Управление образования города алматы городской научно-методический центр новых технологий в образовании



бет149/384
Дата05.12.2023
өлшемі2,35 Mb.
#195116
түріСборник
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   384
Байланысты:
Факултатив
Гер 5лек
КҮРДЕЛІ ЕСЕПТЕРДІ ШЫҒАРУ
10-сынып оқушыларына арналған
аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат


Р.М.Суранчиева
Ж.Жабаев атындағы №161 лицейдің химия пәнінің мұғалімі

Пікір жазған: Қ.Б.Бекишев, п.ғ.д., х.ғ.к., профессор әл-Фараби атындағы ҚазҰУ




ТҮСІНІКТЕМЕ ХАТ
Жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес оқу бағдарламасы орта мектептердегі оқытылатын пәндер бойынша сабақтарды оқу мақсаттары мен міндеттеріне сай әралуан тәсілдер мен технологияларды қолдану арқылы нақты күтілетін нәтижеге бағыттауды талап етеді. Химия пәнін оқытуда күтілетін ең жоғары нәтиже химиялық құбылыстарды теориялық тұрғыдан терең түсініп, теориялық білімдерін практикада қолдана отырып, оқушылардың ойлау, шығармашылық қабілетін қалыптастырып, өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Оқытуды, білім беруді жаңа сапалық деңгейге көтеруді қамтамасыз ететін біртұтас жүйелілік әлеуетін пайдалану. Жоғары нәтижеге толық жетуге білім стандартымен сабақтас, негізгі бағдарламаны толықтыратын элективті, арнайы курстар мен факультатив сабақтар көмектеседі.
Сондықтан, ұсынып отырған бағдарламаның мақсаты:

  • химия курсында алған білімдерін тереңдетіп, күрделі есептерді шығаруда, зертханалық жұмыстарды орындауда салыстыру, сараптау, қорытынды жасауға икемдеу;

  • оқушыларда өз бетімен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, ойлау қабілетін ой-өрісін дамыту;

  • 10- сынып оқушыларының химиядан негізгі түсініктері мен стехиометриялық заңдары туралы білімдерін тереңдету;

  • ерітінділер және ерігіштік, электролиз, химиялық реакцияның жүруінің негізгі заңдылықтарының сипаттары, қасиеттері, ерекшеліктері туралы білімдерін кеңейту;

  • көрсетілген тақырыптар бойынша бақылау, зерттеу жүргізу, қосымша мәлімет жинақтау біліктілігін арттыру

Бағдарламаның міндеті:

  • Оқушыларды жан-жақты ізденуге бейімдеп, білімге құштарлығын арттыру

  • Химиялық реакцияның жүруінің негізгі заңдылықтарын анықтай білу.

  • Математика заңдарын химиялық үдерістерді сипаттауда еркін қолдана білу мүмкіндіктерін арттыру

  • Теориялық білімдерін практикада пайдалана білуге икемдеу.

  • Жеке тұлғаның өсуіне және кәсіби өзінің мүмкіндіктерін анықтауда қолдау көрсету.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   384




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет