Енгізудің мақсаты: • Мектепте оқыту сапасын жоғарылату; • Мектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру. Критериалды бағалаудың міндеттері



бет2/3
Дата29.05.2024
өлшемі23,84 Kb.
#203006
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
реферат педагогика

негізделеді:
• Оқыту мен бағалаудың өзара байланысы. Бағалау оқу бағдарламасындағы мақсаттармен, күтілетін нәтижелермен тікелей байланысты оқытудың ажырамас бір бөлігі болып табылады. Демек, неге және қалай оқытады, білім алушының қажеттілігі қандай және бағалау тәжірибесінде жүзеге асыруға қажетті нәтижелерге жетуге қалай көмектесуге болады деген сұрақтарға жауап іздеу.
• Шынайылық, анықтық және валидтілік. Бағалау дәл және сенімді ақпаратты ұсынады. Қолданылатын критерийлердің, құралдардың оқу мақсаттарына жетуге, күтілетін нәтижелерді бағалайтынына сенімділік бар. Объективтілік, анықтық, валидтілік жиынтығы бағалаудың сапасын анықтайды. Барынша мазмұнды сипаттаманы бағалауды қаншалықты дұрыс өткізетінімізді және нақты нені өлшейтінімізді бағалаудың валидтілігі ұсынады. Аталған қағидатты жүзеге асыру:
- нені бағалау қажеттігін нақты түсіну және анықтауды;
- бағалау критерийлерін құрастыру және негіздеуді;
- тапсырмаларды құрастыру және рәсімдерді жоспарлауды
көрсетеді.
• Ашықтық және нақтылық. Бағалау түсінікті, айқын ақпараттарды ұсынады, сондай-ақ, барлық оқу үдерісіне қатысушылардың қызығушылығын, жауапкершілігін арттырады. Аталған қағидат мақсаттар мен бағалау рәсімдерінің түсінікті, нұсқаулықтың анық және нақты, нәтижелердің пайдалы және қолжетімді болуын болжайды. Бағалау үдерісінде оның мақсаттылығы мен дұрыстығы еш күмән тудырмауы тиіс. Өз кезегінде білім беру үдерісіне қатысушылар арасындағы өзара әрекет пен сенімге қол жеткізу олардың қызығушылығын арттыру және оқу нәтижесіне оң әсер етуге ықпал етеді.
• Үздіксіздік. Бағалау білім алушылардың оқу жетістігінің ілгерілеуін дер кезінде және жүйелі қадағалап отыруға мүмкіндік беретін үздіксіз үдеріс болып табылады. Бағалау үдерісінің тұрақтылығы рәсімдер арасындағы өзара байланысты негіздейтін және бірыңғай білім беру жүйесін құратын қалыптастырушы бағалау, балл қою кестесі механизмін қолдану және жиынтық бағалаудың кестесін белгілеу әрекеттері арқылы қамтамасыз етіледі.
• Дамытуға бағыттылық. Бағалау білім алушылардың, мұғалімдердің, мектептің, білім беру саласының даму бағытын анықтайды және ынталандырады. Бағалау білім алушылардың қандай білім мен дағдыларды меңгергені туралы ақпараттарға талдау жасауға және жинақтауға негізделген білім беру үдерісінің алдағы уақыттағы қадамдары туралы негізгі шешімді қабылдауына мүмкіндік береді.
Критеpиалды бағалaудың артықшылығы: оқушының жеке басы емес, тек қана жұмысы бағаланады, білім алушының жұмысын бағалау алдын – ала ұсынылған критерийлерге негізделеді, бағалау алгоритмі білім алушыларға алдын- ала белгілі, білім алушы не мақсатта жұмыс істеп отырғанын біледі, білім алушының білімділік деңгейі анық көрініп тұрады, критерий арқылы бағалау мұғалімнің анық біліп отыруына мүмкіндік береді, білім берудің сапасы артады;

II. Критериалды жүйенің негізгі компоненттері формативті (ФБ) және жиынтық бағалау (ЖБ) болып табылады.


2.1. Формативті бағалау – критериалды бағалау жүйесінің негізгі элементі. Жиынтық бағалаудың нәтижесі ФБ қалай ұйымдастырылғанына байланысты. ФБ білім алушылардың ағымдағы білімді меңгеру және дағдыларының қалыптасу деңгейін анықтайды, білім алушыларға жаңа материалды зерделеу кезеңінде тапсырмаларды қаншалықты дұрыс орындайтынын және оқу мақсаттарына қол жеткізетінін түсінуге мүмкіндік береді. Бағалаудың осы түрі педагогке білім алушының жеке жетістіктері мен үлгірімінің ілгерілеуі туралы толық мәлімет алуға мүмкіндік береді, демек, жиынтық бақылауды өткізер алдында оқу процесін дер кезінде түзетуге және білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды жоюға көмектеседі.
ФБ негізгі әдістері:
1) сұрақтарды дұрыс қоя білу, себебі білім алушылардың түсінігі мен әрекетінің деңгейін олардың берген жауабына қарай бағалау мұғалімнен кәсіби шеберлікті талап етеді. Осы әдісті қолдану кезінде педагогке берілетін ұсыныстар:
- сұрақтардың жеткілікті санын ойластыру;
- сұрақтар сыныптағы барлық білім алушыларға қолжетімді болуы керек;
- сұрақ бойынша ойлануға жеткілікті уақыт беру;
- сұрақтардың бірізділігін ойластыру (қарапайымнан күрделіге немесе
жабық сұрақтардан ашық сұрақтарға);
- бір типтегі сұрақтарды қолданбау (мысалы, оқиғаларды еске түсіру және
дәлелдер келтіру және т.б.);
- сыни тұрғыдан ойлауды дамыту үшін проблемалық және ойландыратын
сұрақтарды қолдану;
- сұрақ қою кезіндегі қарқынды, екпінді ескеру;
- мағынасын тексеруге арналған сұрақтарды қолдану;
- жауаптарды жетілдіруге арналған сұрақтар құрастыру;
- сұрақ қою кезінде сөздердің ауыспалы мағынасын бақылау және т.б.
сұрақтарды дұрыс қолдану, білім алушыларды белсенді әңгімелесуге тарту, Блум таксономиясы бойынша төменгі деңгейдегі сұрақтардың орнына жоғары деңгейлі ойлауды қажет ететін құнды ашық сұрақтарды жиі қою арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту сабақтардың тиімді өтуін қамтамасыз етеді.

2.2. Жиынтық бағалау – оқу бағдарламасының бөлімдерін зерделеу аяқталғаннан кейін және оқу тоқсанының соңында білім алушылардың білімді меңгеру деңгейін және дағдыларының қалыптасуын айқындайтын бағалау.


Бағалаудың екі түрі де сараланған тәсілді ескере отырып, педагогтердің көп деңгейлі тапсырмаларды әзірлеуін қамтиды. Педагогтер ЖБ тапсырмасын құрастыру кезінде, білім алушылар оларды орындау кезінде академиялық адалдық қағидатын сақтауы маңызды.
БЖБ түрі (бақылау, практикалық немесе шығармашылық жұмыс, жоба, эссе, диктант, мазмұндама, шығарма, тестілеу) мен сабақта өткізілетін уақытын педагог өзі анықтайды.
ТЖБ барлық білім беру ұйымдары үшін бірыңғай тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясына сәйкес жүргізіледі. Педагог академиялық адалдық нормаларын сақтай отырып, өткен бөлімнің, тоқсанның, жартыжылдықтың оқу материалының мазмұны бойынша оқу бағдарламасына сәйкес техникалық спецификация негізінде БЖБ және ТЖБ тапсырмаларын әзірлейді. ЖБ өткізу кезінде педагог таңдалған оқу материалының оқу бағдарламасы бойынша бөлімнің/ ортақ тақырыптардың / тоқсанның өткен тақырыптарына сәйкестігін қамтамасыз етуі қажет.
1-сыныпта ЖБ өткізілмейді.
2-11-сыныптарда педагог «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына сәйкес пәндер бойынша ФБ, БЖБ және ТЖБ жүргізеді. Формативті және жиынтық бағалау нәтижелері бойынша білім алушыларға тоқсандағы оқу жетістіктерін бағалау кезінде ескерілетін балдар қойылады.

ФБ кезінде білім алушылардың оқу жетістіктері балл қою арқылы бағаланады. ФБ үшін ең жоғары балл 2-11-сыныптарда 1-ден 10 балға дейін болуы керек (10-кесте). Әр сабақта әр білім алушының оқу жетістіктеріне балл қою арқылы ФБ жүргізу міндетті емес. Педагог орындалған жұмыс көлемін, оқу тапсырмаларын және т.б. ескере отырып, оқу жетістіктері үшін балл қою мерзімділігін және сабақ үшін балл қойылатын білім алушылардың санын жеке анықтайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет