Версия для печати



бет12/12
Дата08.02.2022
өлшемі127,5 Kb.
#98220
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
құқық
құқық
27-ші бабы неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында екендігін көрсеткен. Сонымен бірге жоғарыда аталған Атазаңымыздың тиісті бабында балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата ананың етене құқығы әрі мендеті ретінде белгіленген. Бұл арада тағыда қоса кететін болсақ, мемлекет ата анамен бірге балаға қамқорлық қамтамасыз ету мен шетеліп қалмай, олардың міндеттерін керегінше орындау парызын да жүктеуде, әрі қадағалауда.
Еліміздің балалар құқығын қорғау, әрі қарай дамыту үшін және мемлекеттік құқықтық саясатының біртұтастығын қалыптастыру мақсатында Елбасымыздың жанындағы адам құқығы жөніндегі Комиссия өзінің 2004 жылғы баяндамасында үкіметке ювеналдық юстиция жөнінде заң жобаларын дайындауды ұсынған. Сол ювеналдық юстицияға кіретін системалардың ішіне бала құқығымен айналысатын мемлекеттік құрылымдар мен ювеналдық соттар да көрсетілген.
Қазіргі таңда еліміздің Астанасы және Алматы қаласында ювеналдық сот жұмысын атқаруда. Соттардың белгілі бір салада мамандандырылуы қоғамдық қажеттіліктен туындап отырған мәселе. Егер ертеде тек шаруашылықпен айналысып, даудамайлар жер талабынан аспаса, бүгінгі күні күрделі қоғамдық және экономикалық қарым қатынастан туындап отырған істер өндіріске келіп түсуде. Сондықтан азаматтарға кәсіби қызмет көрсету үшін, соның ішінде бала құқығының қорғауды қамтамасыз ету мақсатында мамандандырылған ювеналдық соттардың басқа да өңірлерде ашылуы дұрыс басталған құқықтық саясаттың логикалық жалғасы болар еді.
Бала құқығын қорғауда ювеналдық соттардың атқаратын рөлі орасан зор, дегенмен жалғыз өзі жеткіліксіз. Бұл себептен еліміздің жасөспірімдерге байланысы бар басқа да мемлекеттік құрылымдар мен органдар да өздеріне түсетін үлесті кәсіби атқарулары қажет. Соның ішінде ішкі істер бөліміндегі кәмелетке толмағандар жөніндегі инспекциясы жұмысын құқық бұзғаннан кейін ата анасына әкімшілік хаттама толтырмай, балалардың құқық бұзуларын алдын алумен көбірек айналысулары керек, білім беру бөліміндегі балалар мүддесін қадағалайтын орган кәсіби мамандардан құрылуы қажет. Прокуратура қызметкерлерінің ішінде де жасөспірімдер бөлімі немесе бала істері жөніндегі көмекшілердің белгіленуі мен бірге кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалған қылмыстарды сотта қарау барысында айыптау жағынан прокурорлардың қатысуының қаншалықты қажет екендігі де қарастырылу мүмкін.
Сонымен қатар ювеналдық сотта қызмет атқаратын судьяларға да қойылатын талап қатаң болу керек деп ойлаймын. Өйткені бала тағдырын шешу, баланың ата анасымен қатынасын сараптау, жасөспірімнің қылмыс жасаудағы себебін сот отырысы барысында анықтау үшін тек қана балалар мен отбасына байланысты құқықты білу жеткіліксіз. Ол үшін ең алдымен бала психологиясын ғылым ретінде жеке зерттеп, жасөспірімнің ішкі дүниесін түсіне білетін жағдайға жету керек. Неке және отбасы деген ұғымнан хабардар болмаса, шығарған шешімі заңды болғанмен әділдігі күмән туғызуы мүмкін. Сондықтан ювеналдық соттарға судья тағайындау барысында олардың ішінде құқық білімімен қосымша педогогикалық, писхологиялық білімі барлары немесе бала оқытуы және тәрбиесімен айналысқан мамандарды таңдаған дұрыс па деп ойлаймын. Ал ең бастысы ювеналдық судьяның өзі отбасы иесі болуы шарт, өйткені баланың қамын тек қана балалы біледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет