English Grammar. Lesson 1: Alphabet (Ағылшын алфавиті)


Ағылшын тіліндегі сілтеу есімдіктері сын есімдік-сілтеу есімдігі және зат есімдік-сілтеу есімдігі болып екіге бөлінеді



бет15/40
Дата08.07.2022
өлшемі0,62 Mb.
#147358
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   40
Байланысты:
АНГ Грамматика ереже
Гос сурактары терапия, solpr11 (3)
Ағылшын тіліндегі сілтеу есімдіктері сын есімдік-сілтеу есімдігі және зат есімдік-сілтеу есімдігі болып екіге бөлінеді.
Сын есімдік-сілтеу есімдігі сөйлемдегі зат есімнің алдында келіп, оны айқындап, зат есім туралы нақтырақ мәлімет береді, сөйлеушінің белгілі бір затқа сілтеме жасап тұрғанын көрсетеді. Егер зат есімнің алдында сын есім болатын болса, онда сілтеу есімдігі сын есімнің алдында тұрады. Мысалы:
I live in that house — Мен анау үйде тұрамын.
I live in that big house — Мен анау үлкен үйде тұрамын.
I take this one — Мен мынау біреуін аламын.
I want to take this red one — Мен мынау қызыл біреуін аламын.
Зат есімдік-сілтеу есімдігі сөйлемде зат есімнің орнына қолданылады. Мысалы:
What is this? — Бұл не?
This is my pen — Бұл — менің қаламсабым (ручка).
These are my apples and those are yours — Мыналар — менің алмаларым, ал аналар — сенің алмаларың.
How do you write this? — Сен бұны қалай жазасың?
To be етістігі
Ағылшын тілінің грамматикасы сабақтарын тым қатты тереңдетіп жазғаннан кейін бе, әйтеуір, ең басты, ең оңай деген тақырыпты ұмытып кетіппін. Ол тақырып “to be етістігі” деп аталады. Осы сабақты, кеш болмай тұрып, сіздерге ұсынып отырмын.
verb — етістік
to be естістігінің түрленуі

Ағылшын тілінде “to be (болу)” деген етістік бар. Етістік болғанда қазақ тіліндегідей “отыру”, “тұру” дегендей қимылды, әрекетті білдіретін етістік емес. Қазақ тілінде “to be” етістігі жоқ. Есесіне, жалғаулар арлылы білдіріледі. Мысалы: I am a student — Мен — студентпін.
Жоғарыдағы мысалға қарап, ағылшын тіліндегі to be етістігінің am деген түрін қазақша -мын, -мін, -пын, -пін деген сияқты жалғаулармен түсіріндіруге болатын сияқты. Бірақ әрқашан да солай екен деген түсінік қалыптаспасын. Кей кездері ешқандай аудармасы да баламасы да болмайды. Мысалы: Aman is here — Аман осында (жүр). Мұнда алдыңғы мысалдағыдай -мын, -мін, -пын, -пін (жіктік жалғаулар )деген жалғаулар жоқ. Осыған қарап, бұл тақырыпты ағылшын тілінің ерекше табиғаты ретінде қабылдау керек сияқты. Бұл сабақты орыс тілінде түсіндіру де ешқандай дәлдікпен іске аспайды. Қазақшасына ұқсас. Мысалы: I am a student — Я — студент. Немесе Я есть студент.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет