Тјжірибелік сабаќтыѕ таќырыптары



Pdf көрінісі
бет20/44
Дата17.11.2023
өлшемі1,31 Mb.
#191660
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   44
Байланысты:
orman biologiyasy met ukaz utebaeva b h
туризм тарихы билеттер (2), фил сессия (2)
 
Тапсырма
1.
Орман бөрікбасынан әртүрлі қашықтағы пайыздағы желдің жылдамдығын 
санаңыз. Орманның қабырғасына жел перпендикуляр соғады. Ашық алаңда 
желдің жылдамдығы 6,8 м/с. Алынған мәліметтер бойынша график құрыңыз. 
Масштабы теңдей алынады: абсцисс осі бойынша – 1 см=100м,ординат осі – 1 
см =10%. 
Бақылау сұрақтары: 
1.
Орманның желге әсері қандай? 
2.
Желдің әсеріне төзімді ағаш түрлерін атаңыз, олардың төзімділігінің 
себебі неде? 
3.
Сүрекдің құрамының, пішінінің және жасының орман ішіндегі, орман 
сыртындағы жел жылдамдығын төмендетуге әсері қандай? 


28 
Тақырып 8. Орман және ауа 
Мақсаты: 
ауаның орманға тигізетін әсерін анықтау және орман үшін 
ауаның маңыздылығын таныстыру. 
Жоспар: 
1.
Атмосфера және ауа құрамы 
 
Әдістемелік нұсқау 
Атмосфера және ауа құрамы. Орман және оттегі. Атмосфера – жердің газ 
тәрізді қабығы. Өсімдіктердің бәрі атмосферадан тыныс алу және қоректену 
үшін қажетті көмірқышқыл газы мен оттегін алатын болғандықтан, ол орман 
тіршілігіндегі маңызды фактор болып саналады. Жер беті маңындағы құрғақ 
атмосфералық ауа құрамында көлемі бойынша 78,1% азот, 21,1% оттегі 
(0,000001 % озон), 0,9% аргон және 0,03% көмірқышқыл газы бар, 0,01%-ын 
сутегі, неон, гелий, криптон, ксенон, аммиак және басқалар құрайды. 
Оттегі – жерде көп тараған элемент. Атмосфералық оттегінің мөлшері 
1,5*10
15
т-ны құрайды. Оның негізгі тіршілік процесі – тыныс алу үшін қажет, 
соның нәтижесінде организм сырттан оттегін алады және қышқылдану өнімін 
бөледі ( көмірқышқыл газы және су буы). Атмосферадағы оттегінің тыныс алу, 
шіру және жану салдарынан азайып, фотосинтез кезінде бөлінетін оттегімен 
қалпына келеді, бұл процесте өсімдіктер күн сәулесі энергиясын пайдалана 
отырып, көміртегі диоксидін ассимиляциялайды және оттегін бөліп шығарады. 
ТМД елдерінің ормандары жыл сайын 4 млрд. Тоннадан аса оттегін бөле 
отырып, 5,5 млрд.т. көмірқышқыл газын сіңіреді. Мысалы, қарағай 
ормандарының 1 гектары жыл сайын 30 т, жалпақ жапырақтылар 16 т, ауыл 
шаруашылығы өсімдіктері -3-10 т оттегін бөледі. Жоғары өнімді алқа ағштар ( І 
бонитет класы), оттегіні төмен өнімділерге қарағанда (ІV бонитет класы) 3-4 
есе көп бөледі. 
Көмірқышқыл газының маңызы. Ол фотосинтез үшін негізігі, әрі 
бастапқы зат болып табылады ( бір күн бойы 1 га орманның орташа есеппен 
120-150 кг жаңа құрғақ өсімдік массасын (фитомасса) құрайды және осы 
уақытта 220-275 кг СО
2
-ні сіңіреді). Ағаштың құрғақ затының 40-50% 
көміртегіден тұрады. Атмосфераның жер төңірегі қабатында шамамен 0,03 
пайыз СО

болады. 
Тәулік және жыл бойы орманда көмірқышқыл газының шоғырлануы, 
оның бірқалыпты пайдаланылмауына байланысты, әрі жер бетінің биіктігіне 
қарацй өзгеріп отырады. СО
2
-ның ең аз мөлшері ағаш желегі маңында жаз 
кезінде байқалады. Күзде оның мөлшері жоғарылайды. СО
2
-ның ең көп 
шоғырлануы ауаның топыраққа жақын қабатында, ең аз мөлшері ағаштардың 
желек астында байқалады. СО
2
-ның ауаның топыраққа жақын қабатында 
шоғырлануы сүректің ағаш түріне , жасына, желектің түйісуіне, орман түріне , 
желдің жылдамдығына, жер бедеріне , топырақтың ылғалына тікелей 
байланысты. Желдің жылдамдығы 2-3 м/сек болғанда, фотосинтездің қарқыны 
екі есеге өседі, жел жылдамдығының онан әрә күшеюі оған кері әсерін тигізеді. 


29 
Орман өнімділігін арттыру мақсатында атмосфералық ауадағы 
көмірқышқыл газын реттеуге бағытталған көптеген әдістер ( топырақты өндеу, 
тыңайту және әктеу, оның желденуін жақсарту, жел режимін және шымылдық 
құрылымыен өзгерту және басқалар) бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет