Тыныс алу физиологиясы Дәрістің жоспары



бет5/5
Дата27.03.2023
өлшемі3,46 Mb.
#173093
1   2   3   4   5
Байланысты:
Тыныс алу 1
МәдениеттануФ-31 (копия), ВТк20-1, Протоколи по пат.анатомії зміст. мод5

Жұлындағы орталықтары


Мойын бөлімінде – көкет жүйкесінің ядролары.
- кеуде бөлімінде – қабырға аралық еттердің ядролары.

Тыныс орталығының тонусы рефлекстік және гуморалдық жолдармен қамтамасыз етіледі

  • Тыныс орталығы афференттік импульстерді өкпенің, тыныс жолдары мен тыныс еттерінің механорецепторларынан алады.
  • Тыныс орталығының гуморалдық реттеушісі хеморецепторлардан келетін ішкі ортаның газ құрамы туралы сигналдар болып табылады. Хеморецепторлар:
  • Орталық (булбарлық)
  • Шеткі

Орталық (булбарлық) хеморецепторлар мидың жасушадан тыс сұйықтығындағы СО2 кернеуі мен Н+ концентрациясына сезімтал.

Шеткі хеморецепторлар тамырларда орналасады.

  • Шеткі хеморецепторлар тамырларда орналасады.
  • Ұйқы артериясының бифуркациясында каротид денесі орналасқан, ол қанның газ құрамының өзгерістеріне сезімтал:
  • О2 кернеуінің төмендеуіне.
  • СО2 кернеуінің жоғарылауына.
  • Н+ концентрациясының артуына (ацидоз)

Импульстер хеморецепторлардан синустық жүйке бойымен дорсалдық ядроға барып, инспираторлық жүйкені қоздырады.

Тыныстың рефлекстік өзін-өзі реттеуі. Тыныс фазаларының алмасу механизмі.

  • 1866 ж. Геринг пен Брейер иттің жұлыны мен n. Vagus-сақтай отырып мойынының барлық ұлпаларын кесті, сосын екі жақты пневмоторакс жасағанда көкірегі дем алса, өкпені үрлеп кергенде – дем шығарған. Кезбе жүйкені кескен соң рефлекс жоғалған, тыныс баяулаған және тереңдеген.

Өкпе көлемінің артуы мынадай үш рефлекстік эффект туғызады:

  • Инспираторлық-тежелу.
  • Экспираторлық-жеңілдеу.
  • Хэдтің парадоксы.

Өкпенің керу рецепторларынан кезбе жүйкенің афференттік талшықтары бойымен импульстер дорсалдық ядроларға барады. Кезбе жүйкенің афференттік талшықтарындағы ӘП жиілігі дем алғанда артады және дем шығарғанда төмендейді.

Кезбе жүйкені екі жақты кескенде тыныс баяулайды

Тыныстың реттелуі

  • Тыныстың реттелуі
  • Артериалық қан мен мидың жасушадан тыс сұйықтығындағы газ құрамын қамтамасыз етеді.
  • Тыныстың қоршаған орта мен организм тіршілігінің өзгерістеріне бейімделуін қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет