«Әуезов жолдас бүгінгі өзінің мағыналы сөзінде өзінің шығармашылық жұмысы туралы ештеңе айтпағаны өкінішті.
М.Әуезов: Үлгермедім.
Н.Н.Поспелов: Өкінішті, Әуезов жолдас. Сіздің еңбектеріңізді біз бағалап келеміз, алдағы уақытта да бағалайтын боламыз. Сіздің еңбектеріңіз сондай салмақты, сонымен қатар өкінішті жері де бар. Мен сіздің шығармаңызды орыс тілінде оқыдым, Мәскеудегі біраз адамдармен де кеңестім, олардың көпшілігіне жақсы әсер қалдырыпты. Өкініштісі, сіздің кейіпкерлеріңіз өзіне қарама-қайшы әсер қалдырады екен. Жұмысыңызды одан әрі жалғастырыңыз, жаңа көзқараспен қараңыз, мүмкін кейбір жерлерін қайта қарарсыз... Әуезовтің сөзіне келетін болсақ, оған үлкен талабымыз бар. Әуезов жолдастың қазіргі әдеби тақырыпқа қалам тартпауын қостауға болмайды. Сіз үлгі көрсетпегенде кім көрсетеді?
Достарыңызбен бөлісу: |