Учебное пособие қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі н. В. Бирюкова



Pdf көрінісі
бет177/340
Дата20.04.2022
өлшемі32,57 Mb.
#139993
түріУчебное пособие
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   340
Байланысты:
birukova-saulet
Шырай, Аномия, Аномия, Аномия, 16.психологияdocx, кукык, келген7000, асинх двиг лаб 3 Маратова, , 4 апта спкп, Спортивный кумир (копия), DOC-20230404-WA0002., DOC-20230309-WA0042.
94-сурет
Әрбір бекініс-мұнара іш жағынан тоғыспалармен және 
қабатталған төсеніштермен бөлінді. Мұнараларда атқыштар үшін, 
қарулардың ұшын шығаратын тесіктер жасалды (амбразура). 
Төңірек жақсы бақылану үшін, бұрыштағы мұнаралар дөңгелек және 
көпқырлы, ал аралық мұнаралар төрт бұрышты болып салынды. 
Кремль 27,5 га құрайды, мұнаралар мен қабырғалардың ұзындығы 
– 2235 м. Кремльді жағалып 20 мұнара, оның 19 қабырға бойлаған 
және көпір алдында - Кутафья орналасқан. 
Кремль соборлары
Успен соборы (1475-1479 ж.) Сәулетшісі 
Аристотель Фиоравант)
Кремльді қалпына келтіру, Мәскеудің басты ғибадатханасы 
Успен соборын қайта құрудан басталды 
(95-сурет)
.
Соборды салу үшін, итальяндық сәулетші Аристотель Фиоро-
ванти шақырылды. Ол өзінің дәстүрі бойынша Владимир мен Нов-
город сәулетіне жақын, ақ тастан алып собор салды. 
Жоспар бойынша бұл - ақ таспен қапталған, кірпіштен 5 ап-
сидасы бар, алтыбағанды 5 басты ғибадатхана. Жабуы бірдей 


197
биіктіктердегі тоғыспалар арқылы жасалған. Сондықтан Владимир 
соборымен салыстырғанда іші кең бөлмелі (көне жазбаларда «пала-
талар»). Ішкі жұмыр бағандар, кеңдікті елестетеді. 
Собордың кіреберісі бірдей 4 бөлікке жауырындық қабыр-
ғалармен бөлініп, жиектермен аяқталған. Собордың биіктігі 38 м. 
Қабырғаның биіктігі бойынша орта тұсында көлденең тартым, одан 
төмен қарай Владимир-Суздаль сәулетіне тән сәнді қатардоғалы 
белдеу өтеді. Бүйірдегі есіктер романдық перспективалық бетше 
босағалармен безендірілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет