Төзімділікке жүгірудегі іріктеу және спорттық бағдарлау негіздері



бет8/9
Дата07.02.2022
өлшемі51,67 Kb.
#87402
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
13 Кенжебек Бауыржан Рахымжанұлы дене қасиеттері ord
91691978, Диплом Арт-терапия, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, рухани жаңғыру фото, БАҒДАРЛАМА 3 курс - копия (1), ИНСТРУКЦИЯ ПО ЗАЩИТЕ ДП В РЕЖИМЕ ДОТ 23.04.202г ЮКГУ, Дадашов Адхам Акажанович Жеңіл атлетиканың түрлері мен дамуы, Дадашов Адхам Акажанович Жеңіл атлетиканың түрлері мен дамуы, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ, ЖЕТКІНШЕК ЖАСТАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ЖАЛПЫ ПСИХ, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, План граф и дневник каз, 2 диплом АНАПИЯ, АНАПИЯ саптық дайындық
Қорытынды


Күрестің әрбір даму сатыларында спортшы ағзаларының оқу-жаттығу жүйесіне бейімделуі әртүрлі жағдайларда болғаны байқалады.
Біріншіден, күрес спорт түріне жататындықтан ол адам ағзасының дене сапаларының жылдамдығын, ептілігін, төзімділігін, күш және иілгіштік қасиеттерінің жетілуіне септігін тигізіп келеді. Жаттығу барысында спортшы үлкен жүктеме алатын, оның септігі функуионалдық мүмкіншілігінің өсуіне, ерік-жігер сапаларын тәрбиелеуге ықпал жасайды.
Екіншіден, спорттық күрестің тактикасы- қарсыласының техникалық, дене-күш жігерлік ерекшеліктерін есепке алып, бар мүмкіншіліктерін шебер пайдалануға мүмкіншілік береді.
Үшіншіден, жаттықтырушылар мен спортшылардың іскерлік қызметі арқасында спорттық күрес тактикасы үздіксіз дамып және байытылып келеді.
Төртіншіден, тактикалық шеберлерін техникалық, дене-күш және жігерлік дайындықпен тығыз байланысты.Балуанның техникалық шеберлігі жоғары және әртүрлі бейнелі болса ол өзінің сүиікті әдістерін орындауға бейімді, шабуылдау үшін жайдарлы сәтті іріктеуге жеңіл және оның шығармашылық мүмкіншілігі кең және тактикасы әртүрлі болады.
Бесіншіден, балуанның тактикалық мүмкіншілігі көбінесе оның дене - күш қабілеттілігімен анықталады. Жылдамдықты, күшті, ептілікті, шыдамдылықты, дамытудың жоғарғы деңгейі- осының барлығы спортшыға әрдайым жеңіске жетуге пайдалы жолдарын қарастырады. Кімнің ептілігі және жылдамдығы жақсы дамыса, күресті тұрақты шиеленістіруге, қарсыласын жиі шабуылдауға, сериялық техника және тактикалық әрекеттерден тұратын, кеңінен бақылаумен пайдалануға мүмкіншілігі болады. қозмалылық мөлшері буынның құрылысы ерекшелігіне, бұлшық ет пен сіңірлердің созылмалық ерекшелігіне байланысты.
Адамдардың буын құрылыстарының ерекшелігі бір- біріне өте ұқсас болып келеді. Баланың буын қозғалысы мүмкіндігі үлкен кісілерге қарағанда жақсы дамыған. Бала кезден бастап жаттығу арқылы буындардың қозғалу амплитудасын үлкейтіп отырса, онда иілгіштік қабілет үлкен жасқа кенлгенде де жақсы сақталады, себебі сүйек басындағы сіңір аумағы көлемді болып өседі. Иілгіштік қабілетті арттыруүшін бұлшық еттерді үнеиі созу арқылы буынның қозғалмалалық мүмкіндігін арттырады. Бұлшық етке созу жаттығуларын бермес бұрын оны қозғалыс жаттығулары арқылы жақсы қыздыру керек, олай болмаған жағдайда,бұлшық еттердің үзіліп немесе жыртылып кету қауіпі туады. Қыздырыну жаттығуын адамнан тер шыққанға дейінжүргізген абзал. Бұлшық еттің созылмалылығын ыстық температура, монша, массаж т.б.арттырады. Бұлшық еттерді созу жаттығуларын жүктемені біртіндеп арттыру арқылы орындатады. Иілгіштің өзіндік және мәжбүрлік екі түрі болады.
Өзіндік иілгіштік, - деп адамның өзінің бұлшық еттер көмегімен буындарының қозғалыс жасау қабілетін айтады.
Мәжбүр иілгіштікке – сыртқы күшті қолдану арқылы қозғалыс аясын ұлғайту жатады.
Өзіндік иілгіштік қабілетті арттыру үшін төменгі әдістемелер қолданылады:
өз бұлшық етінің күшін пайдалану арқылы буындар қозғалысын арттыру үшін жаттығу жасау; буындар қозғаласын арттыру үшін бұлшық ет күімен қатар, қозғалыс инециясын, қозғалыс жылдамдығынқолдану әдістемесі.
Мәжбүр иілгішті арттыру үшін сырттқы күштер қолданылады. Оларға салмақ, қарсылас күші, созылмалы заттарт.б. жатады. Бұл сыртқы күштер әсерін қысқа уақыт аралығында жиі-жиі немесе сирек қолдану арқылы буынның қозғалыс аясын шегіне жеткізезі. Сыртқы күшті сирек, бірақ ұзақ уақыт қолдану адамның бұлшық еттерін созып ауыртатын әсер бергенімен, осы әдістемеиілгіштік қабілетті арттыруға жақсы көмектеседі. Иілгіштік арттыруға арналған жаттығулар неғұрлым жиі-жиі қайталануы тиіс және жаттығуларды сабақтың кіріспе және қорытынды бөлімінде қолданған тиімді болвп келеді.
Арнайы иілгіштік деп, берілген қозғалыс түрін неғұрлым үлкен аяда нәтижелітүрде орындауды айтады. Буындардың үлкен аяда жұмыс істей алу қабілеті көптеген қозғалыс түрлерін меңгеруге мүмкіндік береді.
Балуандар күресінде иілгіштік қабілеттің жақсы болуы көптеген күрделі күрес әдістерін дәл және нәтижелі орындауға септігін тигізеді. Мысалы, аяпен ілу, аяпен көтеріп «өңгеріп» лақтыру, іштен шалу,т.б. әдістердің орындау кезінде дене буындарының, әсіресе, жамбас, аяқ буындарының қозғалмалалық аясының жақсы болуы әдісті нәтижелі орындауға мүмкіндік береді. Егер де балуанның иілгіштігі төмен болса, қарсылас балуан өзінің қозғалыс аясының яғни иілгіштік қабілетінің жақсылығын пайдаланып, әдісті орындатпай қояд, кей жағдайларда қарсы әдіс қолданып кетеді.
Алтыншыдан, балуанның тактикалық мүмкіншілігі техникалық және дене-күш дайындығымен бірге және психологиялық дайындығы әсер етеді. Қорықпайтын және белсенді балуанды толық және тактикалық ойлардың түпнұсқасы, қарсыласына өзінің белдесу жағдайын байланыстыру қабілетімен ажыратылады. Байыптылық, ұстамдылық, қайсарлық, өзін-өзі ұстамдылығы және басқа жігерлік қасиеттері балуанды белдесудің өткір сәттерде өзін табу амалы болады. Тактикалық ойлаудың маңызды ерекшелігі алдын-ала көру болады. Алдын-ала көру – яғни оймен алды болжау, жалпы жарыстың және белдесудің нәтижесі неден тәуелді болатынын көз алдына келтіру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет