«Тілім, дінім, тарихым бар еркіндікпен есілген, Қазақ елі, асқақтай бер ұлы достық көшімен» гуманитарлық пәндер апталығының өтуі туралы



бет15/15
Дата19.05.2017
өлшемі1,6 Mb.
#16458
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Тарих пәні мұғалімі Дармұханова Аягөз «Тәуелсіз ел тірегі- білімді ұрпақ» тақырыбында 8-9 сыныптар арасында сайыс өткізді. Жас ұрпақты Отанын сүюге, туған тарихын білуге және ел рәміздерін қастерлеуге үйрету және жан-жақты, білімді де, жігерлі тұлға тәрбиелеу мақсатында Өткен сайысқа «Жас ұлан », «Бәйтерек», «Жас Алаш» топтары қатысып, төмендегі шарттар негізінде сынға түсті. І кезеңде топ оқушылары өздерін таныстырса, кейін «Тәуелсіз елдің тарихи шежіресі» (сұрақ-жауап), «Дархан дала тудырар дарынды дана ұлдарын» (портреттер сөйлейді), «Айтылмаған ақиқат» (сөзталас), Тілсіз суреттердегі тарих беттері (сурет конкурсы) және «Мен -елімнің ертеңі» тақырыбында ауызша журнал қорғады. Сайыскерлер тарих пәнін жетік білетінін әрі қоғам мүддесі үшін болып жатқан әр түрлі жағдайлардан хабардар екендіктерін көрсете білді. Сайысқорытындысында «Бәйтерек» тобы І орын, «Жас Алаш» тобы ІІ орын, «Жас Ұлан» тобы ІІІ орынды иеленді.

8-11 сыныптар арсында «My English life» тақырыбында шара өтті. Шарада ағылшын тілінде әндер, билер, «Cindrella», « Romeo and Guliet» ертегілерінен үзінділер көрсетілді. Шараның екінші бөлімінде «Ойлар мен туындылар» жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде берілген сұрақтар барлық сыныптар бағдарламасын қамтыды. Сұрақтар грамматика , логикалық тапсырмалар тұрғысынан болды. Жауапты дұрыс тапқан оқушылар сыйлыққа ие болды.

Қ.Р. Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 27.01.2012.жылғы Қазақстан халқына жолдауы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Бұл шараға мектеп мұғалімдері қатысып, өз пікірлерін білдірді. Дөңгелек үстелдің мақсаты- жолдауды жан- жақты дамытып, ой бөлісу. Елбасының қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегі, экономика мен саясаттағы реформаларына талдау жасау. Дөңгелек үстел ұйымдастырушысы Оралова Гүлсім тақырыптық слайдтар арқылы жалпы мағлұмат берді. Және ұстаздар мына тақырыптарда: экономиканы нығайтудың, халықтың әл-ауқатын арттырудың жаңа міндеттері, Қазақстандықтардың жұмысқа тартылуы, қолжетімді баспана,өңірлерді дамыту мәселес,, тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру,сот және құқық қорғау жүйелерін дамыту, басқарушылардың білікті саяси табын дайындау, қазақстанда адами капиталдың сапалы өсуі, индустриялық- инновациялық жобалар, зейнетақы жүйесін жетілдіру, ауыл шаруашылығын дамыту т.б. тақырыптарда өз ұсыныстарын ортаға салды. Мұқанов Е жолдаудың ерекеліктеріне де тоқталды. Әлемдік экономика да дағдарыстан өту кезеңінде. Президенттің жолдауы «осы дағдарысты қалай жеңеміз, мұның қандай амалдары бар, қалай біз тұрақты даму жолына көшеміз?» деген өте маңызды мәселелерді көтеріп, оны шешу бағыттарын көрсетеді деп сенеді.

Рамазанов С:-жоспар өте қысқа, нақты, нұсқалығымен ерекше. Бұл жолдаудан артық мәліметерді табу өте қиын. Елбасымыз өз сөзінде бірден негізгі проблемаларға тоқталып, 10 бағыт бойынша маңызды мәселелерді мазмұнды түрде баяндаған.

Нұрғожина Г:- барша халықты осындай кезеңде үлкен ынтымақ, үлкен еңбекқорлық, үлкен бірлік көрсету, бірлік пен жинақылықтың арқасында дағдарысты жеңіп шығуға болады деп есептеймін. Т. б. Мұғалімдер пікірлерітыңдалды.

«Сауаттылық –білімнің басты өлшемі» көркем жазу байқауы (үш тілде) өткізілді. Және «Үлгілі дәптер»акциясына 9-11 сыныптар арасында 170 оқушы қатысты. Акция қорытындысы бойынша төмендегі оқушылар жұмыстары үлгілі деп танылды.



11 а

Саменова Б




Қайыржанова В

11 б

Ашығалиева Г

11 в

Андасбекова Қ

10 а

Бекпенбетов Қ




Құрбанова А

10 б

Жұмамұратова С




Елеусинова Ж

10 в

Бисембай Т




Қонысбаева Ж




Ибатуллаева А




Ғалламова А

9 а

Орақова М

9 б

Хасанова Г

9 в

Лесова Г




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет