Түр, тұлға, logos сөз, ілім дербес сөздердің грамматикалық мағыналарын



бет21/23
Дата20.02.2023
өлшемі169 Kb.
#169448
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Қазіргі қазақ тілі сабақ жоспарлары
9- мамыр, Терминдер
егіншШксіз, бүр —> бүрке —> бүркеме —> бүркемеле —> буркемелет —> бүркемелеттір, ор —> орын —>. дыц —> сыз, өр — ім —> өрімде —> өрімдет —> өрімдеткіз, бір —> бірік —> біріктір —> біріктіргіз, ой —> ойла—> ойлат—> ойлатцыз, бас —> баскар -> баскарма —> баскармагиылыц, бат —> батым —> батымды —> батымдылыц, өн —> өнім —> өнімді -> өнімділікт.б.
Мұнда бір түбірден тараған бір ғана сөзжасамдық тізбекке мысал келтірілді. Осы түбірлерден тек келтірілген сөзжасамдық тізбек қана жасалып қоймайды, олардан тағы да басқа толып жатқан тізбектер жасалған. Тек бас деген түбірден жасалған сөзжасамдық тізбектердің саны біл сөзінен жасалған тізбектерден көп.
Қазақ тіліндегі негізгі түбір сөздердің тілге берген сөзжасамдық тізбектеріне қарап, олардың тілді байытудағы қызметі ерекше екенін толық бағалауға болады, Сөйтіп, бір түбірден тараған бірінен-бірі тікелей туындайтын, біріне-бірі негіз болатын негізді сөздердің тобы сөзжасамдық тізбек деп аталады. Бір сөзжасамдық тізбектегі сөздің саны ең кемі үш сөзден түру керек.
Қорыта келгенде, тілдің сөзжасам жүйесі көне замандардан бері қарай үнемі дамып, күрделеніп, қазір эбден қалыптасқан, бірақ ол даму тоқталады деген сөз емес. Тілдің сөзжасам жүйесі бірден өзгеріп кетпейтін қүбылыс болғандықтан, оны біршама түрақты деп санағанмен, ондагы болып отырган үздіксіз даму, сандық өзгеріс ретіндегі жылжымалылық оның эр саласының қызметі эр дәуірде қүбылып түратынын жоғарыда анық байқалды.


Дәріс тақырыбы: Сөздердің тұлғалық ерекшеліктері.
Тіліміздегі сөздер морфологиялық құрамы жағынан біркелкі емес. Сөздрдің ішінде жалаң сөздер де, жұрнақ арқылы жасалған, біріккен, тіркескен, қысқарған сөздер де кездеседі. Қазақ тіліндегі сөздер тұлғасына қарай негізгі екі топқа бөлінеді:
1. Дара сөздер (Жалаң сөздер) деп құрамында бір ғана негізгі түбірі бар сөздерді айтамыз. Дара сөздер өз ішінен екіге бөлінеді: а) Түбір сөздер; ә) Туынды сөздер.
Түбір сөздер деп сөздің өз алдына тұрып мағына бере алатын, әрі қарай бөлшектеуге келмейтін түпкі мағыналы бөлшегі. Мәселен, тау, тас, ауа, жер т.б. Бір түбірден туған, осындай туынды сөздер, әдетте, түбірлес сөздер деп аталады. Мысалы, біл, білгіш, білім, білдір, білімпаз т.б. Бірақ тіліміздегі сөздердің бәрі бірдей, жоғарыдағыдай, түбірге және қосымша бөлшектерге оп-оңай, мүшелене бермейді. Олардың ішінде, туынды сөздердің мағынасына ұйтқы болғанымен, формасы жағынан дербес сөз ретінде қолданылмайтын түбірлер де кездеседі. М: момын, момақан, шалқақ, шалқасынан деген сөздердің негізгі түбірлері мом, шалқ түбірлері – көнегрген морфемалар. Грамматикада мұндай түбірлер өлі түбірлер я көнерген негіздер деп аталады. Сонымен, түбір деп, әрі қарай бөлшектеуге келмейтін, морфемаларға мүшеленбейтін, нақтылы бір зат я құбылыс жайындағы немесе әрекет жайындағы ұғымды білдіретін белгілі бір дыбысты я дыбыстық құрамды айтамыз.
Туынды сөз деп, әдетте, морфемаларға бөлшектенетін туынды негіздерді айтамыз. Туынды сөздер жұрнақтар арқылы негізгі түбірлерден өрбіген сөздерді айтамыз. Осы себептен туынды сөздерді туынды түбірлер деп те атайды. М: білім, ұйымдастырушы т.б.
2. Күрделі сөздер деп кемінде екі я онан көп дара сөзден (жалаң я туынды түбірлерден) құралып, ритм ырғақ жағынан бір ұдай, лексика-семантикалық жағынан біртұтас, лексика-грамматикалық жағынан бір бүтін тұлға болып бірлесіп тұрақталған құрама сөзді (я сөз тіркесін) айтамыз. Мысалы, бүгін, ағайын, ал қара көк, жан қию т.б.
Күрделі сөздердің 4 түрі бар:
а) Біріккен сөздер деп компоненттері мағына жағынан да, форма жағынан да елеулі өзгерістерге ұшырамай-ақ, өзара бірігіп, жинақталған бір тұтас лексика-семантикалық мағына білдіретін күрделі сөзді айтамыз. Мысалы: қарақат, білезік, ағайын, қолғанат т.б.
ә) Қос сөздердің құрамындардағы компоненттер я бір сөздің өзінің ешқандай өзгеріссіз қайталануынан, я оның бір сыңарының, не бір буынының, не бір бір дыбысының өзгеріліп жамалуынан құралады немесе морфологиялық жағынан бір тектес с синоним, я антоним сөздерден салаласып құралады.
Қос сөздер өз ішінен екіге бөлінеді: а) Қайталама қос сөздер бір сөздің я қосымшасыз, я қосымшалы түрінің екі рет қайталануы арқылы, я сол сөздің не бір (я бірнеше) дыбысының немесе бір буынының өзгеріп қайталануы арқылы жасалады. М: қора-қора, мая-мая, өзді-өзі т.б.
Қосарлама қос сөздер лексикалық мағынасы басқа-басқа екі түрлі сөзден құралады. Мысалы: ата-ана, үлкен-кіші, ертелі-кешті т.б.
Қысқарған сөздер (аббревиатура) күрделі мекеме, мемлекет атауын қысқартып қолдану негізінде пайда болған күрделі сөздер.
Тіркескен сөздер дегеніміз екі немесе одан да көп түбірлердің тіркесіп келіп бір ұғым беруі. Мысалы: бөлім меңгерушісі, Көкшетау қаласы, қызыл ала т.б.
Сөзжасам сөз және оның формаларын тексереді. Сөз формасына сөздің негізгі және туынды түбірі, біріккен, қосарланған, қысқарған сөздер, әртүрлі қосымшалар: сөз тудыратын, сөзге қосымша мағына беретін, сөз бен сөзді байланыстыратын түрлері енеді.
Морфология сөзді топтарға бөліп, олардың әрқайсысына тән грамматикалық формаларын анықтайды. Әр сөз табына тән категориялардың ерекшелігін қарастырады.
Сөз түбір мен қосымша сияқты түрлі бөлшектерден тұрады. Сөздің бастапқы мағына беретін ең түпкі бөлшегі түбір деп аталады. Мысалы, жақсы, ғылым, адам, дәптер, тау, өзен, тіле, көр, тап, парасат, т.б. Түбірге жалғанған бөлшек қосымша деп аталады. Мысалы, жақсы+лық, ғылым+ды, адам+дық, дәптер+ге, тау+лар, өзен+де, тілек+тес, табыс+ты, парасат+ты+лық, адам+гершілік, ана+сы+мен, т.б. Қосымша жалғанған сөз қосымшалы сөз деп аталады. Қосымшаның екі түрі бар:
1) жұрнақ;
2) жалғау.
Жұрнақ өзі жалғанған сөздің мағынасын өзгертіп, жаңа сөз тудырады және өзі жалғанған сөздің рең мәнін түрлендіреді.
Жұрнақ екіге бөлінеді: 1) сөз тудырушы жұрнақтар; 2) сөз түрлендіруші жұрнақтар.
Сөз тудырушы жұрнақ өзі жалғанған сөздің мағынасын өзгертіп, жаңа сөз тудырады. Мысалы, ақыл + ды + лық, көр + еген + ді + лік, әдіс + кер + лік, талғам + паз + дық, сүз + еген, шаш + ыра + ңқы, би + ші, қобыз + шы, құм + айт, шөл + ейт, т.б.
Сөз түрлендіруші жұрнақ өзі жалғанған сөздің рең мәнін ғана түрлендіреді, негізгі мағынасын өзгертпейді, яғни негізгі мәннен ауытқымайды. Мысалы, жапырақ + ша, көл + шік, қора + шық, апа + тай, ата + й, сар + ғыш, қыз + ғылтым, ағ(а) + еке, т.б.
Сөз тұлғасына қарай екіге бөлінеді: 1) негізгі сөз; 2) туынды сөз.
Негізгі сөз – ары қарай бөлшектеуге келмейтін түбір тұлғадағы сөз.
Мысалы, жұлдыз, жең, оқы, сегіз, шапшаң, орын, ыдыс, т.б.
Туынды сөз – жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөз. Мысалы, жұлдыз+шы, жеңіл+дік, оқы+мысты, бой+шаң, бүгжең+де, құрау+ла, еңбек+тен, сабыр+лы, дін+дар, арба+кеш, кітап+хана+шы, т.б. Туынды сөз әртүрлі сөз табына сөз тудырушы жұрнақ жалғану арқылы жасалады.

Түбірден кейін тұрып, жаңа сөз тудыратын қосымшаны жұрнақ дейміз. Жұрнақтың екі түрі бар: 1) сөз тудырушы жұрнақтар; 2) сөз түрлендіруші жұрнақтар.


Өзі жалғанған сөзге жаңа лексикалық мағына тудыратын жұрнақ сөз тудырушы жұрнақ деп аталады. Мысалы: ән-ші, заман-дас, етік-ші, ерін-шек.
Өзі жалғанған сөзге (түбірге) сәл де болса жаңа мағына үстейтін, бірақ негізгі лексикалық мағынаны өзгертпейтін жұрнақ сөз түрлендіруші деп аталады. Мысалы: үй-шік, кітап-ша, қызыл-дау, сұр-ғұлт.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет