Ашық сабақ
Тақырыбы: Ұлттық тағамдар
6 - сынып
Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі Молдахмет Г.Н.
2015 жыл.
Сабақтың тақырыбы: Ұлттық тағамдар.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Көрнекіліктер, құрал-жабдықтар: суреттер, сөздік, сөзжұмбақ, мақал-мәтелдер, шар ішіндегі сұрақтар.
Сабақтың мақсаты:
-
Білімділік: Бүгінгі тақырыпты жан-жақты етіп ашып, ұлттық тағамдарды жетік түсіндіру, сөздік қорын молайтып, ауыз екі сөйлеуге үйрету.
-
Дамытушылық: Пәнге деген қызығушылығын арттырып, ұлттық тағамдарды оқып, олардың орыс тіліндегі баламасын тауып, қазақ тілінде анық сөйлеуге, ойлауға, есте сақтау қабілетін дамыту.
-
Тәрбиелік: Тіл тазалығын сақтауға, мәдениетті сөйлеуге, адамгершілікке, кішіпейілділікке баулу.
Сабақ барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылармен сәлемдесу.
ә) Әнұран орындату.
б) Оқушыларды түгендеу.
-
Үй тапсырмасын тексеру.
Жалпылама шолу жасау. Кемшіліктерін түзету.
-
Оқушылардың білімін тексеру.
а) Етістіктің райлары неше түрге бөлінеді?
ә) Қандай түрлері бар? Ата.
б) Ұлттық тағамдарды сендер білесіңдер ме?
в) Қандай ұлттық сусындарды білесіңдер?
-
Жаңа тақырыптың мақсатын қою.
Бүгінгі тақырыбымыз ұлттық тағамдар болғандықтан біздің мақсатымыз қазақтың ұлттық тағамдары жайлы мағлұмат алу, жаңа сөздерді пайдалана отырып қазақ тілінде ойымызды ашық, мәнерлі жеткізе білу.
-
Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Жаңа сөздермен таныстыру:
Ұлттық тағамдар – национальные блюда.
Сусындар – напитки Қымыз – кумыс
Шұбат – верблюжье молоко Бесбармақ – мяса по-казахски
Қазы – казы Жая – жая
Қуырдақ – жареное мяса Шұжық – шужык
Құрт – курт Ірімшік – творог, сыр
Қанат – крыло Қуат – сила
Ас – пища, еда Тоңазымайды – не остывает
Сіңімді – легко перевариваемый
1-тапсырма. Мақал-мәтелдердің мәнін түсіндіру.
Ат – адамның қанаты,
Ас – адамның қуаты.
2-тапсырма. Кесте бойынша сөйлемдер құрау.
-
Ұлттық
|
Сусындар
|
тағамдар
|
Қымыз
айран
шұбат
|
қазы
қарта
жая
шұжық
бесбармақ
қуырдақ
|
3-тапсырма. Диалогты толықтырып, өзара сөйлесіңдер.
-
Сен тамақты күніне неше рет ішесің?
-
...
-
Бүгін таңертең сен не жедің, не іштің?
-
...
-
Сенің сүйікті тамағың не?
-
...
-
Саған қазақтың ұлттық тағамдары ұнай ма?
-
...
-
Қазақтың қандай ұлттық тағамдарын білесің?
-
...
-
Қандай ұлттық сусындарды білесің?
-
...
-
Оларды іштің бе?
-
...
-
Қазақтың қандай ұлттық тағамын жақсы көресің?
-
...
-
Ертең сен біздің үйге қонаққа кел. Анам ұлттық тағамдарды дәмді дайындайды.
-
Рахмет. Әрине, барамын.
-
Жаңа сабақты бекіту.
4-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, үш деңгейлі тапсырмаларды орындаңдар.
Ұлттық тағам.
Қазақтың ұлттық тағамдары алуан түрлі. Еттен түрлі тағамдар жасайды. Қазақтың басты ұлттық тағамы – ет. Етін жеп, сорпасын ішеді. Жылқының етінен қазы, қарта, жал, жая дайындайды. Қуырдақ қуырады. Суық жерде тұрса да, жылқының сорпасы қатпайды, майы тоңазымайды. Жылқының еті өте сіңімді болады.
Сөзжұмбақ шешу.
БЕСБАРМАҚ
-
Майға қуырылып пісірілетін нан.
-
Бесбармақтың негізгі құрамы.
-
“... адамның арқауы”.
-
Қуырдаққа қосылатын малдың бір мүшесі.
-
Жылқы етінен не айналдырады?
-
Ет тағамдарының бірі.
-
Бие сүтінен дайындалатын сусынды тап.
-
Сүтті ұйытып жасайтын сусын.
-
Қазының жанына қоса қойылатын тағам.
Жаңа сөздерді пайдалана отырып сөйлемдер құрау.
Мысалы: Ұлттық сусындар – қымыз, шұбат, айран.
-
Қорытындылау.
а) Шар жарып, ішіндегі сұрақтарға жауап беру.
ә) Кемшіліктерін түзету.
б) Оқушыларды бағалау.
-
Үйге тапсырма беру.
5-тапсырма. 124 бет. Сөздікті жаттау.
Достарыңызбен бөлісу: |