English Grammar. Lesson 1: Alphabet (Ағылшын алфавиті)



бет5/5
Дата08.06.2018
өлшемі149,93 Kb.
#42006
1   2   3   4   5

Есімше (зат есім және сын есім болып келетін етістіктің туындысы) түрінде келмейді. Есімшені ағылшынша Participle дейміз. Мысалы, most played game (көп ойналған ойын) тіркесіндегі “played” сөзі — өткен шақтағы есімше (past participle). Can модальді етістігін “canned” деп қолданбаймыз. Тіпті, одальді етістіктің олай қолданылуы қисынға келмейді, түсініксіз тіркес шығады.

Герундий (Gerund) түрінде келмейді. Герундий дегеніміз заттанған (зат есімнің роліндегі) етістік. Ағылшын тілінде етістікке -ing жалғауы жалғану арқылы герундий жасалады. Мысалы: sleeping (ұйықтау), swimming (жүзу, малту). Swimming is the best for you to be healthy (Шомылу — сіз үшін салауатты (денсаулығы мықты) болудың ең жақсысы). Бұл мысалдағы “swimming” нақ осы шақтағы “шомылып жатыр” деген мағынада емес. Қазақ тіліндегі “шомылу” сөзі етістік емес, зат есім ретінде қолданылып тұр. Мағынасы ауқымды.

Жоғарыда түсіндіргеніміз жеткілікті болса, модальді етістіктің геріндий болмайтынына мысал келтірейік. Мысалы, бір әрекетті жасай алу ең дұрыс амал делік. Оны ағылшынша “Canning is the best” дей алмаймыз. Мұндай ереже грамматикада жоқ.

Ескерту! Canning сөзі ағылшын тілінде “консервілеу” деген сөзбен сәйкес келеді. Бірақ тек жазылуы ғана (омонимдер)

Инфинитив түрінде келмейді. Инфинитив (Infinitive) дегеніміз етістіктің бастапқы формасы. Ол “to” қосымшасы арқылы да қосымшасыз да жасалады.

Модальді етістікті “to” қосымшасымен бірге жазбаймыз. Мысалы: to can немесе to must.

Модальді етістіктердің әр қайсысына алдағы сабақтарымызда жеке-жеке тоқталып, олардың арасындағы айырмашылықтарын айқындап жазамыз.

Prepositions for, about, of

for — көп мақсатта (көп мағынада) қолданылатын көмекші сөз (шылау). Бұл сабақта for шылауының “үшін” деген мағынасын қарастырамыз. Ескертетіні, бұл шылау көп жағдайларға да қазақ тіліне тікелей аударылмайды. for — үшін, барыс септігі+ арналған. “Біреу үшін”, “бір зат үшін” деген типтегі тіркестерде қолданылады. Мысалы: This present is for you — Мына сыйлық сіз үшін (сізге арналған). I go to the supermarket for a water — Мен су (алу) үшін супермаркетке барамын. about — туралы (жайлы). Бұл көмекші сөз де көп мақсатта (көп мағынада) қолданылады. Мысалы: We are talking about a new film — Біз жаңа фильм туралы әңгімелесіп отырмыз. What do you know about Abai? — Абай туралы не білесіз? of (off дегенмен шатастырмаңыз) — қазақ тіліндегі ілік септігі жалғауларының (-ның (нің), -тың (тің), -дың (дің)) мағынасын беретін көмекші сөз. Of шылауының сөзбе-сөз аудармасы жоқ. Мысалы: Citizens of Kazakhstan — Қазақстанның азаматтары. All of you — сіздердің барлықтарыңыз. Can you repair the roof of the house? — Сіз үйдің шатырын жөндей аласыз ба? The picture of a mountain — Таудың суреті.

Can модальді етістігі (modal verb)

Болымды түрі: can [кән, кэн]; болымсыз түрі: can not [кә(э)ннот, кә(э)ннат] немесе cannot; болымсыз түрінің қысқарған түрі: can’t [кәнт, кант]

cannot пен con not екеуінің еш айырмашылығы жоқ. Жазылулары әртүрлі болғанымен, мағынасы бір.

Can модальді етістігі қазақшаға сөзбе-сөз аударылмайды. Мағыналық тұрғыдан қарастырсақ, бір істі, әрекетті істеуге мүмкіншіліктің болуын білдіреді. Қазақ тілінде балама болу ғалайықты деп, “етістік + алу” деген грамматикалық формуланы ереже етуімізге болады. Мұндағы “етістік” дегеніміз етістіктің түбіріне —а, -е, -и, -й жалғауларының жалғанған нұсқасы. Ал “алу” дегеніміз көмекші етісік, жіктеледі (аламын, аласың, алады, …). Болымсыз түрінде “алу” көмекші етістігі “алмау” болып қолданылады. Мысалы: айта алмау, бара алу, келе алу, оқи алу

I can speak English — Мен ағылшынша сөйлей аламын.

He can not come — Ол келе алмайды.

She is very shy. So she can not ask anything — Ол (жынысы: әйел) — ұялшақ. Сондықтан ештеңе сұрай алмайды.

Can модальді етістігінің өткен шақтағы нұсқасы: could [куд] (could not, couldn’t [куднт])

When I was 5-year-old, could not ride a bicycle — Мен бес жасымда (бес жаста болғанда) велосипед тебе алмадым.

Could I use your computer to surf Internet? — Мен сіздің компьбтеріңізді Интернетке кіру (Интернетті шолу) үшін пайдалана аламын ба?

Can модальді етістігінің “could” нұсқасы сыпайылық түрдегі сөйлемдер мен шартты сөйлемдерде (Conditional Sentences) де қолданылады.

May модальді етістігі

May [meı] — ықтималдылықты (болуы мүмкін), рұқсат сұрауды немесе рұқсат беруді білдіретін модальді етістік. Өткен шақта may және might екеуін де қолдана беруге болады. Examples:

Possibility (ықтималдылық)

— Where is Doszhan? (Досжан қайда?)

— He may be in the garden (Мүмкін, ол бақшада болар)

Request permission (рұқсат сұрау)

May I come in? (Кіруге рұқсат па?)

May I use your towel? (Сіздің сүлгіңізді пайдалануыма бола ма?)

Give permission (рұқсат беру)

Yes, you may come in (Иә, кіруіңе болады (кіруге болады))

No, you may not use it. I give you another one (Жоқ, он қолдануыңа болмайды. Қазір басқа біреуін беремін).

May модальді етістігінің өте сыпайы түрі: Might [maıt]

Might модальді етістігін May-дің баламасы ретінде де қолдана беруге болады. Сондай-ақ, біреуге ұсыныс жасағанда, шартты сөйлемдерде Might қолданылады. Might модальді етістігінің болымсыз түрі: might not, mightn’t [maıtnt] Examples:

Your socks might be in the bathroom (Сенің шұлықтарың жуынатын (вана) бөлмеде болуы мүмкін).

Might I borrow your mobile phone? (Мен сіздің ұялы телефоныңызды ала тұрсам бола ма?).

Your parents might visit me next week (Сенің ата-анаң маған келесі аптада келе алады) ұсыныс ретінде

Must модальді етістігі

Must [mʌst] модальді етістігі жүктелген міндетті, тыйым салынған немесе қатаң түрде бекітілген нұсқауды, бұйрықты айтып жеткізу кезінде қолданылады. Must етістігінің болымсыз түрі: mus not [mʌsnt].

Ескерту! must модальді етістігі өткен шақты қолданылмайды. Оның орнына баламалы тіркестер қолданылады. Мысалы: have to, allowed to.

Must модальді етістігіне мысалдар:

This must be the right answer! — Бұл дұрыс жауап болуы тиіс.

Students must pass an entrance examination — Студенттер қабылдау емтиханынан өтулері керек.

Erbol, you must not play in the street! — Ербол, сен көшеде ойнамауға тиіссің.



I must play football — Мен футбол ойнауға тиістімін (міндеттімін).

He must work hard if he wants to pass his exam — Ол емтиханнан өткісі келсе, белсенді (үздіксіз) еңбектенуі керек.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет