З. А. Аска- рова, Г. Т. Сраилова, С. С. Маркеева


-жұмыс. Орталық жүйке жүйесіндегі қозудың уақытша және кеңістіктік жиынтығы (суммация)



бет29/116
Дата20.10.2022
өлшемі6,74 Mb.
#154173
түріСабақ
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   116
Байланысты:
Адам және жануарлар физиологиясы бойынша зертханалық сабақтарға жетекші құрал оқу құралы by Аскарова З.А. (z-lib.org)
Комп.мод. тест, Комп.мод. тест, Контент Констурк, Контент Констурк, stud.kz-9761, Экология Оқулық Алматы Адам және оны қоршап тұрған орта, Физикалық химия Оқулық Алматы Физикалық химия, Сізді сергітетін кеңестер, Омаров-начало, Диссертация Бергенбек Қазына, Диссертация Бергенбек Қазына, Дюсенбаева Т, 1-курс.Расп бак 2019-2020 2-сем., тест Квуант, тест Квуант

3-жұмыс. Орталық жүйке жүйесіндегі қозудың уақытша және кеңістіктік жиынтығы (суммация)




Жүйке орталықтары қызметінің ерекшеліктерінің бірі – олар- дың инерттілігі мен нейрондардың қозуды жиынтықтауға қабілетті- лігі туралы мәселелер өткен жұмыстарда қаралған. Бұл үдерістің не- гізгі екі механизмі бар: қозуды уақытша және кеңістіктік жинақтау.

  1. Қозуды уақытша жинақтау.

Жұмыстың мақсаты: жүйке орталықтарының қозуды уа- қытша жинақтауын бақылау.
Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: электр тітіркендір- гіштер, операциялық үстелі, хирургиялық саймандар, лоток, сал- феткалар, мақта. Жұмыс бақамен орындалады.
Жұмыстың барысы: бақаның бас миын бұзады да тақ- тайшаның үстіне қалыпты жағдайдағыдай (арқасын үстіне қара- тып) орналастырады. Артқы аяғының біріне арақашықтығы 0,5- 1 см болатындай етіп электр тітіркендіргіштің екі электродын орайды (18- сурет).
Бұдан кейінгі жиілігі секундына 20-40 рет болатындай етіп өте аз мөлшердегі токпен тітіркендіреді. Бақа да рефлек- торлы қорғаныш қозғалысы пайда болғанша ток күшін ұл- ғайта береді. Біраздан кейін бақа секіре бастайды. Бұл жұлын- ға келген қозудың жиналуы нәтижесінде пайда болатын қор- ғаныс рефлексі.

  1. Қозуды кеңістіктік (пространственная) жинақтау

Жұмыстың мақсаты: жүйке орталықтары қозуының кеңіс- тіктік жинақталуын бақылау.



18 сурет. Жүйке орталықтарындағы қозудың суммациясын дәлелдеуге арнал- ған тәжірибе:1 – ток көзі; 2 – ток күшін реттейтін тетік; 3, 4 – бірінші, екінші индукциялык катушкалар; 5 – электродтар


Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: хирургиялық құрал- жабдықтар, лоток, мақта, секундомер, ілмекті штатив, 0,1%, 0,3% жене 0,5% күкірт қышқылының ерітінділері, су, стакандар. Жұмыс бақамен орындалады.
Жұмыстың барысы: бас миы бұзылып, жұлыны сақталған бақаны ілмекті штативке бекітеді де, қан ағуы тоқтағанша қал- дырады (10 минут).
Қозудың кеңістіктік жинақталуын бақа аяғының жиырылу рефлексінен байқауға болады. Ол үшін концентрациясы аз кү- кірт қышқылы ерітіндісі бар стаканға бақаның артқы аяғы сау- сақтарының ұшын батырады да, рефлекс уақытын анықтайды (саусақ ұшын қышқылға батырғаннан бастап тартып алғанға дейінгі аралық). Одан кейін аяқты стакандағы суға бірнеше рет тығып, жуады да, енді оны тізеге дейін сол концентрациялы қышқыл ерітіндісіне батыру арқылы рефлекстің пайда болу уақытын анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет