Учебно-методический комплекс по дисциплине Педагогтардың психологиялық және әлеуметтік-педагогикалық сүйемелдеуін басқару


ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ- СҮЙЕМЕЛДЕУ ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУДЕН КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР



бет42/80
Дата07.02.2022
өлшемі221,48 Kb.
#85432
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   80
Байланысты:
354210317850 ШҚМУ Е Ү 024

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ- СҮЙЕМЕЛДЕУ ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУДЕН КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР:
- жалпы білім беретін мектеп жағдайында оқушылардың табысты бейімделуі;
- өзінің Жеке, физикалық, зияткерлік және басқа әлеуеттерін одан әрі дамытуға қабілетті оқушылардың үйлесімді дамуы;
- білім алушылардың сәтті бейімделуі және әлеуметтенуі;
- оқушылардың психологиялық мәртебесіне мониторинг жасау. 
Тақырып 10. Педагогтарға әлеуметтік сүйемелдеу жасау жолдары
1. Мұғалім еңбегінің әлеуметтік маңызы.
2. Мұғалімге қойылатын талаптар, оның құқықтары мен міндеттері.
3.Мұғалім профессиограммасы.
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын жетілдіру мәселесі осы қоғамдағы адами фактор мәселесімен тікелей байланысты, себебі жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті жастар мен құзіретті мамандар ғана қоғамның өркендеп дамуына елеулі үлес қоса алады. Қоғамымыздың қарқынды дамуы үшін бәсекеге қабілетті, әлеуметтік белсенділіктері дамыған жас мамандар қажет. Ал осындай азаматтар тұлғасын қалыптастыруда олардың ата-аналарымен қатар білім беру мекемелеріндегі мұғалімдердің ерен еңбектері мен игі істерінің алатын орны зор.
Мұғалімдік кәсіптің ежелден қалыптасқанын баршамыз білеміз. Адамдар қай қоғамдық формацияда болмасын жас ұрпакқа өз тәжірибесін жеткізіп, білгендеріне үйретіп және мақсатты, саналы түрде өмір заңдылықтарын меңгертуге талпынған.Адамзат қоғамының қай даму сатысында болмасын мұғалімдік кәсіптің атқаратын рөлі ерекше жоғары бағаланған. Мектеп және білім беру жүйелері өскелең ұрпақтың әлеуметтенуіне, қоғам дамуына сәйкес тәрбиеленуіне қашан да елеулі үлесін қосып келеді.
Білім берудің өзін қазіргі таңда ауқымы кең әлеуметтік процесс ретінде қарастыра отырып болашақ мұғалімдерді даярлау барысында кәсіпке баулу және әлеуметтендіру процесстерін ұлітастыру қажеттілігін аңғарамыз. Педагогикалық жоғары оқу орнына келген әрбір студент жоғары сапалы деңгейде таңдаған кәсібін меңгеруі кажет, онсыз нағыз мүғалім, нағыз педагог тұлгасы қалыптаспайды, және онсыз кәсіптік білім беру ұғымы өзінің бастапқы мәнін де жоғалтып алуы мүмкін.
Мұғалімдік мамандықтың қыр-сырын ашу үшін оның басқа мамандықтарға қарағандағы әлеуметтік құндылығын, оның қоғамдағы орны мен рөлін тереңірек қарастырған жөн.
Сан-алуан мамандықтардың ішінде мұғалім мамаңдығы «адам-адам» жүйесіне катысты мамандық, бірақ осындай жүйеде адаммен тығыз жұмыс істейтін басқа да мамандык иелсрі жеткілікті. Мысалы, дәрігер, юрист, артисттер, сатушылар т.с.с. мамандар да адамдармен тығыз қарым-қатынаста болады ғой. Педагог мамандығының маңыздылығы оның қогам дамуындагы рөлімен анықталады. Педагог мамандығында жетекші идея, негізгі міндет - адам дамуының мақсаттарын түсініп, басқа адамдарды сол мақсаттарға жетуге бағыттау.
Басқа мамандықтарға қарағанда мұғалімдік еңбектің нәтижесін өлшеп отыратын дайын арнайы құралдар болмайды, оларды өлшеу үшін балалардың бойындағы тұлғалық қасиеттердің өзгеруін күтуге тура келеді. Себебі мұғалім қаншалықты жетекші роль атқарып тұрса да, оған оқыту, тәрбиелеу процесінде пайда болатын қарым-қатынастарды басқара алуы, сол қарым-қатынастар арқылы шәкірттің өзіндік даралығын сақтап, тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруы қажег.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет