Ясауитану пәнінің міндеттері мен мақсаты туралы жазыңыз


«Михраб» деген не, түсіндіріп жазыңыз



бет40/68
Дата26.05.2022
өлшемі16,79 Mb.
#145104
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   68
Байланысты:
Ясау толықтырылған
195.Намаз үйренейік, Дәрігердің үшінші қаруы
79. «Михраб» деген не, түсіндіріп жазыңыз
Мешіттердегі ең қастерлі орын михраб, әдетте айнала Құран сүрелерімен әрленген. Мұсылман әлемінде мешіттердің әртүрлі архитектуралық түрлері қалыптасқаны белгілі. Мешіттердің негізгі белгісі VII ғасырдың соңында айқындалды. Көптеген мешіттердің бір немесе бірнеше мұнаралары болды. Олардан азан айтылады. Намаз оқитын бөлмеде михраб бар.
Михраб - Меккеге бағытталған мешіт бөлмесіндегі ойық. Михрабтың жанына құтба оқитын - мінбер орналасады. Мешіттің едені мен ауласына әдетте кілемдер төселіп, әрбір мешіттің жанында табиғи немесе қолдан жасалған су көздері болады. Мешіттің михрабы (Мекеге бағышталған мешіт ойығы) құбылаға қараған көгілдір реңде оюланған. Мозаикалар, өсімдік сипатындағы өрнектер түсіріліп, майоликалық тақтайшалармен әрленген. Мұнда Құран сүрелерінен көркемделе түсірілген жазулар сан алуан реңді өсімдік өрнектермен сабақтасып жатыр. Михрабтан сулс қолтаңбасымен, ақ боялармен түсірілген әріптердің, жалатылған алтынның сілемдерін көруге болады.
Михраб-мешіт қабырғасындағы меккеге бағытталған қуыс белгі. Мінажат етушілерге арналған бұл белгі-құбыланы және имам орнын білдіреді.Алғашынды михраб біртегіс болып, мешіттің солтүстігіне салынған. Кейін Құран кәрімдегі Бақара сүресінің 144 аяты түскеннен соң, 88 жылы Михраб оңтүстік жаққа ауыстырылды, және барлық мешіттерде қуыс болып салынды.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде михраб-Меккеге бағытталған қабырғасына салынған. Михрабтың жақтау керегелері араб жазу аяттарымен, мозайкамен өрнектелген. Оның фигурасы жарты айға немесе жебеге кейде тік төртбұрышты болып келеді. Мешіттің намаздық бөлмесінде, құбылаға қаратып салынады. Михраб босағасы мен маңдайшасы бедер-нақыштармен безендірілген.

80. Ислам сәулетіндегі «жамал» сөзінің мәнін түсіндіріп жазыңыз
Мешіт күмбезі-жамал. Мәселелен, «жамал» сөзіне сәйкес Жаратушының сұлулығын білдіретін символ мешіт күмбезі болды. «Жамал» сөзіне байланысты Жаратушының сұлулығының белгісі мешіттің күмбезі болып есептелді. Күмбезді адамзаттың діни түсінігінде жасалған, бірақ үнемі жаңғырып отырған Космос символы деп түсінеді. Ислам сәулетіндегі символдың мәні тұрақтылық, бұл пәнидегі дұрыстық, Аспан мен Әлем деген мән алған. Осы пәнидегі тіршілік, бар әлемнің Жаратушымен байланысын бейнелейді. Күмбез қасиетті құрылыс. Күмбездің төменгі тұсындағы сегіз қырлы бөлік көкті көтерген сегіз періштенің тұрағы, өз кезегінде Әлемнің сегіз тұсына сәйкес келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет