Тобы: дм 20-1/1 Тексерген: Бакирова Ж. С алматы 2021 Тақырыбы



бет3/3
Дата11.01.2022
өлшемі358,87 Kb.
#111378
1   2   3
Байланысты:
Документ 7777
әлемдік...., әлемдік...., Документ 7777, 8 класс БЖБ ТЖБ каз , С ттілік!!! 1-билет доктрина, әке 2
Онтология дегеніміз – болмыс туралы ілім. Бұл туралы түрлі пікірлер мен ойлар, анықтамалар бар. Болмыс - тарихи қалыптасқан терең мағыналы, кең ауқымды философиялық ұғым. Адамдар арасындағы қатынаста «болмыс» термині үш мағынада қолданылады. Болмыс, кең мағынасында, объективтік шындық. Болмыс - қоғам мен адамдар өміріндегі материалдық және рухани дүниенің қорытындысы. Болмыс - «өмір сүру» сөзінің синонимі. Жай күнделікті әңгімедегi «болу», терминіне сәйкес келеді.

Философияда «болмыс» терминіне ерекше мән беріліп, ол онтология категориясы болып қалыптасады. Бұл философияның адамның өмір сүруін қамтамасыз ететін нақты шындық туралы бөлімінде айтылады. Адам, индивид ретінде, жеке тіршілік иесі ретінде әрекеттенеді. Оған: тұратын жері немесе тұратын үй-жайы; рухани атмосфера, психологиялық күйі, ерекшелігі; істейтін ісі немесе жұмысы, қызметі, т.б. әсер етеді. Болу - өмір сүру. Адам өмірі бәріне де тәуелді: уақыт пен кеңістікке, материалдық өндіріске, генетикасы мен әлеуметтік ортасына, т. б.



Болудың мазмұны абстрактылық: 1. психикалық климат; 2. әлеуметтік-материалдық қатынас; 3. адамдардың санасы, ақыл-ойы, көңіл-күйі, ішкі сезімі - осылар адамдардың өмір сүру ортасын құрайды, бәрі де болмыс. Антика заманында алғашқы рет «болмыс» деген терминді философ Парменид (Эгей қаласынан) енгiздi. Парменидтің пікірінше, болмыс дегеніміз–Шар немесе Сфера секілді шекарасы жоқ, бос кеңістік. (Болмысты сферамен ұқсастырудың себебі, антикалық замандағы Сфера ұғымы - өте әдемі, мүлтіксіз, геометриялық фигура болып есептелінген). Болмыс субъективтік ақыл-ой емес, әлемдік ақыл-ой - логос ретінде, адамға тікелей әлемнің жасырын сырын ашады, яғни ақиқат болады. Болмыс сезімнің арғы жағындағы құбылыс, ой. Ол бірлік, өзгермейтін абсолют, өзінің негізінде субъект және объектіге бөлінбейді. Бұл мүлтіксіз ортадағы ақиқат-жақсылық, игілік және жарық. Ол пайда болмайтын, жоғалмайтын, қозғалмайтын, жалғыз, уақыты бойынша шексіз болады. Болмысқа ештеңенің қажеті жоқ, сезімдік сападан айырылған, сондықтан тек ақыл-оймен игеруге болады.
Философияның қалыптасуы да онтологияның пайда болуы мен дамуына арқау болған негіздермен байланысты.Көптеген философиялық жүйелерде басқа да категориялар арасындағы ең маңыздысы “болмыс” категориясы болып табылады. Болмыс батыстық рефлекцияда базалық категория деп табылады. Себебі ол заттың мәнін суреттейді. Бұл мәнділік яғни,”болудың” сипаттамасы болып есептеледі. Батыстық адам маңызды дүниетанымдық мәселелерді шешу кезінде ой толғаудың ең бастапқы “барды”, “болуды” түсіндіруден бастайды және бұл ойлаудың негізгі еңбегі болып табылады.




Қорытынды:

Тақырыпты қорытындыласақ, онтология — философияның күрделі де маңызды салаларының бірі. Болмыс және, қогамдық сана сынды мәселелері философияның классикалық мәселелері болып табылады. Оларды зерттеу көне заманнан бастап, қазіргі күнге дейін жалгасып келеді және бұл багыттагы ізденістердің өзектілігі зор деуге болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет