Зерттелетін көрсеткіштер мәні


Этиологиясы: Науқаста – созылмалы гломерулонефрит негізгі себеп



бет2/17
Дата06.01.2022
өлшемі0,95 Mb.
#109910
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
рк патфиз-1
559813, 2 сабақ Үй тапсырмасы үшін копия (копия), орит 2ргр
Этиологиясы: Науқаста – созылмалы гломерулонефрит негізгі себеп.

Басқа себептер: созылмалы пиелонефрит, бүйрек поликистозы, нефросклерозы, туберкулезы, интерстициальды нефрит, гидронефроз, несеп-тас ауруы. Қан тамыр атеросклерозы, эссенциалдық артериялық гипертензия. Қантты диабет, амилоидоз, подагра кезіндегі зат алмасу бұзылыстары. Жүйелі қызыл жегі. Туа біткен себепке Фанкони синдромы, Альпорт синдромы жатады. Осы сырқаттардың нәтижесінде несеп сүзілу, азоттық заттардың сыртқа шығарылуы бұзылысы, су мен тұз тепе-теңдігі бұзылысы, Д витамині алмасу бұзылысы,гормондар ыдыратылуы мен сыртқа шығарылу бұзылысы, бүйректе эритропоэтин, простогландин, кинин, урокиназа өндірілуі қатты азаюы орын алады.

Патогенез: Созылмалы аурулардың нәтижесінде бүйрек қызметі нашарлап, оның нефрондарының саны азаяды. Бүйректің функциялық қызметінің бұзылуы 3 сатыға жіктеледі:

  1. Жасырын сатысы 1А кезеңі: тыныштық жағдайда өзгеріс байқалмайды, креатинин мөлшері қалыпты. Бірақ, сұйықтық көп ішкізсе бүйрек функциясының резервтік мүмкіншілігі азайғанын байқауға болады. 1Б кезеңінде креатини мөлшері 80 мкмол/л болады. Қалыптының жоғарғы шегінде. Нефрон шумақтары арқылы несеп сүзілуі 2 есеге төмендейді – 40-60 мл/мин.

  2. Гиперазотемиялық сатысы. Нефрондардың 70% тіршілік жояды. 2А кезеңінде несеп сүзілуі мөлшерінің 20 %ға дейін, 2В кезеңінде 10 %ға дейін азаяды. Нәтижесінде уытты азотты заттар – мочевина, креатинин, фенол қанда көбейеді.

  3. Уремиялық сатысы. Несеп сүзілу мөлшерінің 5%на дейін төмендеп, гиперазотемия, уремия дамиды. (Науқаста осы саты!!!)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет