1) Отан сүйгіштік
2) Мақсаткерлік 3) Борыш пен жауапкершілік 4) Мейірімділік пен ізгілік
5) Адалдық пен шыншылдық 6) Достық
Дүниетаным – бұл ақиқатты дүниеге және ондағы адамның алар орнына, оны қоршаған болмысына және өз-өзіне қатынасына деген көзқарастар жүйесі, сонымен қатар, адамдардың осы көзққарастар арқылы қалыптасқан негізгі өмірлік ұстанымдары, наным- сенімдері, мақсат – мұраттары, таным мен қызмет принциптері, құндылық бағыттары. Дүниетаным қоғамдық және жеке адам санасының ұйтқысы болып табылады. Дүниетанымды қалыптастыру – тек жеке тұлғаның ғана емес, сонымен қатар белгілі бір әлеуметтік топтың, қоғамдық таптың жетілуінің елеулі көрсеткіші.
Дүниетанымның негізгі қызметтері:
Ақпаратты – бейнелі қызметі қоршаған ортадағы оқиғалар мен құбылыстарды қабылдау тәсіліне және оның адам санасында бейнеленуіне байланысты. Дүниетаным призма ролін атқарады, яғни барлық сыртқы әсерлер сыну арқылы өтеді. Бағдарлы – реттеушіқызметі адамның тәртібі меніс – әрекеті арқылы оның санасымен, көзқарасын және сенімін анықтауға байланысты болып келеді. Бағалау қызметі – адамды қоршаған орта құбылыстарын, оның өз көзқкрастары мен сенімдерін бағалаудан шығады немесе басқаша айтқанда өз дүниетанымы болыды. Дүниетаным түрлеріне бірнеше элементтер тән
Философиялық
Ғылыми
Саяси
Адамгершілік
Эстетикалық
Ақпаратты-бейнеліқоршаған ортадағы оқиғалар мен құбылыстарды қабылдау тәсіліне және оның адам санасында бейнеленуіне байланысты. Бағалау қызметі адамды қоршаған орта құбылыстарын,оның өз көзқарастары мен сенімдерін бағалаудан шығады.
Бағдарлы реттеушіадамның тәртбі мен іс-әрекеті арқылы оның санасымен, көзқарасын және сенімін анықтауға байланысты.
Дүниетанымның атқаратын қызметтері