Tipi ағзалардың химиялық қүрамы. Бейағзалық заттар


Қанның ұюы, оның биологиялық мәні мен механизмі



бет42/96
Дата25.06.2020
өлшемі338,37 Kb.
#74520
түріҚұрамы
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   96
Байланысты:
Тірі организмдердің химиялық құрамы

Қанның ұюы, оның биологиялық мәні мен механизмі

Қанның физикалық қасиеттерінің өзгеріп, сұйык күйден қойыртпақтанып қатқылдануын ұю деп атайды. Қанның ұюы оның маңызды қорғаныш қасиеттерінің бірі. Ол организмді қансыраудан сақтайды. Қансырауды тоқтатуға (гемостаз) қан тамырларынын қабырғасы, тамыр маңындағы ұлпалар, қан плазмасы құрамындағы ұю факторлары, барлық қан торшалары қатысады. Бұл процесте биологиялық белсенді заттар да маңызды роль атқарады. Олар физиологиялық әсеріне қарай қанның ұюын жеңілдететін, қанның ұюына кедергі жасайтын және ұйықты ерітетін заттар болып бөлінеді.

Қанның ұюы тізбектелген реакциялардан тұратын күрделі процесс. Оның мәні қан құрамындағы фибриноген белогының физика-химиялық қасиеттерінің өзгеруінде. Ұю процесі барысында фибриноген белогынан қышқыл пептид бөлінеді де, ол ерімейтін белок -фибринге айналады.

Қанның ұю процесі механизмінің негізіне 1871 ж. А.Шмидт ұсынған ферменттік теория алынған. Бұл теорияға сәйкес ұю процесі үш кезеңде өтеді де, плазма құрамындағы 13 фактор мен тромбоцит факторларының (10-нан астам) қатысуымен жүреді. ГІлазма факторлары ашылу ретіне қарай нөмірленіп, рим цифрларымен, ал тромбоцит факторлары араб цифрларымен белгіленеді. Егер плазма құрамындағы факторлардың біреуі жетіспесе, онда қан ұю қабілетінен айырылады (мысалы, VIII-фактор жетіспегенде гемофилия дерті байқалады).

Қанның ұю процесі үш кезеңде өрбиді. Бірінші кезең тромбоциттердің белсенділігінің күшеюімен сипатталады. Екінші кезеңде плазма құрамындағы факторлардың белсенділігі артып, үш сатылы тізбектелген ферменттік процесс жүреді. Ұюдың соңғы үшініші кезеңінде ұйық ретракциясы (фибрин талшықтарының тығыздалуы) жүреді.

Денедегі жарақат сипатына, зақымданған тамыр табиғатына қарай ұю процесі екі жолмен жүреді: не ол тамыр мен тромбоциттер реакциясымен шектеледі (тамыр-тромбоциттік механизм), не плазма құрамындағы факторлардың қатысуымен тізбектелген ферменттік процесс басталып, фибрин ұйығы пайда болады (коагуляциялық -ұю механизмі).

Тамыр — тромбоциттік механизм қан қысымы төмен майда тамырлар зақымданғанда іске қосылады. Бұл жағдайда тромбоциттерден бөлінген заттардың әсерімен тамыр тарылады, тромбоциттер зақымдалған жерге жабысып, бір-бірімен желімденеді де, плазма оңай өтетін, тромбоциттерден құралған, борпылдақ тығын пайда бола



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет