл дамыту. емтихан жауаптары, ИББ10-апта Сөжж
Эвристикалық әдіс арқылы ақыл-ой жұмысы күшейеді,оқушы білімді өзінің танымдық іс-әрекеті арқылы алады.
Бинарлық әдістер бір-бірімен тығыз байланысты, оқыту мен оқудың тәсілдерін қолдануды талап етеді.
Көрнекілік әдістер:Иллюстрация (плакат,кесте,картина, карта ,суреттер)
Демонстрация(кино- фильмдер,диафильмдер теледидар,диалог құру,ертегілерді рольдік ойындармен ойнау) көрсету арқылы;
Ойын әдісі ойдан –ойға жетелейді,алысқа меңзейтін, өз бетінше күрделі мәселені шешеді,ынтымақтастықпен жұмыс жасайды, қызығушылық арттырады.

Бастауыш сыныптарда оқушылар ана тілі сабағында өздерінің білім мен тәрбие алуына қажетті әртүрлі оқу дағдыларын қалыптастырады. Оқу - өте күрделі психологиялық үрдіс. Оқушылардың оқу дағдыларын қалыптастыру жалпы тіл дамуымен, оның ішінде әдеби жазба тілімен де, сөйлеу тілімен де тікелей қабысып жатыр. Оқу барысында көру, есту, сөйлеу мүшелерінің қызметі қатар жүргізіліп, ол түсіну әрекетімен тығыз байланысады. Кейбір жағдайда оқушылар мүдірмей шапшаң оқыса, осы қанағат етіп, оқу дағдысы қалыптастырылды деу қате. Себебі, үңіле қарасақ, бала шапшаң оқығанмен, оны саналы түрде түсініп, дауыс ырғағын келтіре мәнерлеп оқи алмауы мүмкін. Оқушымен жүргізілетін оқу дағдысын қалыптастыруға қажетті жаттығулар мұғалім тарапынан тілдің заңдылықтары, қасиеті, ережелері меңгерілген кезде ғана мүмкін болады. Яғни грамматиканың жеке бір ережелерін, орфографиялық және тыныс белгілерінің ережелерін жете білгенде ғана, оқу дағдысының жаттығуларын жүргізу мүмкіндігі туады. Оқу сабағын жүргізуде және оған қажетті әдіс-тәсілдерді іздестіру үстінде мыналарды ескеру қажет:


Біріншіден, бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдысының жетілдірудің бір шарты – оқушының дұрыс және мүдірмей оқуын қамтамасыз ету. Олай етпеген жағдайда оқушының мәтінді толық түсінуі мүмкін емес. Мәтінді толық түсіну үшін сабақ үрдісінде оқудың мына түрлерін жүргізуге болады:

  • мәтінді толық оқу;

  • мәтінді бөлімдерге бөліп оқу;

  • мәтінді дайын жоспар бойынша оқу;

  • мәтін бойынша жоспар құру;

  • абзац бойынша оқу;

  • мәтінді жартылай дауыстап оқу;

  • мәтінді рольге бөліп оқу;

  • мәтінді оқып, мазмұндау;

  • мәтінді қысқартып оқу;

  • мәтіннің негізгі ойын білдіретін бөлікті тауып оқу

  • ертегілерден қиял мен шындықты бейнелейтін үзіндіні түсініп оқу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет