Тобы: дм 20-1/1 Тексерген: Бакирова Ж. С алматы 2021 Тақырыбы



бет1/3
Дата11.01.2022
өлшемі358,87 Kb.
#111378
  1   2   3
Байланысты:
Документ 7777


             Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

 

                                     Алматы  университеті



Шығармашылық жұмыс

Дайындаған:Кеңес А.Е

Тобы:ДМ 20-1/1

Тексерген:Бакирова Ж.С

Алматы 2021
Тақырыбы: «М. Хайдеггердің онтологиясының басты категориялары»

Жоспары:
1.Кіріспе

2.Негізгі бөлім: 1.М.Хайдеггер онтологиясының басты категориясы.

2.Онтология ұғымы.

3.Қорытынды


Кіріспе

Неміс философы, экзистенциализм ағымын салушылардың бірі  Мартин Хайдеггер 1889 жылы 26 қыркүйекте Баден - Вюртембергтегі Месскрихта (Штутгарт қаласының оңтүстігінде 80 км қашықтықта) қарапайым католик отбасында дүниеге келген. Әкесі Фридрих Хайдеггер Месскирх қыстағындағы католик шіркеуінде төмен діни қызметкер болған. 1892 жылы қарындасы Мария, 1894 жылы бауыры туылды. Мартин Хайдеггер бала кезінде шіркеу мектебінде оқиды. 17 жасында ол шіркеу әкейінен Брентано жазған «Аристотель бойынша болмыстың түрлі мән-мағынасы» атты кітапты алып оқып, болмыс мәні мәселесіне айырықша назары ауады. 1990 жылы Фрайбург университетінде  алғашында теология мамандығы бойынша екі жыл оқып, кейін философия мамандығына ауысады, гуманитарлық және жаратылыстану пәндеріне ден қояды.

1913 жылы Генрих Риккерт  және Шнайдер секілді ғалымдардың ғылыми жетекшілігінде «Психологизмнің  тұжырым ілімі» атты докторлық диссертация қорғады. Ал, оның оқытушылық біліктілігін айқындаған мақаласы «Дунс Скоттың категория және мәнділік ілімі» деп аталды. 1914 жылы ол докторлық атаққа ие болып, "Антикалық және схоластикалық философия мектептері желісі" тақырыбында Фрайбург университетінде сабақ бере бастады. І дүниежүзілік соғыс басталғанда, 1914 жылы тамызда Мартин Хайдеггер әскерге қатысты. Бірақ, екі ай өткенде денсаулығы сыр беріп, қосыннан шегерілді. 1917 жылы І дүниежүзілік соғыстың соңғы жылы Хайдеггер Пруссиялық лютеран қыз Эльфриде Петриге үйленді. және тағы да әскерге алынды. 1919 жылы оның ұлы Йорг туылды


М а р т и н Х а й д е г г е р

1918 жылы соғыстан оралған соң, Хайдеггер феноменологияның негізін салған әйгілі философ Эдмунд Гуссерльдің ассистенті болды. Хайдеггер Гуссерльдің жетекшілігінде әрі өз білімін шыңдайды,әрі сабақ өтеді. Бұл кезде оның сабақ тақырыбы Аристотель төңірегінде өрбіді. Ол Гуссерль феноменологиясының ықпалына ұшырағанымен , бірақ сабақ мазмұны соншылық Гуссерльшіль емес болатын. 1920жылы қазанда Фрайбург университетіндегі сабақ сағаты жетіспеген соң Гуссерль Хайдеггерді Марбург мектебінің жоғарғы өкілі, Марбург университетіндегі Пауль Герхард Наторпқа жолықтырып,таныстырады. Ол кездері Хайдеггер Гуссерль бас болып құрастырған философия және феноменологиялық зерттеу жылнамасының VII- томында өзінің Аристотель туралы жеткілікті көлемді мақаласын басуға әзірленіп жатқан болатын. Ол 40 беттік қолжазбаны екі нұсқа етіп бастырып , біреуін Наторпқа жіберіп береді. Наторп қолжазбаны оқыған соң қатты таңқалып, жас философтың идеясына ырза болады да, лезде Гуссерльге қабылдау жайында хабар береді.

1923 жылы Хайдеггер Марбург университетінің философия профессоры болады. Бұл кезде ол Тодтнаубергте өзінің “ Тау Лашығын” салдырып , “ Болмыс және уақытты” жаза бастады. Сол жылдары Марбург университетінің танымал жаңа профессор болып танылды.




1925 жылы қыста Хайдеггер ресми профессор болуға ұсыныс жасайды. Сол кездегі талап бойынша, ресми профессордың міндетті түрде монографиясы болуға тиісті болатын. Солай 1926 жылыдың қаңтарынан, сәуіріне дейін тау лашығында оқшау жатып уақыт ұғымының тарихы дәріс қолжазбасын “Болмыс және уақыт” кітабы етіп , алғашқы 240 бетін реттеп шықты.

1928 жылы Хайдеггер Гуссерль зейнетке шыққаннан кейін, Марбург университетіндегі жұмысынан бас тартып, Фрайбург университетіне Гуссерльдің орнына философия сабағын берді.

1946 жылы 26 мамырда адамзаттың ой парасатын тарихына бір қатар идеясымен үлкен ықпал еткен ойшыл Мартин Хайдеггер өз туған жері Масскирхта 86жасында дүниеден озды.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет