Түр, тұлға, logos сөз, ілім дербес сөздердің грамматикалық мағыналарын


Қазақ тілінде аналитикалық тәсілдің



бет20/23
Дата20.02.2023
өлшемі169 Kb.
#169448
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Қазіргі қазақ тілі сабақ жоспарлары
9- мамыр, Терминдер
3. Қазақ тілінде аналитикалық тәсілдің барлық түрлері дерлік кездесіп отырады. Негізгі сөздердің тіркесуі арқылы грамматикалық мағынаның берілуі дегенде, әдетте ол сөздердің сол тұлғаларында бір-бірімен тіркесуі арқылы жеке тұрғандағысынан өзгеше, жаңа грамматикалық мағынаны білдіруін айтамыз. Бұл — әсіресе түбір тұлғадағы зат есімдердің бір-бірімен тіркесіп қолданылуынан анық көрінеді. Әдетте зат есім заттың атын білдіру мағынасымен байланысты қолданылса, енді бір зат есім екінші зат есіммен түбір тұлғада тіркессе, зат атауын білдіруге жат мағынада, қатыстық-сындық мағынада жұмсалады. Мысалы, Мықшима аяғымда былғары етік, Киіз байпақ тоңдырмас ызғар өтіп (Абай). Тоқпағы мықты болса, киіз қазық жерге кірер (Мақал). Бір-бір киіз үй әкелгенде, бәрінен Итбайдың үйі ұнамды боп шыққан (С.Мұқанов).Бұл сөйлемдердегі былғары, киіз сөздері заттық мағынада емес, етіктің, байпақтың, қазықтың, үйдің қатыстық-сындық сипаты мәнінде яғни осы соңғы заттардың неден жасалғанын білдіру мәнінде қолданылған. Зат атауын білдіретін сөздердің бұндай әдеттен тыс ерекше грамматикалық мағыналары ол сөздердің заттық мағынаны білдіретін екінші сөзбен тікелей тіркесінен пайда болған. Сол сияқты қол сағат, қалта сағат, қабырға сағат, алтын сағат, жібек орамал, тас үй, тас жол, киіз үй, кірпіш үй, ағаш үй, оқушы бала, т.б. тәрізді тіркестердің бірінші зат есім сыңары зат есімге тән емес қатыстық-сындық мәнді білдіріп, қандай? деген сұраққа жауап береді. Сөз жоқ, бұл жерде сөздердің орын тәртібі де белгілі дәрежеде рөл атқарып тұрғанын естен шығаруға болмайды.
Негізгі (толық мағыналы) сөз бен көмекші сөздің тіркесуі арқылы да грамматикалық мағынаның берілуі қазақ тілінен үлкен орын алады. Негізгі сөздерге септеулік шылаулар тіркесу арқылы мақсат, себеп, арнау, мекендік, мезгілдік, саралау, ұқсату, жәрдемдік, көмектік, мөлшерлік сияқты мағыналар үстеледі. Мысалы, Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, Жоқ – барды, ертегіні термек үшін деген сөйлемдегі үшін шылауы өзі тіркескен ермек, термек сөздеріне мақсат мәнін үстеген. Ал демеулік шылаулар өзі тіркескен сөзге я түгел сөйлемге әр түрлі күшейткіш, сұрау, болжам, шектілік тәрізді мән үстейді. Ашаршылық жоқ па? Ақ жағы қалай? Сауыны тәуір ер бар ма? Осының бәрін қадағалап сұрайды. (М.Әуезов). – Шұғаның белгісін сіз білмейтін шығарсыз-ау! – деді. (Б.Майлин).Сондай-ақ көмекші етістіктердің өздері қатысты негізгі сөздерге (етістікке не есім сөздерге) үстейтін грамматикалық мағыналары сан алуан. Мысалы, тек қана оқып сөзіне тіркескен мына көмекші етістіктердің үстейтін грамматикалық мағыналары қаншама: оқып отырды, оқып жүрді, оқып тұрды, оқып болды, оқып шықты, оқып қалды, оқып қойды, оқып көрді, т.б. немесе сапалық сын есімдерге күшейткіш үстеулердің препозитивтік тұрғыда тіркесіп қолданылуы да жаңа грамматикалық мағына үстеудің бір жолы.
Сөздердің қосарлануы арқылы жалпылық, көптік, сөздердің қайталануы арқылы көптік, дүркінділік, сындық мәндегі сөздерге үстеме буын арқылы күшейткіш мағыналар үстеу де грамматикалық мағына білдірудің белгілі бір жолы болып табылады. Мысалы, аяқ-табақ, үлкен-кіші, кәрі-жас дегендер жаңа туынды (сөз) болумен қатар, жалпылық мән сияқты грамматикалық мағына да білдіріп тұр, ал қора-қора қой, тау-тау ас-тық, көре-көре, сөйлей-сөйлей дегендегі қайталама қос сөздер көптік, дүркінділік ұғымды білдіреді, қып-қызыл, жап-жақсы, үп-үлкен, дегендегі үстеме буындар (қып, жап, уп) күшейткіш мәнді білдіреді.

Дәріс тақырыбы: Сөзжасам- тіл білімінің жеке бір саласы.


Сөзжасам тіл білімінің жеке, дербес саласы, оның өзіндік зерттеу объектісі бар. Бұл саланың объектісіне сөз жасаушы тэсілдер, сөз жасаушы тілдік нұсқалар сөзжасамдық типтер мен тізбектер, сөздердің жасалу үлгілері, туынды сөздер, олардың түрлері, сөзжасамдық заңдылықтар мен мағына, сөзжасамның сөз таптарына қатысы сияқты күрделі — күрделі мэселелер жатады. Басқаша айтқанда сөзжасам тілдегі сөзжасау процесімен байланысты барлық қүбылыстар мен заңдылықтарды зерттейді.
Қазақ тілінің қазіргі кезде эбден қалыптасқан өте күрделі сөзжасам жүйесі бар. Бұл тілдің дамуымен бірге дами отыра, талай даму сатыларынан өтіп, эбден толығып, күрделеніп, екшеліп, қырналып қазіргі өте жүйелі дэрежеге жеткен. Басқаша айтқанда, тіліміздің эбден қалыптасқан, орныққан, күрделі, өте жүйелі сөзжасамы — үзақ уақыттағы дамудың нэтижесі. Қай тілде де сөзжасам ертеден келе жатқан тілдік қүбылысқа жататыны белгілі. Түркі тілдерінің ең көне жазба ескерткіштерінің тілі бүл мэселеге толық куэ бола алады. Көне жазба ескерткіштер тілінде негізгі түбір сөздер-мен қатар туынды сөздер болғаны белгілі. Олар: туынды түбір, күрделі сөз, бір сөздің бірнеше мағынада қолданылуы түрінде кездеседі. Басқаша айт-қанда, көне жазба ескерткіштер тілінде жаңа сөз жүрнақтар арқылы (тір-іг, біл-іг, ур-уш, иел-ме, өт-унч), сөздердің тіркесуі арқылы жасалды (күнтүз, Темірцапыг, Қара ңүм, Ілте-ріс, арцыш-тіркіш, секіз он, йеті йуз), сол сияқ-ты бір сөздің бірнеше мағынада қолданылуы да сөзжасам жүйесіне жатады: (қат, 1) қабат, қатар, 2) жеміс, 3) жануардың аты, 4) қату, 5) араластыру). Келтірілген мысалдар көне түркі тілінде сөзжасамның синтетикалык, аналитикалық, семантикалық тэсілдері болғанын анық көрсетіп түр. Ғ. Айдаров жазба ескерткіштер тілінде сөзжасам тәсілдерінің түрлілігін, оның тілдің даму тарихында біртіндеп қалыптасқанын айтады.1 Көне түрік тілі қазіргі түркі тілдерінің алғашқы түп негізі екеніне сүйенсек, онда көне түрік тілінің сөз жасалымы қазақ тіліне де жат емес. Ғ. Айдаров өзінің еңбектерінде көне жазба ескерткіштер тілінде сөз тудырудың қазіргі тірі түлғаларының бірсыпырасы барын және өлі түлғалардың кездесетінін де айтады. Бүдан тілдің сөзжасам жүйесі көне күбылыстарға жататыны анық байқалады. Өйткені сөз жасаушы элементтер, — сөз жасаудың тәсілдері, модельдері күнде қүбылатын, күнде жаңаратын қүбылыстар емес. Алайда бүл жүйе тілдің даму процесінен де тыс қала алмайтыны жоғарыда айтылған. Сондықтан сөз тудырым жүйесінде де өзгеріс болады, бірақ ол өте баяу болады және ол көбіне тілде бар модельдердің белгілі бір кезеңде активтенуі, не пассивтенуі, мағынасының кеңеюі, кейбір типтердің қолданудан шығуы сияқты өзгерістер ретінде болады.
Сөзжасамдық тізбек
Негіз сөздің өзі басқа сөзбен салыстырғанда негізді сөз бола береді. Мысалы, жиын деген сөз жина сөзіне негіз сөз болады, ал жи деген сөзбен салыстырғанда, ол негізді сөз.
Мүндай сөздер сөзжасамдық тізбекте кездеседі. Мысалы: біл —> білім —> білімді —> білімділік, жи —> жиыр —> жирыл > жирылгыш —> жиырылгыштыц, өн —> өнім —> өнімді —> өнімділік, бос -> боса —> босац —> босацдьщ > босацдат —» босацдаткыз, ен -> енші —> еншілес —> еншілестік, кіш —> кішір —> кішірей —> кішірейт —> кішірейткіш, сүй —> сүйін —> сүйініш —> сүйінішсіз —> сүйінішсіздік т.т.
Сөзжасамдық тізбектің әр буынынан эрі қарай тағы да басқа тізбектер жасалуы тілде жиі кездеседі. Жоғарыда келтірілген біл етістігінен тараған сөзжасамдық тізбектің екінші буынынан эрі қарай басқа тізбектер өрби береді. Мысалы: біл —> білім —> білімпаз —> білімпаздан, біл —> білім —> білімдар —> білімдарлыц. Бұдан сөзжасамдық тізбектің бірнеше тармақты болып келетінін көреміз. Ондай тармақтар екінші, үшінші буындардан басталады.
Сөзжасамдық эр тізбек негіз сөзден басталып, негізді сөзбен аяқталады. Сөзжасамдық тізбекте негізсіз сөз жэне негіз емес сөз біреу, қалғандары негізді сөздер болады. Тізбектің алгашқы мүшесінен бастап, ең соңғы мүшеге дейінгілердің бәрі өзінен кейінгі сөзге негіз болады. Мысалы, біл —> білім —> білімсіз —> білімсіздік деген сөзжасамдық бір ғана қатарды алсақ, онда біл-білімніц, білім- білімсіздіц, білімсіз — білімсіздіктіц негізі. Ал осы қатардағы негізді сөздер — білім, білімсіз, білімсіздік. Сөйтіп, келтірілген сөзжасамдық қатарда төрт сөз бар, бірақ негіз сөз де үшеу, негізді сөз де үшеу ғана. Әр қатардың бірінші мүшеден бастап, соңғы мүшеге дейінгі сөздер негіз сөз бо-лады, екінші мүшеден бастап, қалған мүшелердің бэрі негізді сөзге жатады.
Сөзжасамдық бір тізбектегі бірінші жэне соңғы мүшеден басқалардың бэрі эрі негіз, әрі негізді мүше қызметін атқарады. Мүнда бір негізсіз мүше бар, ол — біл, негіз емес бір мүше бар, ол — білімсіздік.
Қазақ тілінде әр сөзжасамдық тізбекте 3 сөзден бастап, бес, кейде алты сөзге жетуі мүмкін. Бірақ тізбекте 6 сөз өте сирек кездеседі, 3 сөзден түратын сөзжасамдық тізбек өте жиі кездеседі. Оның есесіне бір түбірден бірнеше сөзжасамдық тізбектің жасалуы тілдегі өте жиі кездесетін қүбылысқа жатады.
Жоғарыда келтірілген таблицадан бір ғана біл етістігінің өзі 13 сөз-жасамдық тізбек бергенін көріп отырмыз. Әр тізбекте 4-5 сөзден жасалғанын ескерсек, оның қанша сөздің жасалуына негіз болғанын аңғару оңай. Бұл қазақ тіліндегі негізгі түбір сөздердің сөзжасамдық күшті қабілетін және тіліміздің лексикалық байлығын арттырудағы қызметін көрсете алады. Өйткені мұндай жағдай — негізгі түбір сөздерге ортақ құбылыс. Басқа негізгі түбір сөздер де осындай талай сөздердің жасалуына негіз болған. Оған мысалды көптеп келтіруге болады. Мысалы: ек —> егін егінші —> егіншілік ->


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет