Вавилондағы ең бай адам-реклама indd



Pdf көрінісі
бет39/85
Дата14.02.2023
өлшемі6,68 Mb.
#168709
түріМазмұндама
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   85
Байланысты:
Вавилондағы ең бай адам

«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 
8-775-233-72-57
84
қожайынымен достасып үлгерген едім, ол бір күні: 
«Сен тыңғылықты түрде ақша жинап жүрсің. Бос 
жатқан алтының бар ма?» – деп сұрады.
«Иә, – дедім. – Маған бір кезде әкем берген ал-
тынды пайдалы іске жұмсай алмадым, соны қайтару 
үшін көп алтын жинауым керек».
«Мына ниетің мақтауға тұрарлық. Сен қолда бар 
алтынның саған жұмыс істеуі және оның үстеме пай-
да әкелуі мүмкін екенін білесің бе?».
«Өкінішке қарай, аузымның күйгені бар, соның 
кесірінен әкем берген алтыннан айырылдым. Енді 
тағы да сондайға ұшыраудан қорқамын».
«Маған сенсең, саған қандай жолмен ақшаны пай-
далы салым етуді үйретемін, – деді ол. – Бір жыл ішін-
де қаланың қорғаны соғылып бітуі керек. Қаланы 
патшаның жауларынан қорғау үшін оған бірнеше 
жерден қола қақпа орнатылады. Ниневияны қанша 
шарласаң да, қақпа жасауға жеткілікті металл таба 
алмайсың. Патша оған алдын ала тапсырыс беру 
жайын ойластырмапты. Менде жоспар бар: бірнеше 
адам бірігіп, үлеске кіреміз де, алыстағы мыс және 
кен орындарына керуен жіберіп, қалаға металл ал-
дырамыз. Патша қақпа жасауды бұйырғанда тек біз-
де ғана металл болады, соны сатып, пайдаға кенеле-
міз. Тіпті патша бізден сатып алмаған күннің өзінде, 
металды әрқашан жоғары бағаға сата аламыз».
Бұл ұсыныстан, яғни ақылды адамдар кеңесіне орай 
жиналған қаржыны қайда салу керектігі жазылған 
алтынның үшінші заңын орындау мүмкіндігін көр-
дім. Қателеспеппін. Біздің ортақ ісіміз жемісті болды, 
нәтижесінде шағын жинағым жоғары өсім берді.


«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 
8-775-909-01-77
85
Бұдан кейін әлгі адамдармен басқа да істерге қа-
тыстым. Олар алтынның қадірін жақсы білетін және 
пайда табудың қыр-сырын жете меңгерген жандар 
еді. Үлес қосудан бұрын кез келген жоспарды жан-
жақты талдайтын, негізгі қорларын тәуекелмен 
жұмсамайтын әрі пайдасыз мәмілеге аяқ басқан 
емес. Атжарыс бәсекесіне қатысу немесе дүкен сатып 
алу сияқты ой елегінен өтпеген, шалыс қадамдар-
ға олар ешқашан бармас еді, ондай асығыстықтың 
опық жегізетінін бірден аңғаратын.
Осылайша іскер жандармен байланыс орнату 
арқылы алтынды табысты кәсіпке салуды меңгер-
дім. Жылдар өткен сайын байлығым еселене түсті. 
Сөйтіп, жоғалтқанымды қайтарумен бірге, одан әл-
деқайда көп алтын жинадым.
Сан түрлі сәтсіздіктер мен сынақтар барысын-
да да, жетістікке жеткенде де әрқашан аталған бес 
заңның кемелдігіне көзім жетті. Бұл бес заңды біл-
мегендерге алтын сирек келеді және тез арада ғайып 
болады. Бұл заңдарға сүйенгендердің алтыны азай-
майды, қайта еңбекқор құлдар секілді иесіне тұрақ-
ты әрі жемісті қызмет етеді.
Номасир үнсіз қалды да, кең бөлменің шет жа-
ғында тұрған құлына назар аударды. Ол бөлмеге үш 
ауыр былғары қапшықты бірінен соң бірін кіргізді. 
Оның бірін Номасир әкесінің алдына қойды.
– Сен маған он жыл бұрын бір қап алтын берген 
едің. Ол Вавилон алтыны болатын. Оның орнына 
Ниневиядан әкелінген дәл сол мөлшердегі алтынды 
ұсынамын. Бұның әділ айырбас екеніне бәрі де ке-
ліседі деп ойлаймын. Сонымен бірге маған даналық 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет