Ортасы
Тақырыптың мазмұнын ашу барысында топқа бөлу
Аяқталуы
|
1.«Миға шабуыл» Жануарлар тірі табиғаттың
бір бөлігі.
Жануарлар
Жабайы аңдар
Үй жануарлары
Өсімдіктер өсетін жердің барлығын жануарлар
мекендейді.
|
Жабайы аңдар табиғатта өздігінен тіршілік етеді.
Үй жануарларын адам қолдан өсіріп бағады.
Жабайы аңдар мен үй жануарлары төлдерін емізіп, сүтпен асырайды.
Сондықтан оларды сүтқоректі жануарлар деп атайды.
2.Оқушыларды екі топқа бөліп, үй жануарлары және жабайы жануарларға байланысты коллаж жасайды және оны дәлелдеп қорғайды.
Төрт түлік мал
Ертеден біздің ата-бабаларымыз күн көрісі үшін етін, сүтін, жүнін пайдаланып келе жатқан төрт түлік мал – қой, ешкі, сиыр, түйе, жылқы.
Малды адам өсіреді, қолға үйретеді, қоректендіреді,
қорғайды. Оларға қора салады және төлдеріне қамқор
болады.
|
Жабайы жануарлар
Жабайы аңдар қорегін өздері табады, жауларынан қорғанады.
Олар өздеріне арнап тұрақ жасайды, көбейеді және балаларын қорғайды.
|