Управление образования города алматы городской научно-методический центр новых технологий в образовании



бет142/384
Дата05.12.2023
өлшемі2,35 Mb.
#195116
түріСборник
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   384
Байланысты:
Факултатив
Гер 5лек
Тұрақтылау (мазмұндық) бөлімі
Кіріспе.(4 сағат).
Бұл бөлімде химия ғылымы,дене және зат,заттар және қоспалар,заттардың физикалық химиялық қасиеттері,химиялық зертхана,химиялық ыдыстар,зертханалық құрал-жабдықтар және олармен жұмыс әдістерімен,қауіпсіздік –техникасының ережелерімен танысады. Жай және күрделі заттар. Үйдің қабырғасы мен еденін,терезені құрайтын заттардың химиялық құрамы. Оқушыларды тұрғын үйдің сапасынанықтап, пәтердің экологиялық паспортын жасауға үйренеді. Практикалық жұмыс №1. «Экологиялық қауіпсіз тұрғын үйді құрастыру»
1-бөлім: Химия әр үйде. Ас үй (9 сағат). Химиялық реакциялар. Асүйдегі химиялық процестер (қайтану,қуыру,булау,ашыту,сүрлеу,тұздаут.б) кезінде тағамда болатын химиялық өзгерістер туралы біледі. Тағамның азықтық құндылығы, витаминдер,олардың адам өміріндегі мағызы,азықтық –түліктің химиялық құрамы,тәуліктік мөлшері мен азық-түліктің орамы мен таңбалануы , тауардағы штрих кодын қалай оқуға болады және тағамдық қоспалар туралы біледі.Зертханалық жұмыс№1«Өнімнің қаптамасына қарай ақуыздардың, майлар мен көмірсулардың өнім массасына пайыздық мөлшерін анықтау
(Өнім оқытушының қалауы бойынша таңдалады). Практикалық жұмыс №2 «Тағамқұрамындағы С витаминін йодометриялық әдіспен анықтау»
2-бөлім: Химия әр үйде. Жатын бөлме (9 сағат).Химиялық заттардың көмегімен күрделі тазалық жүргізу;химиялық заттардың көмегімен ластануды тазарту тәсілдері әртүрлі маталардағы майдың, кофенің, шиенің т.б дақтарын кетірудің әдістері,төсек -орын жабдықтарын жасайтын маталардың түрлері мен олардың химиялық құрамы,оларды жуып тазалаудың тәсілдерін біледі. Хош иісті заттардың диффузиясы, эфир майлары, хош иісті майды қалай таңдауға болады,аромотерапия,хошиісті шамдароларды қолдану туралы біледі.Зертханалық жұмыс №2Ароматерапия үшін эфир майларын орнату, пайдалану және таңдау.
3-бөлім: Химия әр үйде. Жуынатын бөлме (9 сағат). Кір жуу, ыдыстарды, қабырғаларды, едендерді, раковиналарды, терезелерді, кілемдерді, жұмсақ жиһаздарды жууға арналған құралдарының қасиеттерімен танысу.Сабынның түрлері ,синтетикалық жуғыш заттар,ағартқыш құралдар,суды жұмсартатын заттардың құрамдарымен қолдану ерекшеліктерін біледі. Сонымен қатар оқушыларкосметикалық заттармен және оларды пайдалану ережелерімен танысады.Бет және дене гигиенасына арналған косметика: тазартқыш лосьондар, Гелдер, скрабтар, маскалар ,ылғалдандыру және қоректік кремдер, маскалар, тониктер ,дезодоранттар,опа,далап түрлері мен құрамы. Шаш ,тырнақ және тіс күтіміне арналған заттар. Үй дәріханасы -ең көп таралған дәрілік препараттармен және олардың биологиялық әсерімен танысады.Практикалық жұмыс №3."Кейбір дәрілердің құрамын талдау аспирин, парацетамол – дәрілік заттарды зерттеу және оларды қолдану туралы қорытынды жасау;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   384




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет