Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»



бет125/271
Дата22.12.2021
өлшемі10,61 Mb.
#440
түріБағдарламасы
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   271
«Мұхтар!

«Абайдың» екінші бөлімін уәде еткен күндерде-ақ оқып шығып, ойымды түйіп едім. Дәл сол кезде тынышыңды алмайын деп, жібермедім. Енді отыра береміз бе, іс керек қой, жіберіп отырмын, оқып шық та ойлана бер. Бір оқып шыққан кісі мен жазып шыққан кісінің өз сезінуі қабыса қоймайтыны белгілі де, заңды ғой. Өзім келіп нені теріс, нені дұрыс көрдің, біліп қайтармын.

Дәл қазір келгелі жатыр еді, бірге кітап жазатын Қайнекей, Қалижандар сүйреп әкетті.

Ғабит. 25/ІІІ

2 Мұхтар

«Абайдың» ІІ-кітабы туралы мен әзірше мынадай қорытындыға келдім: Абайдың қоғамдық көзқарастарының кеңейіп, тереңдеу көрсетіліпті. Романның бұл бөлімі жаңа тыңды көтереді екен. Ал ел тұрмысы мен ел қарым-қатынастарын көрсетуде І-бөлімнің ізімен келе жатқандай. Жаңадан қосылған қоғамдық, елдік өзгешеліктері аздау сияқты. Тұтас алғанда романның бұл бөлімі де көркем, мағыналы, ойлы.

Романның бұл жақтарын қазір айтып жатудың керегі болмас деп, оқушының байқаған кем-кетіктеріне келсек, мыналарды айтқым келеді:

І.Романның ең басында Құнанбайдың қошаметі әлі басымдау екен. Зорлықшыл, озбыр, айналасын түгел жайпаған Құнанбайдың бар қылығы ешбір өтеусіз, бір жола кешілетіндей. Ол (Мекеге) аттаннарда жиналған үлкен топтың Құнанбай аруағына қошамет көрсетуден басқа, түк мінеу-сынау, кекесін дегендері жоқ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   271




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет