қалыңдығы 1 мм металл үшін ацетилен шығыны 75-100
л/сағболатын қалыпты жалын пайдаланылады.
Қалыңдығы 3 мм-ден артық металл үшін 250-350°С – қа дейін
бұйымдарды алдын ала жалпы қыздыру, сонымен қатар түйіс
аймақты 650-700°С-қа дейін жылытқыштармен жергілікті қыздыру
ұсынылады. Жік металының және түйіс
аймақтың құрылымын
пісіруден кейін 600-650 °С-та жұмсарту арқылы жақсартуға болады.
Перлитті класына жатқызылатын төмен легирленген болат
(10ХСНД, 15ХСНД маркілі) жоғары беріктігімен, жақсы
пісірілетіндігімен және атмосфералық
жағдайларда тоттануға
төзімділігімен сипатталады. Аталған болаттарды газбен пісіру
кезінде 1мм металл үшін сол жақ пісіру кезінде 70-100 л/сағ, ал оң
жақ пісіруде 100-130 л/сағ ацетилен шығынымен қалыпты
жалынды, Св-08А и Св-08Г2С маркілі қоспа сым пайдаланылады,
ал флюс қолданылмайды.
Хромкремниймарганецті болат (30ХГСА түріндегі)
өте берік,
созылмалы және тербеліс және соққыларды көтереді. Жылумен
өңделген кезде олардың төзімділігі 800 МПа және салыстырмалы
ұзаруы 10% болады.
Хром мен кремнийдің күйіп қалуын болдырмау үшін пісіруді
қалыңдығы 1 мм-ге металды пісіру үшін 75-100 л/сағ
ацетиленді
шығынымен ұштықпен орындайды. Қоспа метал ретінде Св-08
және Св-08A маркілі төмен көміртекті сым немесе С-18XMA
маркілі төмен легирленген сым қолданылады. Пісіруге дейін
қалыңдығы 0,5-1,5 мм металл табақшалар әр 20-30 мм сайын
ілеседі, ал қалыңдығы 2 мм-ден астам табақшалар - әр 40-60 мм
кейін ілеседі. Тұтқыштарды табақшалардың жиегінен немесе
пісірілген біріктірулер бұрышынан 10-15 мм
қашықтықта
орналастырған дұрыс. Жиектерді мұқият тазалау және түзету қажет,
сондай-ақ, олардың арасындағы саңылаудың нақтылығы сақталуы
тиіс, өйткені олардың жік ұзындығының бойымен біркелкілігі
қалыптармен тексеріледі. Пісіру бір қабатта жүзеге асырылады.
Легирленген болатты белгілі шамада пісіру олардың химиялық
құрамымен, әсіресе, құрамындағы көміртекпен анықталады.
Аталған болат маркілерінің кейбіреулері
ғана газбен жақсы
пісіріледі.
Артық күйіп кетудің алдын алу және деформациялануды азайту
үшін хромды болаттарды пісіру ацетилен шығыны төменделген
(қалыңдығы 1 мм металл үшін 70 дм
3
/сағ) қалыпты жалынмен
орындалады
.
202
Қоспа сымда осы маркілі болаттан да, пісірілген
болаттан да немесе
құрамы жақын, мысалы Св-04Х19Н9, Св-06Х19Н9Т маркалы сымды
қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: