[ 142 ]
ҚОРЫТЫНДЫ
Осымен кітабым тамам.
Бір қызық айтып берейін. Бұл жұмысты жа-
зып аяқтаған соң, Медет Сүлейменов деген таны-
сым кітап болып шыққан «Молодежь Централь-
ной Азии. Казахстан» деген әлеуметтанушылық
зерттеуді сыйлады. Еліміздің он төрт облысы мен
екі қаласында жүргізілген
зерттеудің нәтижесінде
жастарымыздың қазіргі көңіл күйін анықтапты.
Соның ішінде мынадай көрсеткіш бар: еліміздің
жастарының 78,6 пайызы кітапты не сирек оқиды,
не мүлдем бетін ашпайды екен. Бұл бізді алаңдатуы
керек. Ертең пайдалы қазбаларымыз сарқылғанда,
жиырма бірінші ғасырдың келбетін анықтайтын
«ақылды» экономиканы құрудың орнына көше сы-
пырып кетпейік. Мен кітапты осыны сезгендей жа-
зып шыққан екенмін. Бұрын мәселені сезіп жүрсем
де, мына санды көріп шошығаным рас.
Кітап оқып үйренем деуші жастарға осы шағын
еңбегім әдістемелік нұсқаулық болмаса да, кітап ба-
рысында айтылған кеңестерді қысқа да нұсқа бөліп
көрсетуге болады:
– кітап оқудың кез келген мүмкіндігінен бас тарт-
пай,
пайдаланыңыз;
– сатып алуға ақшаңыз болмаса, дүкенде тұрып
оқи беру керек. Бірақ қазіргі кезде ондайға бара
Қорытынды
[ 143 ]
қоймассыз деп ойлаймын. Қанша айтқанмен, көп
жағдайда іздегеніңізді Интернеттен де тауып оқуға
болады;
– егер әлі оқушы не студент болсаңыз және
кітап
оқуға құмарлығыңыз енді оянса, онда қолға
түскеннің барлығын таңдамай оқи беріңіз. Ертелі-
кеш талғамыңыз қалыптасып, не керек екенін нақты
білетін боласыз. Адамзат тарихында ертеден бүгінге
дейін жазылған миллиондаған кітаптың арасында
тек жүзін ғана оқыған шарт, бірақ сол жүз кітапты
анықтау үшін мыңдаған кітап оқуыңыз керек;
– ал егер оқуды аяқтап, жұмыс істеп жүрсеңіз, от-
басылы
болсаңыз, қолға түскенді оқи беруге уақыт
табыла бермейтіндіктен, ұлы тұлғалардың өмір-
баяндарын оқудан бастаңыз. Бұл әдістің арқасында
өмірде және жұмыста қажет болатын қабілеттерді
қалыптастыра аласыз;
– әрбір кітаптың қадірі бар екенін естен шығар-
маңыз. Бұл туралы түсінік
тек көп кітап оқығанда
ғана қалыптасады;
– күніне, кем дегенде, жарты сағатыңызды кітап
оқуға арнауды ұмытпаңыз;
– ағылшын тілін меңгеріңіз;
– қазіргі заманда қаптап кеткен бизнес,
өз-өзіңді
дамыту, мотивацияны иелену туралы әдебиет жай
ғана сән екенін ұмытпаңыз. Егер күлмесхан адам
болсаңыз, сізге сәнге айналған кітаптарда жа-
зылғандай, күліп үйренудің қажеті жоқ, күлмейтін
адамдардың да басымдыққа ие тұстары болады.
Сәннің жетегінде кетпеңіз;
– мотивация туралы жүз кітап оқудың қажеті жоқ.
Нацистік Германияның концлагерлерінің тозағына