Тјжірибелік сабаќтыѕ таќырыптары



Pdf көрінісі
бет19/44
Дата17.11.2023
өлшемі1,31 Mb.
#191660
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   44
Байланысты:
orman biologiyasy met ukaz utebaeva b h
туризм тарихы билеттер (2), фил сессия (2)
Орманның желге ықпалы
. Орманның желге тигізетін кері ықпалы да 
зор. Орманға қарай соққан желдің жылдамдығы орман қабырғасынан 60 метрге 
жуық қашықтықта шамамен 20-60 пайызға әлсірейді, сонымен қатар, ауаның 
жоғары қарай күшті ағыны байқалады. Жел толқынының орманға кіру 
тереңдігі, көбіне желге төзімді орман қабырғасына байланысты болады, ол 
желден көп құлайтын ағаш түрі – шыршаның да тұрақтылығын арттырады. 
Желге төзімді орман қабырғасы
 
– орманды жел сұламасынан қорғауға 
арналған орман алқабы. Негізінен тамыр жүйесі терең жалпақ жапырақты ағаш 
түрінен құрылады, олар мықты желек дамытуға қабілетті болып келеді. 
Алқа ағаштар ішіне жел ене отырып, өз күшін біртіндепжоғалтады, ол 
күш ауаның діңдерге, жапыраққа және бұтақтарға соғуына, сондай-ақ, оларды 
теңселтуге жұмсалады. 
Жел жылдамдығының орман ішінде төмендеуіағаш түрлеріне, сүрекдің 
толымдылығына, биіктігіне, пішініне, ағаштардың жапырақтану дәрежесіне 
байланысты болады. 
Желдің орман ішіндегі ең үлкен жылдамдығы ағаштар желегі үстінде 
байқалады, оған жақындағанда азаяды, оның ішінде тіпті басылып қалады және 
топырақ бетінде ол жоқ деуге болады ( нөлге жақындайды). 
Мысалы, түйіскен ағаш желектерінде жел жылдамдығы ағаш үстіндегі 
жылдамдықтың 50 пайызын, желек астында 40, ал 2 м биіктікте 30 пайызын 
құрайды. 
 
Бақылау сұрақтары: 
1.
Жел дегеніміз не? 
2.
Желдің орманға тиімді және кері әсері қандай? 
3.
Желдің ағаштың тамыр жүйесіне және топырақтың ауа режимі әсері қандай? 
 
Тақырып 7.1 Орман және жел бойынша зертханалық жұмыс 
Мақсаты:
желдің орманға тигізетін әсерін анықтау және орман үшін 
желдің маңыздылығын таныстыру. 
 
 
Жалпы түсінік 
Жел орманға жақсы да, жаман да әсер етуі мүмкін. Желдің 
көмегімен көптеген ағаш тұқымдары тозаңданады (қайың, шамшат, граб, емен,
шырша, қараағаштар, орман жаңғағы, балқарағай, қандыағаш, самырсын,


27 
қарағай, терек, шаған). Жел - өсімдіктер тұқымдарын таратудың тиімді 
құралы (анемохориялық өсімдіктер – орман түзуші тұқымдардың мол бөлігі). 
Желдің жаман әсерінің мысалы ретінде теңіз жағалауында үлкен көлдер
жағасында, үлкен ашық аудан кеңістігінің параметрінде өсетін ағаштарда
жалау тәрізді кронасының қалыптасуы. Жалау тәрізді кронаның қалыптасуы
сүректің сапасының нашар болып қалыптасуына алып келеді. 
Соғатын желдің күшімен ағаштардың өнімділігі арасында тікелей
байланыс бар екендігі дәлелденген. Соғатын жел күшейген сайын 
өсімдіктер формациясы өнімділігі нашарлай береді. Тұрақты қатты жел соғып 
тұратын жағдайда діңдері аласа (қисық) кейде тіпті төселіп өсетін формалары 
қалыптасады, ұзындыққа өсуі нашарлайды (Иванов, 1936). 
Орман экожүйелеріне қатты желдер (дауыл, теңіз дауылы) өте теріс әсер
етеді. Ағаштарды құлатып кетеді. Мысалы, 1967 жылы Латвияда бірнеше 
сағаттың ішінде 130 мың гектар жердегі ормандарды қиратып кетті, ал 1970 
жылы ФРГ-да 3 сағаттың ішінде 120мың гектар орманды құлатып кетті. 2011 
жылы Іле Алатауында да сондай жағдай болды.
Қатты желдің әсерінен ағаштар қозғалып оның майда тамырлары үзіледі, 
соның нәтижесінде қоректенуі нашарлайды. Өсімдіктің қорғаныс қызметі 
нашарлайды, 
зиянкестер 
орналасып 
алып 
ағаштың 
өлуіне 
алып 
келеді.Ағаштардың желге төзімділігі оның тамыр жүйесінің құрылысына 
байланысты. Тамыр жүйелерінің 3 типін ажыратады: 
1) Негізгі тамыр жүйесі (қарағай, емен, қайың); 
2) Үстірт тамыр жүйесі (топырақтың үстіңгі қабаттарында) (шырша, 
самырсын); 
3) Өтпелі (орман түзуші ағаштардың көбісі). 
Негізгі тамыр жүйесі бар ағаштар басқаларға қарағанда қатты желден
азырақ зақымданады. Үстірт тамырлы ағаштар желден көбірек құлайды. 
Орман өз кезегінде желдің ағынын өзгертеді, соның нәтижесінде мекен
еткен территориясының климатына әсер етеді. Орман массиві қар
тоқтатады, нәтижесінде эрозияны болдырмайды. Орман ценоздарының бұл
қасиетін егістіктерде және топырақ қорғау алқаптарында пайдаланады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет