Учебное пособие қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі н. В. Бирюкова



Pdf көрінісі
бет176/340
Дата20.04.2022
өлшемі32,57 Mb.
#139993
түріУчебное пособие
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   340
Байланысты:
birukova-saulet
Шырай, Аномия, Аномия, Аномия, 16.психологияdocx, кукык, келген7000, асинх двиг лаб 3 Маратова, , 4 апта спкп, Спортивный кумир (копия), DOC-20230404-WA0002., DOC-20230309-WA0042.
1.10.4-тақырып. XV ғ.-XVIII ғасыр 
басындағы Орыс мемлекетінің сәулеті.
Қорғану мен моңғол-татар шапқыншылығынан босау үшін, орыс 
жерлерінің бірігуі мемелекеттің саяси, экономикалық және мәдени 
жағынан дамуына ықпал етті. Осы кездерде орыс мемлекетінің 
орталық бөлігінде, сондай ақ батыс шекарада (Соловецкий және 
Кирилло – Белозерский монастырлары) Қазан және Сібір хандығы 
жағынан қамалдар, кремльдер мен монастырлар құрылысы бастал-
ды. Мәскеудің айналасында монастыр-бекіністер шеңбері Новоде-
вичий, Донской, Андроников, Новоспас, Симонов т.б. пайда болды. 
Екінші монастырлар мен кремльдер шебі Мәскеуге стратегиялық 
жақын жерлерге салынды. Олар – Троица-Сергиев, Звенегород
монастырлары, Коломенск, Серпухов кремльдері, т.б. 
Ол кезеңде Мәскеу сәулеті алдыңғы қатарлы рөл атқарды. 
Мәскеудің билік басындағылар ұлы князьдар атағын алмаса да, 
өздерінің қоғамдағы орындарына сай Шығыс Еуропадағы ірі 
билеушілерге айналды. Олар жеделдетіп мемлекетті біріктіріп, 
«Үшінші» Рим құрып, Мәскеуге астаналық айбындылық беруге 
асықты. XV ғасырдың аяғы мен XVI ғасырдың басында қызу құрылыс 
басталады. Бекінген Мәскеу мемлекеті түрлі княздықтардағы орыс 
сәулет өнері мектептерінің ең жоғарғы тәжірибелерін бір арнаға 
тоғыстыруға ұмтылады. Мәскеудің жаңа әскери-қорғаныс имарат-
тарын салуды, көлемі жағынан теңдессіз жаңа соборлар мен ұлы 
княздық сарайлар тұрғызуды ойластыру қажет болды. Мәскеу мен 
оның айналасында сәулет шеберлері мен инженер-сәулетшілер 
жеткіліксіз болды. Сондықтан Мәскеудің елшілері сәулетшілерді 
іздестіру мақсатында Батыс Еуропа елдеріне, негізінен Италияға 
жүгінді. Ол кезде Жоғары Ренессанс стилі танымал болды. Мәскеуде 
XV ғассырдың 70-жылдары мен XVI ғасырдың 30-жылдары жұмыс 
істеген итальяндық шеберлер, Мәскеудің сәулетіне өздерінің 


195
қолтаңбасымен қатар жергілікті сәулет дәстүрлерін де енгізуге 
ұмтылды. 
Владимир сәулетімен тығыз байланысты ерте мәскеулік сәулет 
те қатар дами бастады. Оның сипаттық ерекшеліктеріне: құрылыс 
пішінінің келісті, жоспарлары қарапайым, 4 бағанды, пішіні шаршыға 
көп ұқсас жалғыз басты, әдетте, 3 апсидалы, бетше босағалар мен 
жиектері жал доға тәрізділері жатты. 
Халықтық сәндік өнер мен иконажазу жоғары даму деңгейіне 
жетеді.
Орталықтандырылған Орыс мемлекетін құру үдерісінің аяқталу 
кезеңінде Иван ІІІ және Василий ІІІ-нің Мәскеу Кремлін түбегейлі 
қайта құруды қолға алуы, орыс сәулетіне айтарлықтай ілгерлеушілік 
әкелді.
Кремльді қайта құру жұмыстары XV ғасырдың 70-жылдарынан 
басталды.
• 
Кремльдің алғашқы ағаш қабырғалары 1156 жылы салынды.
• 
Иван Калита кезінде 1339-1340 жылдары Кремль шекарасы 
айтарлықтай кеңіді және қабырғалары емен бөренелерден са-
лынды. Олар өрт кезінде жанып кетті.
• 
1367-1368 жылдары Иван Калитаның немересі – князь 
Дмитрий Иванович (Донской) кезінде, Кремльдің бірнеше 
мұнарасы мен ақ тасты қабырғалары тұрғызылды. 1464-1466 
жылдары сәулетші – Ермолин қабырғаларының біраз бөлігін 
жаңартты. Алайда, олар бізге дейін жеткен жоқ. Өйткені олар 
әк тастан салынды, іргетасының жартысы мен ішінің таспен 
толтырылған бөліктері ғана қалды. 
• 
Иван ІІІ кезінде діни және азаматтық имараттар құрылысымен 
қатар Кремльдің қабырғалары мен мұнараларын үшінші рет 
жаңарту жүргізілді. Ол қазіргі кезге дейін жетті. 
(94-сурет).
Кремльдің ақ тастан қаланған іргесі бар кірпіш қабырғалардың 
ішінде, жұмыр тастар, тас сынықтары әк тас қосылған балшықпен 
араластырылып құйылып, үстіне ұрыс алаңы бар ішкі жағы бітеу 
доғатізбек болды. Қабырғаның аяқталар тұстарында екі дөңесті 
кертіктер – «қарлығаш құйыршығы» салынды. Кертіктерсіз 
қабырғаның биіктігі 5 м-ден бастап 17 м-ге дейін, қалыңдығы – 3 
м-ден бастап 6 м-ге дейін жетті. Алдыға шығыңқы орналасқан 
мұнаралар қабырғаларды бақылады: қай жерде қауіп көп, сол жерде 
мұнаралар жиі тұрғызылды. 


196


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет