Тїсіндірме жазба



бет10/98
Дата29.04.2020
өлшемі451,5 Kb.
#65107
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   98
Байланысты:
00017541-5e1aff67

Па польки

Жаттығу. Музыкалық өлшем-2/4. Музыкалық жетектеу – «полька», жылдамдық-модерато (бір қарқынмен, асықпай). Бастапқы қалып-аяқтар III позицияда. Қыздар етектерін ұстап, білезік сызығын бүкпестен шынтақтарын дөңгелентіп көрсетіледі немесе жағдайды дайындық және II позиция аралығында бекітеді.Балалар қолдарын белдеріне ұстайды.

«Және» затактісінде demi-plie орындалады және сол аяқпен секіріп түседі. Бір мезетте тізесінде, алқымында және башпайларында созылған оң аяқ алға (тірек аяғына қарсы) 300-қа көтеріліп, дене тұрқы басты сәл ғана оң жақ иыққа бұрумен оңға қарай қисаяды;

«Бір» дегенде аяқ жарты башпайға қойылып,

«Және» дегенде сол аяқ оң аяққа артқы жағынан тақала тартылып (міндетті түрде айналымда);

«Екі» дегенде – оңға қарай оң аяқпен шағын қадам жасалып, жартылай башпайға қойылады.Осы сәтте бір мезетте сол аяқ сәл ғана тізеден бүгіліп, оң (толарсақтан) тобықтан төмен тартылып жақындайды. «Және» деген сөзге оң аяқпен сәл ғана секіріп түсіп, сол аяқ алға қарай созылып, қозғалысты бастайды.

Па польки қозғалыстарының сипаты көңіл-күй және қозғалыс бойынша балаларға жақын тұрады. Дегенмен де бұл қозғалыстың өзіндік күрделі құрылымы бар: ол бір мезетте жұмыс істеп тұрған аяқты көтеріп және қайтадан еденге басумен жартылай башпайға секіріп түсуді біріктіреді, сондықтан да оны оқу жылының екінші жартысында үйренеді.

Классикалық би

7-8 жастағы балалар оқу жылының екінші жартысынан бастап классикалық бидің әліппесін оқып үйренеді. Екінші оқу жылының соңында олар станок жанында элементарлық (қарапайым) классикалық экзерсисті (жаттығуларды) меңгереді.

Ең бастысы, балалар классикалық би мектебін меңгерген кезде, олар өзіндік сезім қасиеттерін жоғалтпаулары тиіс. Бұл үшін жаттығуларды балалардың би тәжірибесімен байланыстыру қажет (қолдардың қозғалыстары, шағын секірулер, бейнелі қимылдар). Классикалық би мектебі айналымдылық элемент міндетті шарт болып саналатын аяқтардың позициялары мен қалыптарын оқып-үйренуден басталады. Айналымдылық дененің бүйірлік теңесулердің тепе-теңдігін қамтамасыз етеді, қозғалысқа кеңдік және ауытқу шегін береді, аяқтардың әсем сызықтарын көрсетеді.

Дейтұрғанмен, бұндай маңызды дағдыға қол жеткізу әсте жеңіл емес. Балалардың әсем және сауатты билеп шығулары үшін жетекшіге біраз тер төгуге тура келеді. Көп нәрсе аяқтар мен дене тұрқын қалай қоюға байланысты болады. Аяқтардың едендегі жағдайларымен ауада қалай ұстау керектігіне қол жеткізу үшін жамбастың, тізелердің және табандардың бұлшық еттеріне біраз күш түсіру қажет. Табандар бұруға тез ыңғайланады, сондықтан айналымдылықты саннан бастап тізе буындарына дейін күшейте отырып табандарды біршама еркін ұстау керек. Табанды айналымды жағдайда ұстау үшін аяқты жамбас-сан буынында белсенді түрде бұру арқылы қол жеткізуге болады. Кейбір тәжірибесіз жетекшілер өздері күткен нәтижеге қол жеткізу үшін сабақтың басында оқушылардан бірінші позицияның айналымдылығын талап етеді.Көптеген балаларда буындарының жұмсақ және серпімділігінің арқасында табандары айналымдылыққа тез бейімделеді. Бірақ аяқтың, санның, тізенің толық айналымдылығы туралы айтуға болмайды, сондықтан да осы тұрғыдан алғанда үнемі қателік пайда болады- аяқтар қалақ тәрізді жағдайда болады (тізелер мен сандардың айналымсыз кезіндегі табандардың айналымдылығы).

Классикалық биде би келбетінің қалыптасуына үнемі мән беріледі, әсіресе ол төменгі сыныптардағы оқушылар үшін, өйткені осы жаста қозғалыс тәжірибесінің негіздері қаланады.

Арқаның бүгілуін жою үшін образдық-ойындық әдісті қолдануға болады. Мысалы, жетекші балаларға мынаны ұсынады: «өте тар қуыстан бүйіріңмен өтуге тырыс» немесе «сенің денеңнің алдынан да артынан да екі тақтайдың арасында тұрғандай сезінуге тырыс» ж.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет