«Төменде өте көп орын бар» 1959 жылдың 29 желтоқсанында физика ғылымы бойынша 1965 жылы «Элементарлы бөлшектер физикасында терең салдары болған кванттық электродинамикадағы фундаментальды жұмыстары»



бет105/131
Дата14.12.2021
өлшемі21,38 Mb.
#126635
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   131
Байланысты:
МФНСУРОВ НAНО негіздері
Горманизация Сапақ Ақерке, Горманизация Сапақ Ақерке, 5-сабак «Қараой», 4 тапсырма
6.3.3. Магнитті-сұйықтықты гипертермия

Онкологиялық аурулардың жоғары деңгейі қазіргі замандағы ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Өкінішке орай, қатерлі ісік жасушаларын тиімді «емдеуге» қабілетті дәрілер әлі табылған жоқ. Сондықтан барлық күресу әдістері ісіктер мен метастазаларды химиотерапиямен немесе жасушаларды өлтіретін сәулелендіру әсерімен қатар анықтауға және хирургиялық жоюға байланысты. Бұл шаралар сау ағза үшін де зиян және мұндай әсерлер кезінде сау жасушаларға қарағанда қатерлі ісік жасушалары тез өлетіндіктен ғана қолданылады.

Болашакта хирургиялық қолсұғушылыққа альтернатива ұлпаішілік гипертермия әдісі болуы мүмкін. Оның клиникалық сынақтары жақында Германияда жүргізілді. Бұл әдіс қатерлі ісік жасушаларының зақымдалмаған жасушаға қарағанда төмен температуралық тұрақтылығына негізделген: нанобөлшектер адам ағзасында катерлі ісік жасушаларын «тауып», оларда концентрленеді де, оларды ақуыздар денатурациясын жүзеге асыратын 42 С температурадан жоғары ауыспалы магнитті немесе микротолқынды өрісті қауіпсіз «дозалармен» қыздыру есебінен өлтіреді. Қазіргі кезде мұндай жүйелер ретінде темір оксидтерінің (алтын қабыршығындағы у-Ее,О,, ЕеО,, Есе,О,) немесе металдардың (Ғе/Рі, Ғе/Со, Ал) биоүйлесімді магнитті нанобөлшектерін қолдану мүмкіндігі зерттелуде. Зерттеушілер алдында тұрған негізгі сұрақтар - нанобөлшектердің ісікте концентрленуінің жоғары дәрежесіне қалай жетуге болады және қыздырудың сау ұлпалар мен жасушаларға жанама әсерін қалай азайтуға болады.

Магнитті-сұйықтықты гипертермия әдісінің негізі ісік ұлпасына 187 құрамында ферро- немесе ферримагнетиктің нанодисперсті бөлшектері бар магнитті сұйыктықты енгізу болып табылады (6.10-сурет). Сосын ісік ауыспалы сыртқы магнитті өріс әсеріне ұшырайды, нәтижесінде нанобөлшектер қызып, коршаған ортаны қыздырады. Қыздыру қатерлі ісік жасушаларын өлтіреді және бір мезгілде одан кейінгі сәулелі терапияның тиімділігін арттырады. Бұл әдістің негізгі міндеті, ең алдымен, бас миы ісіктерінің катерлі формаларының терапиясы болып табылады, бірақ мұндай емдеу аурудың алғашқы сатыларында ғана тиімді.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет