Tipi ағзалардың химиялық қүрамы. Бейағзалық заттар


Иммундық жүйенің жалпы сипаттамасы. Иммундық жүйенің мүшелері (орталық және шеткі). Иммундық жүйе жасушалары



бет43/96
Дата25.06.2020
өлшемі338,37 Kb.
#74520
түріҚұрамы
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   96
Байланысты:
Тірі организмдердің химиялық құрамы

Иммундық жүйенің жалпы сипаттамасы. Иммундық жүйенің мүшелері (орталық және шеткі). Иммундық жүйе жасушалары.

Иммундық жүйе организмнің жұқпалы ауруларға және табиғи жай заттардың зиянды әсеріне қарсы тұру қабілеттілігін қамтамасыз етеді, қызметті қалпынан өзгергенде адам ауруларға тез ұшырайды.

Иммунитет- организмнің жұқпалы ауруларға қарсы тұру, бөтен заттарды, вирустарды, бактерияларды танып зиянсыздандыру қасиеті.

Адамда екі түрлі иммунитеті болады:



  1. іштен туа біткен иммунитет

  2. жүре пайда болған иммунитет

Іштен туа біткен иммунитет - бөтен бөлшектерге қарсы организмде ең бірінші қорғаныш реакциялары қалыптасады. Іштен туа біткен иммунитет бөтен заттың немесе бөлшектің түріне ерекшелігін көрсетпейді.

  1. Іштен туа біткен иммунитеттің негізгі жасушалары:

  2. макрофагтар,

  3. моноциттер

  4. нейтрофилдер.

Организмге бөтен зат түскенде аталған жасушалар мембраналардың сыртқы жағында орналасқан рецепторлармен оларды байланыстырып жұтып алады да ыдыратады.

Іштен туа біткен иммунитеттің реакцияларын қалыптастырады:



  1. сулы ортада еритін факторлар, цитокиндер, мысалы, интерферондар, интерлейкиндер т.б. қосылыстар.

  2. комплемент жүйені активтендіретін қосылыстар.

Иммундық жүйенің қызметі:

  • организмнің бөгде заттар мен бөлшектерге қарсы тұру қабілеттілігін күшейтеді;

  • организмнің генетикалық тұрақтылығын сақтайды;

  • организмді жұқпа аурулардан қорғайды, қатерлі ісіктердің түзілуін бақылайды;

  • ауыстырып отырғызған мүшеге қарсы организмнің жауабын қалыптастырады;

  • басқа қызметтер атқарады.

Иммундық жүйенің мүшелері басқа мүшелермен өзара әрекеттеседі.

Иммундық жүйенің қасиеттері:



  1. жоғары ерекшелігі, бөгде қосылыстар мен бөтен микроорганизмдерге қарсы ерекше реакцияларды қалыптастырады.

  2. организмнің өзінің қосылысын танып, бөтен заттан айыру қабілеттілігі.

Өте сирек кездесетін құбылыс – иммундық жүйенің әсері организмнің өзінің қалыпты ұлпаларының жасушаларына қарсы бағытталады, нәтижесінде адамда аутоиммундық аурулар дамиды.

Иммундық жүйенің жауабы есте сақталады, Антигенмен организм қайта кездескенде иммундық жүйенің реакцияларының жылдамдығы және тиімділігі жоғары болады, антиденелердің деңгейі тез жоғарылайды.

Антигендердің ең бірінші акцепторлары ретінде лимфоциттер қызмет атқарады. Лимфоциттер лимфалық түйіндерінде орналасады.

Иммундық жүйе мүшелері:



  1. орталық иммундық жүйе мүшелері:

    • тимус (айырша без), сүйек кемігі;

  1. перифериялық иммундық жүйе мүшелері:

    • көкбауыр,

    • лимфа түйіндері,

    • әр түрлі ішкі мүшелердегі лимфоидті ұлпа жиынтықтары.

Тимуста – Т-лимфоцитер дамиды, жіктеледі және жетіледі.

Сүйек кемігі – бағана жасушалар түзілетін мүше. Бағана жасушалар иммундық жүйе жасушаларының, оның ішінде лимфоциттердің негізгі көзі.

Көкбауыр – қанағымына түскен бөгет ақуыздар, бұзылған формалық элементтер, микроорганизмдер үшін күшті фильтр ретінде қызмет атқарады.

Лимфа түйіндері – лимфоциттер түзілетін шеткі қантүзу мүшесі. Лимфа түйіндерінде фагоцитоздың көмегімен бөгде заттар залалсызданады, Т- және В-лимфоциттер, антиденелер түзіледі. Лимфа түйіндері қорғаныш және қантүзу қызметтерін атқарады.



Иммундық жүйенің жасушалары:

  • лимфоциттер,

  • фагоциттер,

  • базофилдер,

  • бағана жасушалар,

  • тромбоциттер,

  • басқа жасушалары, мысалы ұлпа жасушалары.

Барлық жасушаларының тегі – плюропотентті бағана жасушалары

Иммунды жүйе сүйектік қызыл кемігі, лимфа безі, айыршық безі (тимус), кұстардық фабрицнев қапшығы, көкбауыр, сондай-ақ тыныс алу және ас қорыту жолдарындағы топталған лимфоидты тканьдар кіреді. Иммунды жүйе ең басты мүшесінің қызметін әртүрлі лимфоциттердің субпоппуляциялары және лимфоциттердің кейбір тармақтары атқарады, олар макрофагтармен қосылып, иммунологиялық жауаптың негізі — антиденелер түзу және сезімталдығы күшейтілген лимфоциттердің жиналуын қамтамасыз етеді, ал бұлар бөтен антигендерді таниды, қорытады және жояды.
Иммундық жүйе ағзаны генетикасыз жасушалардан немесе сыртқы өсерден, немесе ағзада пайда болатын зиянды заттардан сақтап тұратын ұлпалар мен мүшелер болып табылады. Иммундық жүйенің мүшелері лимфойдты ұлпадан түзіліп, өмір бойы адам агзасының ішкі ортасын бір қалыпты сақтайды. Ол мүшелер иммундық қасиеті (түрлі ауруға қарсы тұра алады) бар лимфоциттер мен плазмоциттерді жасап, қорғаныш қызметіне қатыстырады. Мұны орындауға Т және В — лимфоциттері қатысады.

Иммунды жүйе мүшелеріне жілік кемігі (майы), айырша без (тимус), түйінбездер, талақ, аскорыту мен тыныс жүйелерінің қуысында болатын түйінбез шоғырлары, сокыр ішек пен мықын ішектегі түйінбездер, бадамшалар жатады. Олар иммуногендік қызметіне карай орталық жөне шеткі иммундық мүшелер деп бөлінеді. Орталық мүшелерге айырша без, жілік майы, соқыр ішек пен мықын ішектердегі мүйінбездер, ал шеткісіне — бадамшалар, асқорыту мен тыныс жүйесінің қуысындағы түйінбездер және талақ жатады.
Айырша без—иммуногендік орталық мүше. Без туралы «Ішкі секреция бездері» деген бөлімде айтқанбыз. Бұл безге жілік майынан шығатын ерекше (бағаналық) жасушалар қан арқылы келеді. Осы жасушаның иммундық (иммунитеттік) қабілеті жетіледі, сөйтіп Т-лимфацитіне айналады. Қорғаныш қызметін атқару үшін лимфоциттер қан мен сарысу қосылады. Айырша без қандағы Т-лимфоциттердің қызметіне әсер ететін «тимиялық (гуморальдық) фактор» деген сұйықтық зат шығарып тұрады. В-лимфоциттерінің беткі қабаттарыңда қабылдағыштары (рецепторлары) болады. Сол сезгіш иппараттары арқылы ағзадағы антигендерді сезеді. Сөйтіп, күрделі иммундық реакцияға кіріседі де антигенге қарсы антитела немесе иммуноциттер түзеді.
Лимфоидты ұлпадан түзілген тақ санды тіл бадамшасын (тілдің түбінде орналасады); жұп санды тавдай бадамшасын (тіл мен таңдай аралық шұңқырына орналасады), тақсанды жұтқыншақ бадамшасьш (жұтқыншақ тесігімен оң және сол жақ дыбыс түтігінің аралығында орналасады) және жұп санды түтікті бадамшасын, (бұл да жұтқыншақ тесігі мен дыбыс түтігінің аймағында орналасады) ерекше атауға болады.

Тыныс алу процесінің мәні. Тыныс алу жүйесінің мүшелері. Тыныс алу және шығару актісі. Тыныс алудың жүйкелік және гуморальдік реттелуі. Механикалық және химиялық факторлардың тыныс алуға әсері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет