Тоқсандық жиынтық бағалаудың



бет6/13
Дата22.10.2023
өлшемі121,66 Kb.
#187407
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
1 ОШ ТС СОЧ Казахский язык и литература Т2 10кл 1-2ч с сокращением учебной нагрузки (1)
лекция 8

Оқылым


Отандық бренд өнімдері экономикамыздың жастығына қарамастан алуан түрлі және қанатын кеңге жайып келеді. Мысалы, жеңіл өнеркәсіпте отандық бренд атағын иеленіп үлгерген компаниялардың бірі «Aida KaumeNOVA» сән үйі қазақстандық fashion- индустрияда жақсы дамып келе жатыр. Қойдың, түйенің таза жүнінен көз тартарлық көйлектер тігетін Ая Бапанидың жұмыстары да шетелде өте жоғары бағаланады. Дизайнердің айтуынша, тауарларының тұтынушыларының басым көпшілігі шетелдік азаматтар екен. «Mimioriki» кәсіпорны – балалар киімінің толық топтамасын тігетін тұңғыш қазақстандық бренд. Бұл компания өнімдерін Ресейге де экспортқа шығарады. Ал «Әдемі-

ай» компаниясы қазақ халқының салт-дәстүрін, тарихын бейнелейтін кәдесыйлардың қайталанбас түрлерін шығарады. Олар шет елдерде өткен көптеген халықаралық көрмелерге қатысып, жүлдегер атанды. Елімізге келген туристер кәдесый ретінде сатып алатындықтан, сұранысы жоғары.
Еліміздің халықаралық нарықтағы беделін арттыруға ықпал ететін отандық брендтерге мемлекет тарапынан қандай қолдаулар жасалады? Кәсіпкерлердің тауарларын экспортқа шығару, өнімдерін көрмелерге ұсынып, халыққа таныстыру, несиелік қаражаттың пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау секілді мемлекеттік бағдарламалар жұмыс жасайды. Мысалы, отандық кәсіпкерлерге «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы пайыздық мөлшерлемесі субсидияланған несие алуға болады. Өкінішке орай, Қазақстанның киім- кешек нарығын әлі де әлемдік брендтер иеленіп отырғаны анық. Себебі қарапайым тұрғындар үшін қазақстандық дизайнерлердің киімдерінің бағасы қолжетімсіз. Ал отандық өнімдерді шығару үшін қажетті шикізаттың шет елдерден тасымалдануы өнім бағасының жоғары болуына әсер етеді.

6-8. Бір негізгі және екі қосымша ақпаратты Ү белгісін қойып белгілеңіз.





Ақпарат

Негізгі

Қосымша

Отандық өнімдерді шығару үшін қажетті шикізаттың шет елдерден тасымалдануы өнім бағасының жоғары болуына әсер етеді







Отандық кәсіпкерлерге «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы пайыздық мөлшерлемесі субсидияланған несие алуға болады







Отандық бренд өнімдері экономикамыздың жастығына қарамастан алуан түрлі және қанатын кеңге жайып келеді.







[3]

9-10. Сөйлемдердің қайсысы факт, қайсысы көзқарас екенін анықтаңыз.




Ақпарат

Факт

Көзқарас

Отандық бренд өнімдері экономикамыздың жастығына қарамастан алуан түрлі және қанатын кеңге жайып келеді







«Mimioriki» кәсіпорны – балалар киімінің толық топтамасын тігетін тұңғыш қазақстандық бренд.







[2]



11. Мәтіннің жанры қандай? мақала

12-14. Жанрлық ерекшелігіне мәтіннен 3 дәлел келтіріңіз.


[1]


1. [1]
2. [1]
3. [1]



  1. Мәтіннің құрылымын анықтаңыз. [1]





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет