Өзін-өзі тану пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары
6-сынып
Мерзімі:
................... 2015 жыл
1-сабақ
Исжанова Княз
Сілтемелер:
6-сынып. Мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал
Сабақтың тақырыбы:
Ізгілікке бастар жол
Мақсаты:
Оқушылардың өзін өзі танудың мәнділік жөніндегі ұғымдарын кеңейту
-оқушыларға ізгілік ұғымы туралы түсінік беру:
-оқушыларды ізгі істерге жетелейтін адамгершілік қасиеттерін дамытуға ықпал ету
-мейірімді, ықыласты болуға тәрбиелеу
Күтілетін нәтиже:
Оқушыларда өзін өзі танудың мәнділік жөніндегі алған ұғымдары кеңейеді:
Оқушыларға ізгілік ұғымы туралы түсінік беріледі.
Оқушыларды ізгі істерге жетелейтін адамгершілік қасиеттерін дамытуға ықпал жасалады.
Мейірімді, ықыласты болуға тәрбие беріледі.
Түйінді идеялар:
АКТ, топтық жұмыс, диалогтік оқыту, сыни тұрғыдан ойлау, жас ерекшелігіне сәйкес оқыту
Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалімнің басшылығымен оқушылар шеңберге жиналып, бір бірімен көргеніне қуанышты екенін білдіріп, жақсы тілек айтады.
-Сәлеметсің бе ….! Мен сені көргеніме қуаныштымын. Саған…….тілеймін.
Содан соң балалар қол ұстасып, көңілді қимылдар жасап, «Ризашылық» әнін айтады.
Топқа бөлу:
1, 2, 3, 4-ке санау арқылы топқа бөлу
Әңгімелесу
Оқулықта «Ойланайық, пікірлесейік» айдары әңгімелесу өткізу мақсатында ұсынылады. Әңгімелесу үшін төмендегідей сұрақтар берілген:
Өзін-өзі тану сабақтарынан қандай жақсы қаиеттерді үйрендің?
Осы қасиеттер іс жүзінде қалай көрініс табады?
Өзіңе және өзгеге жасаған ізгілік істерің сені қандай сезімге бөлейді.
Жазғы демалыста істеген ізгі істерің туралы айтып беріңдер.
Әңгімелесудің мақсаты оқушылардың өзін өзі тану сабақтарынан алған білім біліктерін естеріне түсіріп, жинақтау. Оқушылар мұғалімнің басшылығымен әңгімелесу үшін берілген сұрақтарға жауап іздестіру арқылы өзін-өзі тану сабақтарынан қандай жақсы қасиеттерді үйренгендерін тізбектеп айтып шығады, осы қасиеттердік іс жүзінде қалай көрініс тапқанын тәжібибелерінен мысалдыр келтіреді, ізгілік көрсетудің қандай сезімге бөлейтінін ортаға салады, өздері жазғы демалыс кезінде кезінде қандай ізгі істер жасай алғандары туралы сыныптастарымен ой бөліседі.
Мұғалім оқушыларды 6 сыныпқа арналған «Өзін өзі тану» оқулығының мазмұнынан кеңірек хабардар етеді. «Өзін-өзі тану» оқулығының мазмұны «Таным жолында», «Қарым-қатынас мәдениеті», «Адам және әлем тұтастығы», «Жасампаздық жарасымы» атты төрт тараудан тұрады. Мұғалім өзін-өзі тану сабақтарынан оушылардың меңгерген білімдері мен біліктерін толықтырып, жаңа ұғымдармен танысып, өздері үшін көптеген жаңалықтар ашып, мағлұматтар алатынын айтады.
Оқу ақпараты
«Оқу ақпараты» оқушылардың «Ізгілік» құндылығы жөніндегі білімдерін айқындай түседі.
«Адам өмірі мен іс әрекетіндегі жағымды қарым-қатынас пен сүйіспеншілік ізгілік сезімін тудырады. Ізгілік адамның өзіне және өзгеге жасаған жақсы, игі, адал істерін қамтиды, Ізгілік іс игілікке жеткізеді»,- деген «Оқу ақпаратын» мұғалім өзі оқып таныстырады.
Оқу ақпаратымен оқушылар өз бетінше оқып танысып, ондағы әрбір айтылған тұжырымның мағынасын ой елегінен өткізеді. Мұғалім жетекші сұрақтары арқылы әрбір ақпаратқа талдау жасайды. Оқу ақпарат барысында мұғалім оқушылардың «жағымды қарым-қатынасты» таратып айтып берулерін, «сүйіспеншілік» қалайша ізгілік сезімін тудыратын, өзіңе, өзгелерге жасаған «Ізгілік жасау» дегенді қалай түсінетіндерін өз түсініктері мен пайымдаулары бойынша жеткізіп айтуларын сұрайды.
Мәтінмен жұмыс:
Мәтінмен жұмыс жүргізу үшін оқулықтың «Оқып үйренейік» айдарымен ұсынылған оқу материалдары оқушыларға сабақ тақырыбын кеңірек меңгерту мақсатын көздейді.
Осы мақсатта Жүсіп Баласағұнидың «Құтты білік»атты шығармасынан үзінді түрінде алынған «Ізгілік» өлеңін мұғалім оқушыларға оқып талдауды ұсынады.
Өлеңді мұғалімнің өзі немесе жеке оқушы дауыстап оқып береді.Содан соң оқушылар өлеңді өз бетінше оқып шығады.Өлең мазмұнындағы ізгілік құндылығының мәнін жете меңгеу үшін мұғалім оқушылардың назарын негізгі мәселелерге аударады.
Өлеңде айтылған
«Ізгілік не? Тегі қандай? Түсі қандай өзінің?
Мінез-құлық, ісі қандай өзінің?» деген сауалдарға өлең мазмұнына сүйене отырып, жауап іздеуді тапсырады.
Тыныштық сәті
Тыныштық сәті- өзін-өзі тану сабақтарында баланың жүрек соғу ырғағы мен тыныс алуын реттеу үшін қолданылатын тәсіл. Тыныштық сәті баяу музыка қойылады. Осы жаттығуды орындату барысында мұғалім балалардың дене қалпын еркін ұстап, дұрыс тыныс ала білуіне баса назар аударуы тиіс. Балалардың көңіл күйінің көтеріңкі болып, өздерін жақсы сезінуіне тыныштық сәтінің пайдасы мол.
Тапсырма
Сабақта тапсырма берудәң мақсаты – оқушылардың оқу белсенділіктерін арттырып, ізгілік туралы түсініктерін бекіту.
Оқулықта мынпдпй тапсырма берілген:
Мейірімді және ықыласты болуға жетелейтін игі істер мен жақсы әрекеттер топтамасын жасаңыздар.Оқушылар тапсырманы жекелей немесе топпен жұмыс түрінде орындауларына болады
Мысалы ізгілікті болу үшін:
-мейірімді бол
-үлкендерді сыйлап-құрметтеу
-өзіңді қоршаған адамдарға көңіл бөлу
-әлсіздерге көмектесуге ұмтылу
-достарыңмен ізгілікті қарым-қатынаста болу
Түйіндеме
Мұғалім оқушыларды түйіндемемен таныстырады
Адамнаң мейірімді, ықыласты болуы, елін, жерін сүюі, танып-білуге құштарлығы, еңбексүйгіштігі ізгі істер мен жақсы әрекеттерге жетелейді.
Дәптермен жұмыс
1-тапсырма
Нақыл сөзді оқыңдар
Мен кіммін: Менің өмірдегі мақсатым не:деген сұрақтар негізінде ой тұжырымдарыңды жасаңдар
2- тапсырма
Мәтінді оқыңдар.Өз өмірлік мұраттарыңды мәтіндегі пікірмен сәйкестендіріп аласыңдар ма: Мысалдармен дәлелдеп айтып беріңдер
Жүректен жүрекке
Сабақты қорытындылап, аяқтау мақсатында оқушылар мұғаліммен бірге шеңберге жиналады.
Оқушылар сабақ тақырыбында тиянақтау үшін кезекпен «Ізгілік дегеніміз,меніңше….» – деген ойды жалғатырып, өз тұжырымдарын жасайды.