7 сынып. 7-тарау. Бөліп шығару.
1.Шығарылуы тиіс заттар:артық су,улы заттар,артық дәрумендер,емдік заттар
2.Өкпе арқылы шығарылады:көмірқышқыл газы ,су булары,эфир булары,хлороформ
3.Тер бездерімен шығарылады:су және тұздар
4.Сілекей және асқазан бездері:ауыр металдар,емдік заттар
5.Бауыр:қаннан горсондарды(тироксин,фолликулин),гемоглобиннің ыдырау өнімдерін
6.Ұйқы безі және ішек бездері:ауыр металл тұздарын,емдік заттар
7.Бүйрек арқылы зәр шығарады:адам,сүтқоректілер,құстар,жорғалаушылар,
қосмекенділер,балықтар,ұлулар
8.Жиырылғыш вакуоль :қарапайымдар
9.Қарапайымдарға жатады:амеба,жасыл эвглена,кірпікшелі кебісше
10.Құрттарда :сыртқа шығару каналдары
11.Шаяндарда:екі жасыл без
12.Өрмекшілер мен жәндіктерде:мальпигий түтікшелері
13.Өсімдіктердің ақырғы шығару өнімдері:эфир майы,шайыр,балауыз, шырыш,шірнелік,илік заттар,пигменттер
14.Өсімдіктерде заттар бөлінеді:мүшелердің үстіңгі бетінен
15.Бөлінділер жиналатын арнайы орындар:бездер,без қапшықтаар,
түтіктер
16.Бөлінді заттардың маңызы:1)эфир майы –жануарларды еліктіреді немесе үркітеді.
2)шайырды жарақаттарға жағу үшін,организмдерді бұзылудан қорғау
3)балауыз мүшелердің үстін тұтас жауып,шамадан тыс буланудан қорғайды
4)тәтті шірнеліктер жәндіктерді шақырады
17.Тамыр бөліндісі:өсімдік тамырымен сыртқа шығарылатын органикалық,минералды затта шығарылады
18.Гуттация-организмдегі артық суды өсімдіктер арқылы шығарылуы
19.Өсімдіктердің жылауы
20.Омыртқасыздарғажатады:қарапайымдар,құрттар,ұлулар,бунақденелілер
(шаяндар,өрмекшілер,жәндіктер-бунақденелілер)
21.Жалпақ құрттарда:зәр шығару түтікшелері(ол жұлдызшалы жасушалар мен өзектерден тұрады)
22.Буылтық құрттарда:ұзын және иілген жұп түтікшелер
23.балықтардың бүйрегі:ұзын таспа тәрізді,ол дене қуысының арқа жағында Қабырға мен торсылдақ арасында орналасқан.
24.Амфибияларда:бүйрегі шағын
25.Жыландарда:бүйрегі ұзынынан жақсыы созылған және бөліктерге бөлінген
26.Құстарда:жамбас сүйектерінің ойысына тығыз жинақталған
27.Сүтқоректілерде:пішіні бұршақ тәрізді немесе сопақша
28.Сүтқоректілердің бүйрегі жұмыс істеуі үшін жоғары қан қысымы қажет және оны тек артерия қамтамасыз етеді
7 сынып. 8-тарау ҚОЗҒАЛЫС
1.Өсімдік қозғалыстарының типтері:таксис,тропизм,настия,гуттация
2.Таксис-физикалық және химиялық факторлардың әсер етуінен бүкіл организмнің орын ауыстыруы
3.Дұрыс таксис,бұрыс таксис,фототаксис,хемотаксис
4.Тропизмдер-сыртқы тітіркенгіштің бір жақты әсер етуіне байланысты өсімдік мүшелерінің биіктеп өсуі
5.Тропизм түрлері-фото,гелио,гео,гидро,хемо
6.Настия –өсімдік бөліктері мен мүшелерінің жасуша серпімділігінің өзгеруі нәтижесінде немесе өсуіне байланысты бағытсыз қозғалысы
7.Гаптонастия :мимозаның қозғалысы (ұйқылы қозғалыс)
8.Фотонастия-жарыққа реакция(мысалы бәйшешек,қызғалдақ)
9.Нутация-өсімдік мүшелерінде тургордың циклдік өзгеруіне байланысты болатын маятник тәрізді немесе айналмалы қозғалыс (мысалы:мұртшалардың,өркен төбесінің)
10.Фотопериодизм-жарықтың тәуліктік ырғағына организмнің реакциясы, өсімдіктердің сыртқы ортаның маусымдық өзгерісіне бейімделу реакциясы
11.Фотопериодизмнің бір көрінісі-гүлдеу
12.Өсімдіктер күн жарықтығына қарай бөлінеді:ұзақ күнді,қысқа күнді, бейтарап
13.Ұзақ күнді өсімдіктер- жаздың басында гүлдеп,күзге дейін жемісі мен тұқымы пісіп жетіледі(астық тұқымдастар-қарабидай,бидай,сұлы),қоңыржай
Және полярлы ендіктерде
14.Қысқа күн өсімдіктер –жаздың соңында гүлдейді(астралар,бақытгүл), субтропикаға жақын
15.Қарапайымдардың қозғалу құрылымдары:амебадажалғанаяқтар,жасыл
Эвглена-жіпшелер,кірпікшелі кебісшеде-кірпікшелер
16.Шұбалшаңда –ұзын салалы бұлшықеттер,сақиналы бұлшықеттер,
қылтанақтар
17.Шаяндарда-баскөкірегінде бес жұп аяқ,бірінші жұбы қысқыш
18.Өрмекшілерде-үш үштен тырнақтары бар төрт жұп аяқтары
19.Өрмекшілердің тырнақттары-өрмекті өру үшін,оның бетімен жүру үшін
20.Жәндіктерде-үш жұп аяқтары
21.Балықтарда-денесі сүйір пішінді,сүйекті қабыршақтармен жабылады,
Жұп көкірек,жұп құрсақ қанаттары болады
22.Қосмекенділерде-екі жұп аяқтары болады.
23.Алдыңғы аяғы тұрады:қары,білек,алақан және саусақ
24.Артқы аяқтары:сан,сирақ,табан.Саусақтарының арасында жүзу жарғақтары болады
25.Теңіз тасбақаларының аяқтары жүзу қалақтарына айналған
26.Қолтырауындарда бармақтарының арасында жүзу жарғақтары болады
27.Құстардың алдыңғы аяғы ұшу қанаттарына айналған
28.Қанаттарында болады:ірі желпуіш қауырсындар,олар ұшу беткейін ұстайды
29.Құйрықтың ірі,бұрушы қауырсындары-құс ұшуын бағыттайды,қону кезінде жылдамдықты реттейді
30.Құстарда күрделі сегізкөз болады:арқа,бел,сегізкөз омырқалар жамбас сүйектерімен біріккенкезде түзіледі
31.Сүтқректілерде:аяқтары денені астынан тіреп тұрады,бұл олардың бір орында ұзақ тұруына әрі тез жүгіруіне мүмкіндік береді
Достарыңызбен бөлісу: |