Версия для печати



бет1/12
Дата08.02.2022
өлшемі127,5 Kb.
#98220
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
құқық
құқық

1-тарау. Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары халықаралық құқық қорғау стандарттарының аясында. 1.1. Балалардың құқықтарын



Версия для печати




Халықаралық балалардың құқықтарын қорғау – тарихи тұрғыдан алғанда, салыстырмалы түрде жас құбылыс. Бала құқықтарының конституциясы деп аталатын Бала құқықтары туралы конвенцияның тек
1989 жылы қабылданғанын еске түсірсек те жеткілікті. Сонымен бірге заң әдебиетінде жиі еске алынатын, бала құқықтарын қорғау жөніндегі қозғалыстың басталуы туралы классикалық мысал – шешесі жиі ұрып-соққан және Жануарларға қатігездікпен қарауға қарсы күрес жөніндегі қоғамның жергілікті бөлімшесінің мүшелері қорғауға келген Балтимордағы сегіз жасар Мари Элен Уильсонның жағдайы жануарларды қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктердің балаларды қорғау жөніндегі үкіметтік емес ұйымдардан бұрын пайда болғанын айғақтайды.
Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі алғашқы ұйым әлемде
1919 жылы пайда болды, 1924 жылы – Ұлттар лигасының Женева бала құқықтары туралы декларациясы, 1959 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының Бала құқықтары декларациясы қабылданды, 1979 жыл Халықаралық Бала жылы болып жарияланды және тек он жыл өткеннен кейін ғана Бала құқықтары туралы конвенция қабылданды.
Балалардың ең абзал мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы бала құқықтарын қорғау мақсатын көздейтін неғұрлым маңызды конвенцияларға қосылды: Бала құқықтары туралы конвенция
1994 жылы бекітілді, 1999 жылы Шетелдегі алименттерді өндіріп алу туралы конвенция бекітілді, 2000 жылы - Жұмысқа қабылдау үшін ең төменгі жас мөлшері туралы конвенция, 2001 жылы – балаларды сатуға, балалар жезөкшелігі мен балалар порнографиясына қатысты Бала құқықтары туралы конвенцияға Факультатив хаттама және әскери қақтығыстарға балалардың қатысуына қатысты Бала құқықтары туралы конвенцияға Факультатив хаттама, 2002 жылы - Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне тыйым салу және жою жөніндегі шұғыл шаралар туралы МОТ Конвенциясы (Конвенция 182), 2004 жылғы қарашада Қазақстан Адамдарды сатуға және үшінші тұлғалардың жезөкшелікке пайдалануына қарсы күрес туралы БҰҰ Конвенциясына және оған Қорытынды хаттамаға қол қойды.
Алайда, Қазақстан бекітпеген, бала құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге жәрдемдесетін қағидаларды қамтыған бірқатар маңызды Конвенциялар бар. Осындай халықаралық құқықтық құжаттардың ішінде – Барлық көшіп-қонушы еңбекшілердің және олардың отбасы мүшелерінің құқықтарын қорғау туралы конвенция (1990 жылғы 18 желтоқсан) және Балаларды қорғау және мемлекетаралық бала асырап алу саласындағы ынтымақтастық туралы конвенция (Гаага, 1993 жылғы 29 мамыр).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет