ашық-машық (топса), Лексикалық диалектизм өз ішінен бірнешеге бөлінеді:
Нағыз лексикалық диалектизм әдеби варианттарымен мағыналас, бірақ дыбысталуы басқаша сөздер: әдеби сірінке — кәуірт, кеуірт, оттық, шақпақ түрінде айтылады. Лексика-семантикалық диалектизм олардың ерекшелігі дыбысталуында емес, мағынасында: әдеби тәртіп — нұсқау, әд. сым — шалбар мәнінде айтылады.
Этнографиялық диалектизм белгілі бір жерге тән тұрмыс-салттық мәні барзаттар мен құбылыстарды білдіреді: жозы аласа дөңгелек үстел, әттік — қармақтың тілі, алақшын — пеш алдына шоқжаятын орын. Диалектизм көркем шығармаларда кейіпкерлер сөзінде қолданылып, шығарманын тілдік бояуын арттыру үшін қызмет етеді.