Қорытынды
Критериалды бағалауда оқушының өзіне деген сенімі артады. Бұл жүйедегі ең маңызды нәрсе – оқу процесі, сол арқылы бала өзін – өзі бағалауды үйренеді, өз білімінің артықшылығы мен кемшілігін көреді, әрі қарай қалай даму керек екенін түсінеді. Критериалды бағалау әдісі арқылы оқушылардың ең алдымен қызығушылығы оянады, белсенділігі артады, өз ойын ашық айтуға үйренеді, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады. Өзінің жеке бағасын анықтай алады. Критериалды бағалаудың пайдасы нақтылық, әділдік, ын таландыру , белсенділік.
Дәстүрлі бағалауда оқушының жеке жетістігін белгілі нормамен немесе оқушылардың көбінің нәтижелерімен салыстыру болады да, оқушы көкейінде «Оған неге «5» ,ал маған…» немесе «Сол баяғы «4» қой», «Не үшін?» деген сауалдар болады. Ал критериалды бағалау жүйесі бұрынғы бағалауға қарағанда қалыптастырушы және жиынтық бағалаумен ерекше ленеді. Қалыптастырушы бағалау оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған болса, жиынтық бағалау мақсатты баға қою және сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару үшін қажет.
Қорыта айтқанда А.Байтұрсынов былай деген екен: «Мектептің жаны мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы…» демек, білім сапасын көтерудің негізгі тетігі — ұстаз. Сол себепті бағалаудың түрлерін тиімді пайдаланып, оқушыларды терең біліммен қаруландырып отырсақ, болашақта мемлекеттік тілдің мәртебесі жоғары деңгейге көтерілетініне, тәуелсіз еліміздің болашағы баянды болатынына сенімім мол.
Достарыңызбен бөлісу: |