З. С. Советова Ғылыми зерттеу негіздері және академиялық жазылым


Ғылыми-техникалық мәтіндермен жұмыс істеуге қажетті сөздік



Pdf көрінісі
бет11/97
Дата11.10.2023
өлшемі5,46 Mb.
#184786
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   97
Байланысты:
Академ
Мектеп жасындагы балалардын тамак тануын уйымдастыру семинар
2.4 Ғылыми-техникалық мәтіндермен жұмыс істеуге қажетті сөздік 
түрлері 
Терминологиялық әдебиеттердің терминтану мәселелеріне арналған 
монографиялар, ғылым-танымдық еңбектер, терминологиялық анықтамалық

терминологиялық 
басылымдар, 
терминтанушылық 
жарияланымдар, 
терминологиялық құралдар сияқты түрлері бар. 
Түрлі сала мамандарының жиі қолданатын құралдарының бірі – 
терминологиялық сөздіктер. «Терминологиялық сөздік» атауы кең 
тарағандығына, өте жиі қолданылатындығына қарамастан, бұл терминнің 
түрлі әдебиеттерде «терминдер сөздігі», «терминдік сөздіктер» деген 
нұсқалары да жұмсалады. 
Қандай мақсатты көздей отырып жасалғанына, алға қойған міндеттеріне, 
қызметіне, қамтитын тілдеріне, көлеміне, қолданылу мүмкіндігіне, 
терминдерді беру тәсілдеріне, шығарылатын қалыбына, қандай терминдер 
түрлерін қамтитынына, кімге арналғандығына және өзге де кейбір талаптарға 
байланысты терминологиялық сөздіктер бірнеше түрге жіктеледі. 
Әртүрлі арнаулы сала ұғымдарының атаулары терминдерді қамтып, 
олардың мағыналарын түсіндіретін, жүйелік байланысын, аудармаларын
қолданылу ерекшеліктерін, этимологиясын т.б. сипаттарын көрсететін сөздік 
түрін 
терминологиялық сөздік 
деп атайды. 
Терминологиялық сөздіктер әртүрлі типтегі болуы мүмкін. Мысалы, 
түсіндірмелі, аударма, ақпараттық, этимологиялық, энциклопедиялық 
т.б. 
Олардың негізгілері мыналар: 
Түсіндірмелі терминологиялық сөздік 

 
терминдердің мағыналары 
түсіндірілетін терминологиялық сөздік түрі. 


24 
Аударма терминологиялық сөздік 
терминдердің аудармалары 
берілетін терминологиялық сөздік түрі. 
Этимологиялық терминологиялық сөздік 

 
термин сөздердің шығу 
төркінін, қай тілге қатысын, қандай мағыналық-құрылымдық өзгерістерге 
ұшырағандығын көрсететін терминологиялық сөздік түрі. 
Энциклопедиялық терминологиялық сөздік 
– сала терминологиясы 
жөнінде толық та жан-жақты мәлімет беретін терминологиялық сөздік. 
Жаңа терминдер сөздігі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет