З. А. Мовкебаева (қолы)


Қазіргі психологиядағы тұлғаны зерттеудің негізгі тұрғылары



бет37/125
Дата19.03.2022
өлшемі0,77 Mb.
#136148
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   125
Байланысты:
З. А. Мовкебаева ( олы)

2. Қазіргі психологиядағы тұлғаны зерттеудің негізгі тұрғылары.
Қазіргі кездегі психологияда тұлғаны зерттеуде негізгі жеті тұрғыны бөліп қарастырады. Олар:
1 Жеке тұлғаның психодинамикалық теориясы.
2 Жеке тұлғаның аналитикалық теориясы.
3 Жеке тұлғаның гуманистік теориясы.
4 Жеке тұлғаның когнитивті теориясы.
5 Жеке тұлғаның мінез-құлықтық теориясы.
6 Жеке тұлғаның іс-әрекеттік теориясы.
7 Жеке тұлғаның диспозиционалды теориясы.
Әр ықпалдың өз теориясы, жеке тұлғаның қасиеті мен құрылымы туралы өз пікірі, оны зерттеудің өзінің әдістері бар. Міне, сондықтан да келесідегідей сызба-нұсқау түріндегі анықтаманы ұсыну қажет:
Тұлға бұл – адам мінез-құлқының уақытша және жағдайланған тұрақтылығын, дара өзгешелігін қамтамасыз ететін психологиялық сипаттамалардың көп өлшемді және көп деңгейлі жүйесі.
Тұлға теориясы – жеке тұлғаның даму механизмі мен табиғаты туралы жорамалдар немесе болжамдар жинағы. Жеке тұлға теориясы адамның мінез-құлқын түсіндіріп қана қоймай, сонымен бірге, күні бұрын болжауға тырысады (Хъелл А., Зиглер Д., 1997).
Тұлға туралы ғылымда осындай жеті тұрақты жауаптар комбинациясы мен жеке тұлға теориясы құрылған. Тұлға теориялары – динамикалық, аналитикалық, гуманистік, когнитивті, мінез-құлық, іс-әрекеттік және диспозиционалды болып бөлінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   125




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет