Zanmedia. Kz қоғамдық-саяси, құқықтық газет


Рақымшылықпен бостандыққа шыққандар қайта қылмыс жа



Pdf көрінісі
бет6/37
Дата18.06.2022
өлшемі1,02 Mb.
#146738
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
ZG2022-7
Түйіндеме, қылмыс саты, Юриспруденция кафедрасы, century, famous teenagers you admire, пульмо, нефро каз, геронтология ж не гериатрия кітап, Геморрагические заболевания у детей
Рақымшылықпен бостандыққа шыққандар қайта қылмыс жа
-
сап, елімізде қылмыс саны өсіп кетпей ме? Оларды бақылау жолға 
қойылған ба?
Айгүл ҚУАТҚЫЗЫ
Сайрам ауданы
– Рақымшылыққа қылмысы аса ауыр емес және ауырлығы орташа 
қылмыс үшін жазасын өтеп жатқан азаматтар ғана ілігеді. Атап өтер 
болсақ, Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты 
ИЧ-167/9 түзеу мекемесінде аса ауыр жазаға тартылған қылмыскер
-
лер жазасын өтеуде. Бұл мекемеде жазасын өтеушілер бостандыққа 
шықпайды, кейбір азаматтың жаза өтеу мерзімі қысқаруы мүмкін. Түзеу 
мекемесінен шыққан сотталғандарды босатылғаннан кейін тұрғылықты 
мекенжайы бойынша пробациялық бақылау қызметкерлері, учаскелік 
инспекторлар тізімге алып, профилактикаға қояды. Екіншіден, олар
-
дың жұмыс мәселесін шешуге көмектеседі. Егер амнистияға ілінгендер 
міндеттерге бағынбаса, заңды нормаларға сүйене отырып жауапқа 
тартылады.
Дайындаған Раушан НАРБЕК
Түркістан облысы
САРАП
ЕҢБЕК ДАУЛАРЫН СОТҚА 
ДЕЙІН ЖЕТКІЗБЕЙ ШЕШУ 
ЖОЛДАРЫ
Ұ
жымдық еңбек дауларын жұмыс берушінің шешуі мүм-
кін болмаған жағдайда – татуластыру комиссиясы
онда келісімге қол жеткізілмеген кезде – еңбек төрелігі, онда 
реттелмеген мәселелерді соттар қарайды.
Жұмыскерлердің Қазақстан Респуб­
ликасының еңбек заңнамасын қолда
-
ну, жұмыскерлер мен жұмыс беруші, 
жұмыс берушілер бірлестігі арасын
-
дағы келісімдердің, ұжымдық және 
еңбек шарттарының, жұмыс беруші 
актілерінің талаптарын орындау немесе 
өзгерту мәселелері бойынша талаптары 
жұмыскерлердің жалпы жиналысында 
қалыптастырылады және бекітіледі. 
Жұмыскерлер жиналысының шешімі, 
егер олар ұсынған талаптарды қолдап 
дауыс берсе, қабылданды деп есепте
-
леді. Жұмыскерлердің талаптары жаз
-
баша нысанда жазылады және жұмыс 
берушіге, жұмыс берушілер жиналысы 
өткізілген күннен бастап күнтізбелік үш 
күн ішінде жіберіледі. Көрсетілген та
-
лаптарды әртүрлі жұмыс берушілердің 
жұмыскерлері қойған жағдайда, бұл 
талаптарды кәсіптік одақтардың сала
-
лық немесе аумақтық бірлестіктері не 
жұмыскерлер уәкілеттік берген өзге де 
жеке және заңды тұлғалар ұсынуы мүм
-
кін. Жұмыс беруші, жұмыс берушілер 
бірлестігі жұмыскерлердің талаптар 
қою жөнінде жиналыс өткізуіне кедергі 
келтірмеуі керек. Жұмыскерлер тала
-
бын шешу мүмкін болмаған кезде, олар 
татуластыру рәсімдері тәртібімен қара
-
лады. Тараптар ұжымдық еңбек дауын 
қараудың кез келген сатысында дел
-
далға жүгіне алады. Делдалдық рәсім 
татуластыру комиссиясындағы, еңбек 
төрелігіндегі татуластыру рәсімдеріне 
қарағанда дербес болып табылады 
және солармен қатар жүргізілуі мүмкін. 
Әрине, кез келген дауды ушықтырмай, 
мейлінше сотқа жеткізбей шешудің 
пайдасы орасан. Бұл еңбек дауларына 
да қатысты. Сот тәжірибесінен бай
-
қағанымыздай еңбек даулары көбіне
-
се жұмыс беруші мен жұмысшының 
құқықтық сауатының кемдігінен, заң 
талаптарын дұрыс сақтай білмеуінен 
орын алып жатады. Жұмыс берушілер 
мен жұмыскер арасында жалақы мен 
еңбек жағдайларын жақсарту бойынша 
даулар туындайды.
Дегенмен, кез келген мәселені өзара 
келісіммен реттеудің жолы қай кезде 
де бар. Бұл тәртіп еліміздің Еңбек ко
-
дексінде де қарастырылған. Оған сәйкес 
еңбек даулары орын алған жағдайда 
келіспеушілік бірден сот қарауына 
берілмейді. Алдымен дау келісім комис
-
сиясының назарына ұсынылады. Келісу 
комиссиясының шешімі орындалмаған 
жағдайда ғана дау сотта қаралады. 
Яғни, келісу комиссиясы – еңбек дауын 
сотқа дейін реттеудің міндетті сатысы.
Татуластыру комиссиясы жұмыс 
берушi мен жұмыскерлер өкілдерінің 
тең санынан тепе­теңдік негізде тарап
-
тардың бірлескен шешімімен құрылған 
орган болып табылады. Татуластыру ко
-
миссиясын құру туралы шешiм жұмыс 
беруші, жұмыс берушілер бірлестігі 
өз шешімін жұмыскерлердің назарына 
жеткізген не хабарламаған не ұжымдық 
келіссөздер барысында келіспеушілік
-
тер хаттамасын жасаған күннен бастап 
үш жұмыс күні ішінде қабылданады. 
Ұйымда жұмыскерлердің бірнеше өкілі 
болған кезде, олар комиссия жұмысы
-
на қатысу үшін бірыңғай өкілді орган 
құрады.
Жұмыс берушi, жұмыс берушiлер 
бiрлестiгi татуластыру комиссиясының 
жұмыс істеуі үшін қажетті жағдай 
жасайды. Татуластыру комиссиясы 
жұмыскерлер талабын ол келіп түскен 
күннен бастап жеті жұмыс күнінен 
кешiктiрмейтін мерзімде қарайды. Та
-
лаптарды қарау тәртiбi, қараудың көр
-
сетiлген мерзiмiн ұзарту тараптардың 
келiсiмi бойынша жүзеге асырылады 
және хаттамамен рәсiмделедi. Татулас­
тыру рәсiмі процесінде татуластыру 
комиссиясы жұмыскерлермен, жұмыс 
берушiмен, жұмыс берушiлер бiрлестi
-
гiмен, мемлекеттiк органдармен және 
өзге де мүдделi адамдармен консульта
-
циялар жүргiзедi. Комиссияның шешiмi 
тараптар келiсiмiнiң негiзiнде қабылда
-
нады, тараптардың өкiлдерi қол қоятын 
хаттамамен ресiмделедi, тараптар үшiн 
мiндеттi күшi болады және татуластыру 
комиссиясының шешімінде белгіленген 
тәртіппен және мерзімінде орындала
-
ды. Тараптардың біреуі хаттамаға қол 
қоюдан бас тартқан жағдайда, басқа 
тарап хаттамада тиісті жазба жасайды. 
Татуластыру комиссиясында келiсiмге 
қол жеткiзiлмеген кезде оның жұмысы 
тоқтатылады, ал дауды шешу үшін ең
-
бек төрелігі құрылады. Еңбек төрелігін 
ұжымдық еңбек дауының тараптары 
татуластыру комиссиясының жұмысы 
тоқтатылған күннен бастап бес жұмыс 
күні ішінде құрады.
Татуластыру комиссиясының жұмы
-
сы нәтижесіз болған кезде еңбек төрелі
-
гін ұжымдық еңбек дауының тарапта
-
ры комиссиясы жұмысы тоқтатылған 
күннен бастап бес жұмыс күні ішінде 
құрады. Еңбек төрелігі мүшелерінің 
саны, оның дербес құрамы, еңбек дауын 
қарау тәртібі тараптардың келісімімен 
тепе­теңдік негізде айқындалады. Ең
-
бек төрелігі кемінде бес адамнан тұруы 
тиіс. Оның құрамына мемлекеттік еңбек 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет