Зерттеу жұмысының жүйесі және оның құрылымы Жоспары



бет2/2
Дата02.05.2023
өлшемі21,62 Kb.
#175909
түріРеферат
1   2
Байланысты:
зерттеу жұмысы
онлайн жоспар
Студенттің зерттеу жұмысының нысаны, пәні. Студенттердің болашақтағы қызметіне дайындығының келесі сатысында зерттеу мақсаты туралы ұғымдарды тереңдетуге мүмкіндік жасалады. Студент зерттеу объектісін, пәнін бөліп, гипотезасын тұжырымдай алу керек. Объект дегеніміз белгілі бір ұғымдар жүйесі тұрғысынан суреттелетін педагогикалық болмыс. Сондықтан объектіні зерттеуге алғанда оны белгілі бір ғылыми көзқарастар тұрғысынан сипаттау керек: тұтас және қызметтік тәсіл, оңтайландыру және басқару тұжырымдамасы, проблемалық оқыту тұжырымдамасы т.б.
Сонымен студент зерттелетін объектіні көрсетіп қана қоймай, оны зерттеуде басшылыққа алатын тұжырымдамаларын атап кетуі тиіс. Мысалы оқушыларды білім, іскерліктермен қаруландыру жеке тұлғаның дамуымен байланыста қарастырылады. Бұл қазіргі уақыттағы басты проблема білім, іскерліктерді жинақтау мен жеке тұлғаны дамытуды бір мезгілде жүргізуге қалай қол жеткізуге болады деген сұраққа жауап алуға жол ашады. Объектіні осылай түсіну педагогикалық тұжырымдамаларды жақсы түсінуге, олардың ішінен қазіргі замандағы мәселелерді шешуге көмектестіндерін таңдап алуға әсер етеді.
Зерттеу пәні объектінің бір бөлігі. Мысалы объект оқушыларды білім, іскерліктермен қаруландыруды жеке тұлғаның дамуымен бірлікте жүзеге асыру болса, пәні белгілі бір пәнді оқыту әдістемесі. Объектіні осылайша түсіну зерттеудің күрделі міндеттерін қоюды талап етеді.
Зерттеу гипотезасы. Міндеттерді ғылыми негіздеген соң гипотеза туралы мәселе пайда болады. Мектепке міндеттерді шешу туралы жорамалдарсыз баруға болмайды. Гипотезаның көптеген анықтамалары бар. Зерттеу жұмысын жаңа бастаған зерттеушіге гипотезаны педагогикалық үрдістің қысқаша жобасы деп тұжырымдауға болады. Бұл ұғымды меңгеруді педагогикалық үрдістегі гипотезаны құрастыру түрлерімен танысу жеңілдетеді. Мысалы, белгілі бір пәнді оқыту оқушылар ұғымдарды терең меңгеріп, меңгерілген білімдердің мағынасын, маңызын мына талаптар орындалғанда терең түсінеді:а) оның мақсатында оқушының біліміндегі өзгеріс пен қатар жеке тұлғалық сапаларындағы өзгеріс те жобалану керек; ә) оқыту мазмұнында дүниетанымдық адамгершілік – саяси идеялар нақты көрсетілу керек; б) қолданылған әдістер ойдың ғана белсенділігін ынталандырумен шектелмей, бағалау іс әрекеті мен тұлғааралық қатынастарды ынталандыру керек.
Гипотезаның суреттеу және түсіндірмелі деп аталатын екі түрі бар. Біріншісінде себеп пен салдар арасындағы байланысқа сипаттама беріледі. Міндеттілікті талап ететін жағдайлар және факторлар, салдардың пайда болу қажеттігі ашылмайды. Мұндай гипотезалар прогностикалық қызмет атқара алмайды. Себебі басқа жағдайда салдары көрінбейді.
Түсіндірмелі гипотезада салдары заң түрінде көрінетін жағдайлар, факторлар суреттеледі. Қолданылатын оқыту және тәрбие мазмұны, әдістерінің тиімділінің басты шарты оқушылардың оларға көзқарасы, қатынасы(репродуктивтік, өздік, шығармашылық, саналылық, мәжбүрлеу). Сондықтан гипотезада оқушылардың іріктелген мазмұн, әдіс, іс- әрекетке қатынасы толық ашылу керек. Гипотезада әбден негізделген белгілі бір теориялық түсінік, тұжырымдама(мысалы, біртұтас педагогикалық үрдіс) тұрғысынан мұғалімнің, тәрбиешінің, оқушылардың қызметі, оның білім және іскерлік, даму түріндегі нәтижесі бір жерге жиналады. Кейде гипотеза негізіне педагогтар, психологтар, әдіскерлердің қорытындылары алынады.
Гипотезаны талдау барысында студент ғылымда жауабы жоқ мәселелерге кездеседі. Белгілі бір тәжірибені жинақтау барысында студентке «зерттеу проблемасы»(білім деңгейінің жеткіліксіздігі, ғылымдағы шешілмеген мәселе, педагогикалық теорияны дамыту қадамын жобалау) деген сұраққа жауап беруге тура келеді. «Зерттеу проблемасы» ұғымының бірнеше мағынасын меңгеру керек: студент кездескен, бірақ ол зерттемеген мәселе, басқа зерттеушілердің мәселесі. Студенттерге материалдарды жинақтау және өңдеу де үлкен қиындық туғызады. Материалдарды жинау мәдениетін көтеру үшін оларды гипотезада көрінетін педагогикалық үрдіс компоненттері арасындағы байланыс – заңдылық болып табылатын «педагогикалық факт»(педагогикалық процестің белгілі бір бөлігі) ұғымымен таныстыру керек. «Педагогикалық заңдылықты» оқу – тәрбие үрдісінің тиімділігін туғызатын бағыт деп анықтауға болады.
Педагогикалық зерттеулердегі басты мәселе зерттеу бағытын факт түрінде көрсетіп, содан соң қорытынды жасау.
Тапсырмалар

  1. Педагогика ғылымдарының кандидаты атағын алу үшін дайындалған 4-5 авторефератты талдап, зерттеу міндеттерін бөлімдердегі ережелермен салыстырып, сәйкестігін табыңыз.

  2. Авторефераттағы объект(нысан) және пәнге баға беріңіз.

  3. Сізге оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру керек. Сіз оқыту мазмұны және оқыту әдістеріне қойылатын талаптарға қандай өзгерістер, толықтырулар енгізгіңіз келеді. Оларды гипотеза түрінде тұжырымдаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет