«xxi ғасырдағЫ Ғылым және білім»



Pdf көрінісі
бет176/236
Дата16.04.2022
өлшемі4,46 Mb.
#139665
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   236
Байланысты:
Сборник 3конф (1)

Әдебиеттер
1.
Тэйлор. Первобытная культура. М., 1939. 
2.
Мифологический словарь. М., 1990. 
3.
Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы. Алматы. 19984. 
4.
Әбдікәкімов Т. Ашам хаттары. Алматы. 1993. 
5.
Әскербекқызы Ж. Қаз қанатындағы ғұмыр. Алматы. 2007. 
Ғылыми жетекші: ф.ғ.к., С. Аманжолов атындағы ШҚМУ доценті 
Сейпутанова Айымгүл Қамзақызы 
СЕЙПУТАНОВА А.Қ., КЕСИКБАЕВА А.Б. 
( ӨСКЕМЕН Қ., ҚАЗАҚСТАН) 
КӨРКЕМ ШЫҒАРМАНЫ ТАЛДАУ ТЕНОЛОГИЯСЫ 
Көркем шығарманы талдау оны оқудан басталады. Талдаудың негізгі 
мақсаты – шығарманың идеялық-тақырыптық мазмұнын ашу, көркемдік 
ерекшеліктерін айқындау.
Көркем шығарманы талдаудың ғылыми жүйесін жасауда Ә. Қоңыратбаев, 
Ә.Көшімбаев, Ә. Дайырова, Т. Ақшолақов сынды әдіскер – ғалымдар 
еңбектерінің маңызы зор. Көрнекті педагог Төлеутай Ақшолақов өзінің 
«Көркем шығармаға талдау жасау» атты еңбегінде: «Біз шәкірттерді сөз сырына 


312 
бойлатуымыз керек. Бүкіл кілт - осында. Өйткені, көркем әдебиетте сөз - 
мазмұнда, формада. Шәкірттерді сөздің алуан сырына үңіле білуге үйрету - 
әдебиет шығармасын танытудың басты жолы. Ақын шығарма құрылымында 
сөздерді қандай кәдесіне жарата білген, сөз кірпіштерін қаншалықты қиыстыра 
қалай білген, шығарманың бүкіл бітімін қалай сомдаған, қандай жаңа 
поэтикалық жаңалықтар әкелген, қандай бейнелі образдар жасаған, мұғалім 
осыған үнемі, сабақ үстінде, сабақтан тыс уақытта шығармашылық 
тапсырмалар беру арқылы үйретіп, баулып отырса, шәкірттер өнер 
туындысының қадыр қасиетін танумен, астарлы сырына үңіле білумен қатар,
жазушы стилін, шығарма стилін аңғарар еді» [1,47]. - дейді. 
Расында, оқушылар шығармаға талдау жасау арқылы оның көркем 
табиғатын танып біледі әрі мазмұнын терең түсініп, шығарма идеясы мен 
автордың көтерген проблематикасын ой елегінен өткізіп, сыни өз 
көзқарастарын қалыптастырады. Әдебиетті өмірмен байланыстыра оқыту – 
бүгінгі заман талабы. Бұл дегеніміз - жеке тұлғаның функфиналдық 
сауаттылығын қалыптасытыру болып табылады. 
Белгілі әдіскер - ғалым А.Көшімбаев «Қазақ әдебиетін оқыту методикасы» 
атты еңбегінде орта және жоғары сыныптарда көркем шығарманы талдауды 
жас ерекшелікке байланысты екіге бөледі. IV-VII сыныптарда шығарманы 
талдауға жататын мәселелері ретінде тақырыпты, идеялық мазмұнды, 
кейіпкерлерді, сюжетті және композицияны, тіл ерекшелігін, табиғат, зат, 
тұрмыс-салт бейнелерін көрсетеді. Оқушыларға шығарманың композициясы 
мен тілі жөніндегі ерекшеліктерін байқату, оның идеялық мазмұнын 
түсінуімен байланысты жүргізілетінін айтады. IV-VII сыныптарда әдеби 
шығарманы талдауда қолданылатын негізгі әдістер қатарына мәнерлеп оқу, 
сұрақ-жауап түріндегі әңгіме, мұғалімнің түсіндіруі, шығарманы талдау жасай 
отырып оқуды жатқызады [2, 96]. 
А.Көшімбаевтың жоғары сыныптарда әдеби-көркем шығармаларды 
талдауға жататын мәселелері негізінен IV-VII сыныптардағы сияқты 
болғанымен, тарихи-әдебиеттік курстың мақсат, міндеттеріне байланысты 
бұрынғыдан едәуір тереңдетіліп күрделене түседі. Жоғары сыныптарда көркем 
шығармаларды талдау объектісіне жататын құрамды элементтеріне: 
шығарманың жазылу, шығу тарихын, нұсқаларын, тақырыбын, идеялық 
мазмұнын, композициясын, сюжетін, образдары мен олардың өзара қарым-
қатынасын, суреттеу құралдарын, жанрын жатқызады.
Жаңашыл ұстаз, әдіскер-ғалым Қ.О.Бітібаева өзінің «Әдебиетті оқытудың 
инновациялық әдістемесі мен технологиясы» атты еңбегінде көркем 
шығарманы талдаудың бірнеше жолын көрсеткен еді: 
1.
«Жан-жақты, толық талдау көркем туындыны тұтастай қарастырып 
талдайды. Әсіресе, бұл талдау кейде мәтіндік талдау деп те аталады. Жан-
жақты талдау уақытты көп алады, дегенмен, оның тиімділігі көркем 
туындыны жанды бір организмдей тұтас қарастырады. Шешуші бір 
эпизодтар,не суреттеу, баяндау, кейіпкер монологі, сөйлеу тілдері негізге 
алынады. Бұл талдаудың өзіндік ерекшелігі сол, ол үнемі мәтінге жүгініп 
отырады. Сондықтан мұғалім көркем туынды идеясын ашатын оқиға, эпизодтар, 


313 
кейіпкерлер сөзі, іс-әрекеті, оны айшықтайтын мәселелерді назарға алып 
отырады. 
2.
Шолу бағытындағы талдаулар. Бұл талдаудың өзіндік ерекшелігі 
сол, мұғалім көркем туындыны жалпылама, шолу бағытында қарастырады. 
Проблемалық сұрақтарға немесе белгілі бір эпизодтарға арнайы 
тоқталмайды. Көркем шығарма сюжеті, композициясы, тілі, көтерген 
тақырыбы тұтастай қамтылады. Оқушылар көркем мәтінмен емін-еркін 
жұмыс істей алады. 
3.
Белгілі бір мақсат, бағытты алдына қойып, соны айқындау үшін 
жүргізілетін талдаулар (сұрыптап талдау деуге болады). Бұл талдау 
көбіне 
проблемалық 
сұрақтар, 
проблеманы 
шешу 
айналасында 
ұйымдастырылады. Мұғалім шығарма негізіндегі ең басты проблемаларды 
сұрыптай отырып, талдауды соны шешуге бағыттайды.
Мұғалім проблемалық сұрақ қоя отырып, оқушыларды оны түсіне білуге 
жетектейді, оқушылар мәтінге жүгінеді, өз ойларын, болжамын айта білуге 
дағдыланады. Немесе инсценировка, сценарийлер арқылы шығармашылық 
қабілетін дамытуға әсер етеді. Проблемалық сұрақтар оқушыларды өз 
беттерімен ізденуге жұмылдырады, салыстыру, қорытынды жасай білу 
дағдыларын жетілдіреді.
4.
Автор ізімен талдау. Бұл талдауда мұғалім көркем шығарма сюжеті, 
эпизодтары, автордың негізгі ойы, мазмұн мен форма жүйесін сақтай 
отырып, талдауға ерекше назар аударады. Бірақ еске алатын бір мәселе, 
талдаудың бұл түрін түсіндірмелі оқуға айналдырып жіберуге болмайды.
5.
Образдар жүйесіне талдау - талдаудың мектеп тәжірибесінде дәстүрге 
айналған өте көп тараған түрі. 5-8-сыныптар оқушылары көркем 
туындыдағы бас кейіпкерлерге толық талдау жасай алмаса да, олардың іс-
әрекеттерін назардан тыс қалдыра алмайды. Автордың идеялық 
проблематикасы, көркем шығарма негізіндегі терең ойы көбіне осы 
кейіпкерлердің іс-әрекеті арқылы беріледі. Дегенмен, образдық талдауда 
тәжірибеде кемшіліктер де орын алып отыр. Кейіпкерді ұнамсыз, ұнамды 
(жағымды, жағымсыз деп те жүрміз) топтарға бөліп талдау оншалықты тиімді 
емес. Ең бастысы, авторлық көзқарас шығарма негізіндегі басты проблема - 
образдық талдауда ерекше назарға алатын мәселелер Образдық талдау 
жүйесінде де мұғалім көркем шығарманы тұтастай қарастырып, оның барлық 
компоненттерін (тақырып, идеясы, образдар жүйесі, идеялық-эстетикалық 
табысын) бірлікте ала отырып, талдауды басшылыққа алады. Бірақ соның 
барлығы образдар жүйесін талдау арқылы жүзеге асады. 
6.
Тәжірибеде кеңінен тараған, әрі тиімділігімен, нәтижелілігімен 
көпшілік ұстаздар еңбегіне мол кірген талдаудың түрі - проблемалық талдау. 
Проблемалық талдау оқушылардың танымын арттыру, ойлау белсенділігін 
жетілдіруде үлкен рөл атқарады және өзіндік ізденістеріне мол мүмкіндік ашады, 
әрі дамыта оқытудың негізгі бір жолы ретінде де пайдалы. Проблемалық 
талдау сол көркем шығарма негізіндегі проблеманы дәл тауып, нақты 
проблемалық сұрақтар әзірлеуді талап етеді. Ол үшін проблемалық жағдаят 
тууы керек. Проблемалық сұрақтар қызықты, әрі әдеби айтыс 


314 
туғызатындай дәрежеде қойылады. Сондай-ақ бұл сұрақтардың басты 
ерекшелігі - олар бір ғана шектеулі мәселеге құрылмай, көркем туындыны 
кеңірек, тереңірек қамтитын мазмұнда құрастырылады.
Мұғалім талдау барысында ең негізгі екі түрлі кызмет атқаратынын атап 
көрсетеді: 
1. Көркем туынды көтерген проблемалар, автор ойы, оның көркем 
компоненттері туралы, яғни талдау нені талап етеді, соны орындату.
2. Оқушыны оқыған шығармаларын талдай білуге машықтандыру, дағды-
іскерліктерін жетілдіру, әдеби талдауды үйрету қызметін атқарады. Әдеби 
талдауға баулу жүйелі де сабырлы еңбекті талап етеді. Мұғалімнің талдауға 
қандай әдіс-тәсілдер қолданып, оны қалай тиімді ұйымдастырғаны ғана 
шешуші рөл атқарып қоймайды, сонымен қатар баланың көркем туындыны 
оқу кезіндегі қабылдауы, алғашқы әсері де үлкен рөл атқарады. Көркем 
туындыны талдаудың күрделілігі, қиындығы да осында. Қорыта келгенде
талдау мұғалімге байланысты дүние ғана емес, оның алдындағы 
оқушыларның көркем туындыны қабылдауы, дүниетанымы мен ой өрісі, сезім 
дүниесіне де байланысты» - [3, 39] дейді. 
Мұғалімнің мақсаты - талдау кезінде шығарма негізінде жатқан 
проблема, оның басты ойы, тілі сияқты сол көркем туындыны құрып 
тұрған көркем компоненттер туралы сөз қозғау болып табылады. Көркем 
туынды оқу сияқты, оны талдау да әдебиетті оқытудың маңызды, күрделі 
жұмыстарының 
бірі. 
Көркем 
туындыны 
талдау, әрине, 
мұғалім 
басшылығымен жүргізіледі, ең басты қызмет те мұғалімдікі. Дегенмен, талдау 
оқушылардан 
да 
көп 
нәрселерді: 
дағды-іскерлігі 
мен 
машығын, 
шығармашылықты талап етеді. 
Көркем мәтінді талдау арқылы мұғалім баланың көркем сөзді түсіне 
білуіне, оған деген ынтасына да әсер етеді. Бірте-бірте оқушы өмірді түсіне 
бастайды, өзіндік көзқарасы қалыптасады, тұжырымдап айтқанда, көркем 
шығарма оқушының жеке тұлға ретінде жан-жақты құзіреттіліктерінің 
қалыптасуына да ерекше әсер етеді. 
Талдау технологиясында мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-
қатынастар жаңа қағидаларға негізделеді, ол нәтижелі тәлім-тәрбие алуға, 
азаматтыққа, 
отансүйгіштікке, 
зиялылыққа, 
адам 
құқықтары 
мен 
бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға, 
өзінің және қоғамның, болашақ ұрпақтың алдындағы әлеуметтік, табиғи және 
мәдени ортадағы өз іс-әрекетіне жауапкершілігін сезінуге, гуманистік 
дүниетанымды қалыптастыруға бағытталады. Бұл – қоғамымыздың қазіргі 
кезеңдегі басты талабы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   236




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет