«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН
8-775-233-72-57
130
№1-сазтақта
Қазіргідей ай толған кезде жуырда ғана Сириядағы
құлдықтан босап, аса көп қарызымды өтеуге, ауқат-
ты болуға және Вавилон қаласында абыройлы ғұмыр
кешуге оралған мен, Дабасир, өзімнің іс-әрекетіме
жетекшілік етіп, биік мақсатымды орындауыма кө-
мектесуі үшін осы сазтақтаға өз ісімнің жай-жапса-
рын жазып отырмын.
Қайырымды досым, өсімқор Матонның даналық
кеңесі бойынша, өзімді қарыз құдығынан ауқатты
тірлік деңгейіне шығаратын және абыройлы адам-
дардың құрметіне бөленуге жол ашатын нақты жос-
парға сүйенуге бет бұрдым.
Бұл жоспар өзім ұмтылатын және үміттенетін үш
мақсаттан тұрады.
Біріншіден, жоспар менің болашақ игілігіме негіз
қалайды. Ол үшін бар табысымның оннан бір бөлігін
жинаймын және оны сақтаймын. Ақылды Матон ма-
ған былай деген: «Алтын мен күмісті жұмсамастан,
өз әмиянында сақтайтын адам отбасына игілік әке-
леді және патшаға адал қызмет етеді.
Әмиянында аз ғана мыс тиыны бар адам, өз отба-
сына да, патшаға да жүрдім-бардым қарайды.
Әмияны бос адам тасжүректігімен өз отбасына
зиян келтіреді, патшаны сатып кетеді.
Сондықтан бірдеңеге қол жеткізуге ниеті бар
адамның әмиянында сыңғырлаған тиындары, ал жү-
регінде өз отбасына деген сүйіспеншілік, патшаға де-
ген адалдығы болуы керек».
Екіншіден, жоспар, өз кезегінде, маған төркінінен
оралған адал жарымды қолдауға және киіндіруге
«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН
8-775-909-01-77
131
нұсқау етеді. Матонның айтуына қарағанда, адал
әйеліне лайықты қамқорлық жасау еркектің жүре-
гінде өзіне деген құрметін туғызады, оған қуат беріп,
мақсатын айқындай түседі.
Сондықтан бар табысымның оннан жеті бөлігін
отбасымның қажетіне, киім-кешек пен азыққа, сон-
дай-ақ аз бөлігін өміріміздің рақаты мен қуанышына
жұмсаймын. Бұл орайда пайдалы шығыстар табы-
сымның оннан жеті бөлігінен аспауын мұқият қада-
ғалаймын. Жоспардың сәттілігі де осында жатыр.
Мен жоспарлаған қаржыға ғана өмір сүріп, төлеуім
қиынға түсетін нәрселерді сатып алмауым керек.
№2-сазтақта
Үшіншіден, жоспар бойынша мен өз табысымнан
қарызымды өтеп отыруым керек.
Сол себепті ай толысқан шақта, мен табысымның
оннан екі бөлігін маған сеніп қарыз бергендерге әділ
түрде бөліп беруім керек. Осылайша, белгілі бір уа-
қыттан соң қарызымның бәрі иесіне қайтарылады.
Сол үшін осы сазтақтаға қарызданған адамдар
мен оларға берешек соманы анық жазып отырмын.
Фару, тоқымашы – 2 күміс және 6 мыс тиын;
Синджар, темір ұстасы – 1 күміс тиын;
Акмар, менің досым – 3 күміс және 1 мыс тиын;
Занкар, менің досым – 4 күміс және 7 мыс тиын;
Аскамир, менің досым – 1 күміс және 3 мыс тиын;
Харинсир, зергер – 6 күміс және 2 мыс тиын;
Диарбекер, әкемнің досы – 4 күміс және 1 мыс
тиын;
Алкахад, үй иесі – 14 күміс тиын;
|