З. А. Аска- рова, Г. Т. Сраилова, С. С. Маркеева



бет27/116
Дата20.10.2022
өлшемі6,74 Mb.
#154173
түріСабақ
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   116
Байланысты:
Адам және жануарлар физиологиясы бойынша зертханалық сабақтарға жетекші құрал оқу құралы by Аскарова З.А. (z-lib.org)
Комп.мод. тест, Комп.мод. тест, Контент Констурк, Контент Констурк, stud.kz-9761, Экология Оқулық Алматы Адам және оны қоршап тұрған орта, Физикалық химия Оқулық Алматы Физикалық химия, Сізді сергітетін кеңестер, Омаров-начало, Диссертация Бергенбек Қазына, Диссертация Бергенбек Қазына, Дюсенбаева Т, 1-курс.Расп бак 2019-2020 2-сем., тест Квуант, тест Квуант
Жұмыстың мақсаты: Рефлекторлық доғаның жекеленген бөлімдерін бұза отырып, оның құрылысын анықтау.
Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: хирургиялық құрал- жабдықтар жиынтығы, бақаны қыстыратын штатив, сорғыш қағаздар, электр тітіркендіргіш, медициналық үш стакан, су, рингер ерітіндісі, күкірт қышқылының әртүрлі концентрациялы ерітінділері (0,5 % және 1%), новокаин, эфир. Жұмыс бақамен орындалады.
Жұмыстың барысы: тәжірибе бас миы бұзылып, жұлыны сақталған бақамен жүргізіледі. Ол үшін бақаның екі көзінің арт жағын ала жоғарғы жақ сүйегін қайшымен кесіп тастайды да, төменгі жақ сүйегі арқылы оны штатив ілгегіне бекітеді.
Бақаның артқы аяғын 0,5% күкірт қышқылына батырып не- месе кышқылға шыланған қағазды санына жапсыру арқылы оның қорғаныс-қозғалыс рефлексінің түрін және оған кететін уақытты анықтап алады. Тітіркендіргеннен бастап жауап реак- циясына дейінгі аралықты рефлекс уақыты дейді.
Жіліншіктің терісін сақина тәрізді дөңгелектеп кесіп, оны аяқ- тан шұлықша сыпырып алып, жалаңашталған аяқты қышқылы бар стаканға батырса, қорғаныс рефлексі байқалмайды. Енді екінші аяқтың жүйкесін ашып, жіппен сәл көтеріңкіреп оның астына қыш- қылға шыланған мақта ширатпасын қояды. Әрбір минут сайын ба- қаның аяғын қышқылға батыра отырып, қорғаныс рефлекстің жо- ғалу уақытын анықтайды. Рефлекс толық жоғалғаннан кейін мақта- ны алып тастап, жүйкені рингер ерітіндісімен бірнеше қайтара жуады. 10-15 минут өткеннен кейін рефлекстің бар-жоғын қайтара тексереді. Егер рефлекс бастапқы қалпына қайтып оралса, онда ба- қаның жұлынын бұзып, тәжірибені қайталап, қорғаныс рефлексінің бар немесе жоқ екенін анықтайды. Бұдан кейін шонданай жүйкесін тітіркендіріп, аяқтың жауап реакциясын бақылау керек.
Жұмысты қорытындылау: жұмыстың мазмұнын көшіріп жазу. Моно- және полисинаптикалық рефлекторлық доғаның сызбасын сызу. Рефлекторлық реакцияның толық орындалуы үшін қандай шартты жағдайлар қажет?


2-жұмыс. Рефлекс уақытының тітіркендіргіштер күшіне тәуелділігі (Тюрк тәсілі бойынша)






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет