Учебно-методический комплекс по дисциплине Педагогтардың психологиялық және әлеуметтік-педагогикалық сүйемелдеуін басқару


Қоғам дамуына байланысты мұғалімге қойылатын талаптардын өзгеруі



бет44/80
Дата07.02.2022
өлшемі221,48 Kb.
#85432
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   80
Байланысты:
354210317850 ШҚМУ Е Ү 024

Қоғам дамуына байланысты мұғалімге қойылатын талаптардын өзгеруі. Мұғалім профессиограммасы. Адамзат тарихында мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық, мәдени жағдайларына байланысты өзгеріп отырған.
Ұстаз тұлғасына, тәрбиешілерге, тәлімгерлерге қойылатын талаптар тіпті Ежелгі Греция, Ежелті Мысыр, Ежелгі Рим философтары Демокрит, Аристотель, Сократ, Марк Фабий Квинтилиан т.б. еңбектері мен идеяларында көрініс табады.
Мұғалімдердің моральдық-психологиялық, этикалық сапалары туралы ойлар шығыс философы Әбу Насыр әл-Фараби еңбектеріндегі айырықша көңіл аударылған мәселелердің бірі болған. Ол мұғалім бойында шыншылдык, шәкірттеріне де, өзіне де талап қоя алушылык, ықыластылық, қаталдық, күш-жігер және педагогикалық такт сияқты қаситеттердің сақталуын қажет деп санаған. Әл-Фараби ұстаздың мінез-кұлық нормасы қаңдай болуы жайлы былай деп жазады: «..ол тым қатал да болмауга тиіс, тым ырыққа да жығыла бермеуі керек, өйткені тым қаталдық шәкіртті өзінің ұстазына қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру - ұстаздық қадірін кетіреді. Оның берген сабағы мен ғылымға шәкірті селқос қарайтын болады».
Педагогика ғылымының негізін қалаушы Я.А.Коменский (XVII ғ.) мұғалімдерге «ең тамаша міндет жүктелген, күн астында одан жоғары тұрған еш нәрсе жоқ» - дей отырып балаларды оқыту-тәрбиелеу барысында мұғалімдерден табиғатқа сәйкестілік және дидактикалық принциптердің орындалуын талап еткен.
Жалпылап қарастырғанда қазіргі кезде мұғалім профессиограммасын құруда үлкен тәжірибе жинақталған. Мұғалім тұлғасына қойылатын талаптарды үш үлкен кешенге бөліп қарастыруға болады:
- жалпы адамзаттық қасиеттері;
- кәсіби-педагогикалық касиетгері;
- арнайы пән бойынша білім, білік, дағдылары.
Қазіргі таңда заман талабына қарай мұғалімдік қызметтегі адамдарға талаптар да күшейе түсті. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында (2007 ж.) педагогтардың негізгі құқықтары мен міндеттері анықталған. Аталған занның 7 тарауының 50-51 баптарында педагог қызметкердің мәртебесі анықталып, олардың кәсіптік шеберлігіне, оқушыларға сапалы білім мен тәрбие бере алуларына байланысты жауапкершіліктері мен міндеттері қарастырылған.
Кәсіби құзыреттілік. Қазіргі таңда әрбір адам өзінің қызығушылықтарына, қабілеіттілігіне байланысты бір мамандықты немесе кәсіпті тандауын анықтауы кажет. Бір мамандықты игеру үшін адам арнайы жоғары оқу орындарына түсіп өзін-өзі іске асыруға тырысады. Мамандықты терең меңгеруге байланысты кәсіби құзыреттік ұғымы орын алады.
Қазіргі білім берудегі негізгі нормативті құжаттардың басым көпшілігінде «кұзіреттілік» ұғымы негізгі түйін сөздер қатарында карастырылып келеді. Алдымен «құзіреттілік» ұғымының этимологиясына тоқталатын болсақ, ол латын тілінің «соmpetе» деген сөзінен аударғанда «білу», «істей алу», «қол жеткізу» деген мағынаны білдіреді.
Педагогикалық тсрминологиялық сөздікте құзіреттілік ұғымы екі тұрғыдан сипатталған:
1) нақты білімдері мен дағдылары арқылы кейбір міндеттерді шешуге ат салыса алатын немесе мәселені өз бетінше шеше алатын жеке тұлға мүмкіншіліктері;
2) танымдық және тәжірибелік іс-әрекеттердің теориялық тәсілдерін меңгеру дәрежесімен анықталған жеке тұлғаның білімділік деңгейі
Тек білімді болу адам үшін жеткіліксіз, адам бір мамандықтың иесі болып, құзырлы маман болуға тырысуы керек және сол өзі меңгерген мамандығы арқылы өзінің тұлғалық әлеуетін жан-жақты іске асыра алады.
Әрине, кейбір адамдар өздерінің қабілеттерін бірнеше салада (ғылымда, мәдениетте, өнерде) көрсете алулары мүмкін. Бұндай жағдайда кәсіби құзіреттілікпен қатар жеке тұлғаның түрлі салаларда табысты іс-әрекет жасай алатын дарындылығы байқалады.
«Кәсіби құзіреттілік» ұғымы ең бірінші жеке тұлғаның кәсіби білімінің деңгейімен, жеке қабілеттерімен, өзін-өзі жетілдіру және үздіксіз іскерлігімен, өз ісіне деген шығармашылығымен, жауапкершілігімен, теориялық білімдерін практикада тиімді қолдана алуымен анықталады.
31 желтоқсанда Мемлекет басшысы "Педагог мәртебесі туралы" заң жобасына қол қойды. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 2020 жылы "Педагог мәртебесі туралы" заңды іске асыру кезеңіне көшу басталатынын мәлімдеді. Жалпы заң 21 баптан тұрады және жарты миллионнан аса ұстаздың жұмысына қатысты. Tengrinews.kz тілшісі "Педагог мәртебесі туралы" заң жобасының жаңашылдықтарына тоқталды. 
Педагог мәртебесін айқындайтын Заң негізі төрт бағытты қамтиды:
Реклама 12
Бірінші, ұстаздардың құқықтарын кеңейту және өзіне тән емес жұмыстан босату, жүктемесін азайту;
Екінші, мұғалімнің қызметіне қойылатын талаптарды күшейту;
Үшінші, материалды емес стимул тетіктері;
Төртінші, материалдық ыңталандыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет