English Grammar. Lesson 1: Alphabet (Ағылшын алфавиті)


English Grammar. 17-сабақ: Сұраулы сөйлемнің түрлері



бет3/5
Дата08.06.2018
өлшемі149,93 Kb.
#42006
1   2   3   4   5

English Grammar. 17-сабақ: Сұраулы сөйлемнің түрлері

Бұл сабағымызды сұраулы сөйлемдердің түрлеріне (сұрақтың түрлері) арнаймыз.

Ағылшын тілінің грамматикасында қолданылатын сұраулы сөйлемдердің негізгі төрт түрлі формасы бар. Олар:

Yes/no questions (closed questions) немесе General questions

WH questions немесе Special questions

Tag questions немесе Disjunctive questions

Alternative questions……………………………………………………………………………………..

Yes/no questions (иә/жоқ) — сұралған сұраққа берілетін жауап жабық болады (closed question), яғни, “иә” немесе “жоқ” деген жауаптардың біреуі қайтарылады, жауаптарға қарап сұрақтың қандай сұрақ екендігін ажырата алмайсыз. Мысалы:

Are you from Russia? — No. (No, I am not)

Do you know about new neighbour? — Yes. (Yes, I do)

Есте сақтаңыз! Жақшаның ішіндегі жауаптар аз ғана созылыңқы (толығырақ) түрде берілген жауаптар болып табылады. Екеуінің (жақшадағы және жақшаның алдындағы) де мағыналары бірдей.

Жабық сұраулы сөйлемдердің жоғарыда келтірілгендерден де басқа түрлері бар. Мысалы, жасыңыз бен тұратын қалаңыз, т.б. жайлы сұрақтар болса, онда сіз ондай сұрақтарға бірауыз сөзбен, қысқаша түрде жауап бересіз. Ол жауаптар жабық жауаптардың қатарына жатады. Дегенмен, грамматикалық тұрғыда жабық сұрақ жайлы айтылғанда, көбінесе, “yes” немесе “no” жауаптары бар сұраулы сөйлемдер негізгі анықтаманы береді.

WH questions — what, when, why, who, where, whose, whom, which, how деген арнайы сұраулы сөздер арқылы жасалатын сұраулы сөйлемдердің келесі бір формасы. WH дегеніміз әр бір сұраулы сөздің бастапқы екі әріптер. Бірақ, жалғыз ғана how сұраулы сөзі жазылуы бойынша басқаларынан өзгеше. Мысалы:

What is your name? — My name is Assan.

Where do you live? — I live in Taraz.

How long do you sleep? — I sleep about 8 hours a day.

Tag questions (ілмекті сұрақтар) — сұраулы сөйлемнің алдыңғы бөлігінде айтылған сөздерге қосымша ілмек-тіркес жалғанып жасалатын сұраулы сөйлемнің бір формасы. Соңынан жалғанатын ілмек-тіркес алдыңғы бөліктегі сөйлемге тікелей байланысты және үтір арқылы жазылады. Мысалы, алғашқы бөлікте to be етістігі болымды түрде қолданылса, ілмек-тіркесте to be етістігінің болымсыз түрі қолданылады. Алдыңғы бөлікте to be етістігін, ал кейінгі бөлігінде басқа түрдегі етістіктерді қолдана алмайсыз. Мысалы:

You are smart, aren’t you? — Сен ақылдысың, солай емес пе?

She comes tomorrow, doesn’t she? — Ол ертең келеді, солай емес пе?

Жоғарыда келтірілген мысалдар болымды түрде болса, төмендегі мысалдар болымсыз түрде. Дұрыстап қарап, барынша дұрыс түсінуге тырысыңыздар.

They aren’t students, are they? — Олар студент емес, солай емес пе (солай ғой)?

Yes, they aren’t — Иә, солай (олар студент емес).

We don’t play today, do we? — Біз бүгін ойнамаймыз, солай емес пе?

No. We play — Жоқ, олай емес.Ойнаймыз.

Есте сақтаңыз!

I am a teacher, am I not? деген сұрақ дұрыс емес. Дұрысы: I am a teacher, aren’t I? болады. Егер ақылға салып, салыстырмалы түрде қарасаңыз, алғашқысы дұрыс болуы керек. Алайда, ағылшын тілі грамматикасының ережесіне сай келетіні тек екіншісі. Егер алғашқы нұсқасының қолданылуын кездестірсеңіз, таңа қалмаңыз. Ауызекі тілде ондай жағдайлар қалыптасып қалған. Ол жерде ол нұсқаны қате дей алмайсыз.

Alternative questions (Баламалы сұрақтар) кемінде екі немесе одан да көп жауаптарды ұсынады, яғни, көп жауаптың ішінен біреуін ғана таңдайсыз немесе біреуі ғана дұрыс болады. Бірақ бұл қатып қалған ережесі емес. Бірнеше баламалы жауаптар ерекше интонациямен айтылады.

Мысалы: Would you like tea, coffee or milk? — Шай, кофе немесе сүт қалайсыз ба?

Coffee — Кофе. Қысқаша жауап, бірақ нақты.

Will you come today or tomorrow? — Сіз бүгін келесіз бе, ертең келесіз бе?

I will come tomorrow — Мен ертең келемін. Толығырақ жауап, нақты жауап.

18-сабақ: Ауыспалы осы шақ (Present Simple Tense)

Осы шақ — әңгіме болып жатқан шақта болып жатқан оқиғалар мен іс-әрекеттерді сипатттайтын, күнделікті өмірде істейтін әрекеттерді сипаттайтын етістіктің шағы. Ағылшын тілінде осы шақтың 4 түрі бар (қазақ тілінде осы шақтың 2 түрі бар: ауыспалы осы шақ, нақ осы шақ):

Present simple (ауыспалы осы шақ);

Present continuous немесе Present progressive (нақ осы шақ немесе созылыңқы осы шақ);

Present perfect simple (аяқталған осы шақ);

Present perfect continuous (Present perfect progressive).

Жоғарыда атағанымдай екі тілдегі осы шақтың түрлері әр түрлі болып келеді. Қазақ тілі мен ағылшын тілінде сәйкес келетіндері: ауыспалы осы шақ (Present simple) пен нақ осы шақ (Present continuous). Бұл сабағымызда ағылшын тіліндегі осы шақтың осы алғашқы түріне тоқталамыз. Алдағы сабақтарда нақ осы шақ (Present continuous) тақырыбы қарастырылады. Ал одан басқа екеуі келесі деңгейдің сабақтарына жатады.

Present simple — ауыспалы осы шақ

“Present simple” тіркесін қазақшаға сөзбе-сөз аударатын болсақ, “жай осы шақ” деген мағына шығады. Жай осы шақ дегеніміз қазақ тілі грамматикасындағы ауыспалы осы шақ. Мысалы: ойнаймын, оқимын, келеміз, жүзесің, ойланады, …

Present simple осы шақта айтылатын қалыпты, күнделікті тіршілікте қалыптасып кеткен іс-әрекеттерді сипаттайды. Іс-әрекеттерге күн сайын істейтін ұйқыдан тұру (get up), жуыну (wash up), жүру (go), т.б. секілді етістіктерді жатқызуға болады. Кесте бойынша немесе күнделікті режимге кіретін әрекеттер де Present simple арқылы сипатталады. Мысалы: I get up at seven o’clock — Мен сағат жетіде оянамын (ұйқыдан тұрамын).

Ауыспалы осы шақтағы to be етістігі:

Жекеше → Көпше

I am → We are

You are → You are

He/she/it is → They are

Ауыспалы осы шақтағы to do етістігі:

Жекеше → Көпше

I do → We do

You do → You do

He/she/it does → They do

Present simple-дың болымды (Affirmative), болымсыз (Negative) және сұраулы (Question) сөйлемдері

Болымды түрі: He plays (ол ойнайды). || We speak English (Біз ағылшынша сөйлейміз).

Болымсыз: He does not play (Ол ойнамайды). || We do not speak English (Біз ағылшынша сөйлемейміз).

Сұраулы: Does he play (Ол ойнайды ма?)? || Do we speak English (Біз ағылшынша сөйлейміз бе?)?



English Grammar. 19-сабақ: Нақ осы шақ (Present Continuous)

Present Continuous Tense (Present Progressive Tense) — нақ осы шақ немесе созылыңқы осы шақ — тура әңгіме болып жатқан кездегі іс-әрекеттерді сипаттайды. Мысалы: I am writing a letter — Мен хат жазып отырмын.

Ағылшын тіліндегі нақ осы шақтың жасалу жолы (формуласы)

Мысалы: Azat is eating — Азат тамақтанып отыр

Azat — Subject

is — to be verb

eating — verb+ing

Ағылшын тіліндегі нақ осы шақ -ing (АйЭнДжи) жалғауының жалғануы арқылы ерекшеленсе, қазақ тіліндегі нақ осы шақ “отыр”, “жатыр”, “тұр” етістіктері арқылы жасалады.

Нақ осы шақтағы сөйлемдердің түрлері

Жай сөйлем: We are playing football.

Сұраулы: Are we playing football?

Болымсыз: We are not playing football.

English Grammar. 20-сабақ: Өткен шақ (Past Simple Tense)

Ағылшын тілінде өткен шақтың 4 түрі бар:

Past Simple;

Past Continuous;

Past Perfect;

Past Perfect Continuous.

Бұл сабағымызда тек Past Simple Tense тақырыбын қарастыратын боламыз.

Өткен шақта болған іс-әрекеттерді етістіктің өткен шақтағы түрімен сипаттаймыз. Өткен шақ етістіктерінің қарапайым түрі — Past Simple Tense.

Past Simple Tense өткен шақта болған әрекетті нақты сипаттайды. Ол сипаттап тұрған уақыт осы шақтан бұрын болған, яғни, қазіргі уақытпен еш байланысы болмайды. Мысалы:

We played — Біз ойнадық.

She washed her car — Ол (қыз) машинасын жуды.

I studied in Almaty — Мен Алматыда оқыдым.

Әдетте, өткен шақта тұрған етістіктердің соңы -ed жалғауымен аяқталады. Бірақ бұл ережеге бағынбайтын етістіктер де жетерлік. Оларды жаттап алуларыңыз керек. Жоғарыдағы ережеге бағынбайтын етістіктердің тобын бұрыс етістіктер (Irregular Verbs) деп атайды. Бұрыс етістіктердің кейбірі төмендегі тізімде.

Regular form Irregular form Қазақша мағынасы

go went бару

come came келу

speak spoke сөйлеу

drink drank ішу

begin began бастау

do did істеу

eat ate жеу

fall fell құлау

feel felt сезу

fly flew ұшу

get got алу

give gave беру

make made жасау

run ran жүгіру

say said деу, айту

see saw көру

sell sold сату

stand stood тұру

swim swam суға шомылу, жүзу

take took алу

tell told айту

think thought ойлану

throw threw лақтыру

understand understood түсіну

wear wore киіну

win won Жеңу, ұту

write wrote жазу

Regular және Irregular түрде де бірдей жазылатын бұрыс етістіктер бар. Олар:

cut — cut, read — read, hit — hit, shut — shut, beat — beat, cost — cost.

Өткен шақтағы “to be” және “to have” етістіктерінің өткен шақтағы түрлері



Ағылшын тілі грамматикасы. 21-сабақ: Келер шақ (Future Tense)

Келер шақ арқылы болашақта орындалатын іс-әрекеттер мен жоспарлаған іс-әрекеттерімізді әңгімелей аламыз.

Ағылшын тіліндегі келер шақ Future Tense (Future Simple Tense) деп аталады. Оның бірнеше жасалу жолдары бар.

Future Tense, әдетте, shall және will көмекші сөздері арқылы жасалады (will+verb).

Ереже! Грамматикалық ережелерге сай “shall” сөзі тек бірінші жақта жекеше және көпше түрде (I shall, We shall) қолданылады. Басқа жақтарда (екінші, үшінші жақтар: you, he/she/it, they) “will” көмекші сөзі қолданылады. Бірақ, қазіргі кездегі ағылшын тілінде бірінші жақта да “will” сөзі қолданыла береді.Мысалы: I (or We) shall learn English — Мен (немесе біз) ағылшын тілін үйренемін (үйренеміз).

Askhat will come tomorrow — Асхат ертең келеді.

My grandfather will go to Astana — Менің атам Астанаға барады.

Болымсыз: Your mother will not (wil not=won’t) work on next week — Сенің анам келесі аптада жұмыс істемейді.

Сұраулы: Will they call us? — Олар бізге телефон соға ма?

Present Simple арқылы келе шақтың жасалуы

Ауыспалы осы шақ (Present Simple) арқылы келер шақтағы сөйлемді жасау үшін осы шақ сөйлемінде міндетті түрде келер шаққа қатысты мезгіл үстеуі болу керек. Мысалы:

We have an exam on next Friday — Келесі жұмада біздің емтиханымыз бар.

Sayat comes tomorrow — Саят ертең келеді.

The bus goes tonight — Автобус бүгін кешке (түнде) жүреді.

Futere Tense сөйлемдері нақ осы шақ (Present Continuous) арқылы да жасалады. Бірақ сөйлемде келер шақтың мезгіл үстеуі болу керек. Мысалы: I am visiting you tomorrow — Мен ертең сізге (саған) қонаққа барамын.

What are you doing on next Sunday? — Келесі жексенбіде не істегелі жатырсыз?

“going to” тіркесі арқылы да келер шақ сөйлемдерін жасауға болады. Оның формуласы мынадай: going to + verb Мысалы:

I am goint to have a test — Мен (алдағы уақытта) тест тапсырғалы жатырмын.

My brother going to study Mechanical Engineering — Менің ағаммашина жасау мамандығын оқиды. Алдағы уақытта сол мамандыққа түседі.

Are you going to do this work later? — Сен бұл жұмысты кейінірек жасайсың ба?



22-сабақ: Many & much (how many/how much)

Many және much сөздерінің мағыналары бірдей. Екеуі де “көп” деген мағынаны білдіретін сөздер. Бірақ неге екеуі екі түрлі? – деп, өзіңізден өзіңіз сұрауыңыз мүмкін. Олай болса, сұрақ өте орынды қойылған болады.

Many мен much — мөлшерді білдіретін сөздер (ағылшынша: мөлшер есімдіктері – Quantitative pronouns).

Екеуінің де мағынасы бір, бірақ қолданылуы екі түрлі. Мысалы, заттардың арасында саналатын және саналмайтын заттар бар. Many саналатын заттардың мөлшері (саны) көп екендігін білдірсе (көпше түрдегі зат есімдермен бірге жазылады), much саналмайтын заттардың мөлшері көп екендігін білдіреді.

Мысалы: Ақшаны “10 ақша, 30 ақшалар, 50 ақша” деп санай алмаймыз. Сондықтан ол much арқылы жазылады — much money

Теңгені санай аламыз (many tenge (теңгенің көпше түрі де теңге. Сондықтан соңына -s жалғауы жалғанбайды), many dollars), бірақ қазақша “көп теңге(лер)” деген тіркес дұрыс емес. Оның орнына “көп ақша (much money)” деген тіркесті қолданамыз.

many

My sister has many books — Менің әпкемде көп кітаптар бар.



My neighbor has many friends — Менің көршімнің көп дос(тар)ы бар.

much


My sister has much work to do — Менің әпкем көп жұмыс істеу керек.

There is much money — Көп ақша бар.

How many және how much

Бұл екі тіркес те жоғарыдағы екеуі секілді саналатын немесе саналмайтын заттарға қолданылады. Бірақ сұраулы сөйлемдерде қолданылатындығын есте сақтаңыз. Сол себепті де мағынасы “көп” емес, “қанша” дегенді білдіреді. Мысалы:

How many tenge (dollars) have you paid? — Қанша теңге (доллар) төледің?

How much money does your father have? — Сенің әкеңде қанша ақша бар?

How much = a lot of

Кейде how much-тың орнына a lot of тіркесі қолданылады. Бірақ сөйлемнің мағынасы өзгермейді. Мысалы: I have much money. I have a lot of money.

How much money do I have?. . . . .

Тақырып бойынша жаттығу

How ____ songs do you know?

He has so ____ friends.

Hurry up! We don’t have so ____ time.

You have too ____ money. Can you lend me?

How ____ tenge do you need?

There are ____ students in the theatre.

How ____ of you speak English?

How ____ brothers do you have?

My father doesn’t drink ____ coffee.

There are too ____ children in our house.

How ____ does this T-shirt cost?

How ____ tenge does this cap cost?

It is not easy to say how ____ books I have.

How ____ litres do these cows produce?

How ____ milk should you drink?

Too ____ teachers get no respect from pupils.

We use „____“ with countable nouns, „____“ with uncountable nouns.

I don’t eat ____ cheese.

Is there ____ snow in the mountains?

____ sugar, ____ pens, ____ CDs.

Жауаптары:

many, 2. many, 3. much, 4. much, 5. many, 6. many,

many, 8. many, 9. much, 10. many, 11. much,

many, 13. many, 14. many, 15. much, 16. many,

many – much, 18. much, 19. much, 20. much – many – many

Ағылшын тілінің грамматикасы. 23-сабақ: A lot and a lot of/lots of

Бұл тақырып бойынша шатаспайтын адам кем де кем болар, сірә. Егер осы үш сөзді шатастырып алатын болсаңыз, қам жемеңіз.

Бір-біріне өте ұқсас үш тіркес бар. Олардың біреуінің мағынасы өз алдына бір бөлек болса, екеуінің мағынасы бірдей.

lot — көп.

A lot of = Lots of — мөлшерді білдіретін сөздер (ағылшынша: мөлшер есімдіктері – Quantitative pronouns). A lot of және Lots of тіркестерінің мағыналары бірдей. Олар бір заттың немесе адамдардың мөлшерінің немесе санының көп екендігін білдіреді.

Үнемі көпше түрдегі саналатын зат есімдердің және жекеше түрдегі саналмайтын зат есімдердің алдында тұрады.

A lot of пен Lots of екеуі осының алдындағы сабақта өткен Many және Much екеуінің бейресми баламасы, яғни, informal түрі. Мысалы:

A lot of students do not like mathematics.<;/strong>Lots of students do not like mathematics.

Жоғарыдағы екі сөйлемнің де мағынасы бірдей: Студенттердің көбісі (Көптеген студенттер) математиканы ұнатпайды.

A lot of және Lots of тіркестері саналатын (countable) және саналмайтын (uncountable) зат есімдермен де қолданыла береді.

with countable nouns:

They need a lot of people to dance “Kara zhorga” — “Қара жорға”-ны билеу үшін оларға көп адам қажет.

There are lots of books on my table — Менің үстелімнің үстінде көп кітаптар бар.

with uncountable nouns:

They need a lot of money to buy a new car — Жаңа машина алу үшін оларға көп ақша керек.

There is (still) lots of snow in Astana — Астанада (әлі де) қар көп.

Қараңыз!

Саналатын заттарға (көпше түрінде) мысал келтіргенде There are болды, ал саналмайтын заттарға мысал келтіргенде There is болды. Неге? Бұл ереже жайлы мына жерден біле аласыздар.. . . . . . . . . .

A lot ≠ A lot/ Lots of

A lot сөзінің сөзбе-сөз мағынасы “көп” дегенді білдіргенімен қолданылу аясы, яғни, сөйлемдегі мағынасы мүлдем бөлек. Ол adverb (үстеу) ретінде қолданылады. Мағынасы: өте көп, көп, өте жиі, жиі, (кейде әлдеқайда дегенді де білдіреді). A lot ешқашан зат есімнің алдында келмейді, көбінде сөйлемнің соңында келеді. Мысалы:

Students play football a lot — Студенттер футболды өте көп (жиі) ойнайды.

We go to the biggest swimming pool a lot — Біз ең үлкен хауызға (бассейнге) көп барамыз.

She doesn’t go there a lot anymore — Ол (қыз) ол жаққа енді жиі (көп) бармайды.

He feels a lot better — Ол (жігіт) өзін әлдеқайда жақсы сезінеді.. . . . . . .

Тақырып бойынша жаттығу

I like Almaty ____.

She has ____ friends in Aktau.

Timur bought ____ coins for his collection.

My father has ____ experience.

I would like to have ____ books.

I would like to read it ____.

He likes to put ____ sugar in tea.

It helped me ____ in my career.

He helped me to change ____ money.

You enjoy swimming ____.

Kuralai has ____ money. She has _____ jewellery.

I go shopping ___. But I don’t save ____ my money.

I don’t see ____ things in my room.

Turan went to Shymkent ____ last year.

It was ____ better last month.

Our professor did ____ researches. We did not see him ____.

Ағылшын тілінің грамматикасы. 24-сабақ: to do етістігі

to do етістігі 3 түрлі жағдайда қолданылады:

негізгі етістік ретінде: “істеу” деген мағынада;

көмекші (auxiliary) етістік ретінде: сұрақтарда келетін “Do”, “does”, “did” көмекші сөздері;

екпінмен айтылатын болымды лепті сөйлемдер.

to do — негізгі етістік

I do (мен істеймін), they do (олар істейді), she does (ол (қыз) істейді) …

to do — көмекші етістік

Сұраулы сөйлемдерде “Do you …”, “Do they …” деп келетін түрлеріндегі to do етістігі көмекші етістік ретінде қолданылады. Көмекші етістіктерді ағылшын тілінде “auxiliary verbs” деп атайды. Көмекші етістіктері бар сөйлемде міндетті түрде негізгі етістік болады және ол алғашқы формасында жазылады. Мысалы:

Do you come tomorrow? | Did he take the ball?

to do екпінмен айтылатын болымды лепті сөйлемдерде

to do етістігі бұл түрде көп қолданылмайды. Ағылшын тілі грамматикасында бұл түр, көп жағдайларда, қарастырылмайды. Сондықтан да, кейбіріңіз үшін жаңалық болуы да мүмкін.

to do етістігі қатысатын екпінді сөйлемдер міндетті түрде болымды түрде және лепті сөйлем болуы тиіс. To do сөйлемге екпін береді (emphasis). Мұндай сөлемдерде қалыпты сөйлемдегідей негізгі етістігі болады, оған to do тек қосымша, үстеме ретінде қосылады. Мысалы:

I do like this film! — Мен мына фильмді ұнатамын!

Saken did like this shirt! — Сәкен мына жейдені ұнатты!

Ағылшын тілі грамматикасы. 25-сабақ: A little/a few and little/few

Тақырыптың жазылуы қандай түсініксіз болса, сабақ та солай түсініксіз тақырып төңірегінде болмақ. Түсініксіз дегенге мүлдем түсініксіз екен деген ой болмасын. Түсінесіз, қазір осы сабақты оқып отырып түсінесіз, бірақ үйренгеніңізді қолданбасаңыз қайтадан түсінбей қаласыз. Назар салып қараңыз, a little мен little сөздерінің жазылуы бірдей емес, тек ұқсас. A few мен few сөздері де сол секілді.

A little and a few

A little және a few сөздерінің мағынасы бірдей, “аз, аздаған” және “бірнеше” дегенді бідіреді. Бірақ қолданылу ерекшеліктері аздап басқаша. Болымды сөйлемдерде қолданылады. A little және a few сөздерінен кейін келетін саналатын зат есімдер көпше түрде болады, ал саналмайтын зат есімдер негізгі формасында болады. Саналмайтын зат есімдердің кейбірінің мағынасы көпше түрдегідей мағынаны береді (мысалы: су. Су саналмағанымен оның мөлшері көп).

A little дегенді саналмайтын зат есімдермен (uncountable nouns) бірге болымды сөйлемдерде (мағыналық жағынан да болымды сөйлем) қолданамыз. Мысалы: a little milk –аздаған, аз сүт, a little honey – аздаған бал, a little money – аздаған ақша. 3 money (қате) – a little money (дұрыс).

A few-дің де мағынасы “аздаған, бірнеше” дегенге саяды. Бірақ a little секілдісаналмайтын емес, керсіне, саналатын заттармен қолданылады. Мысалы: 3 friends – a few friends (бірнеше дос), a few dogs (бірнеше ит, аздаған ит (саны көп емес)), a few apples (бірнеше алма).

Little and few

A little ≠ little (a few ≠ few). Формула түсінікті болар. A артиклінсіз жазылатын little және few сөздерінің мағынасы “аз, шектеулі мөлшерде аз” және “мүлдем аз”, “небары бірнеше, бар болғаны бірнеше-ақ” дегендей мағыналарға сай келеді. Көбінде, болымсыз немесе мағынасы болымсыз сөйлемдерде қолданылады. Төмендегі мысалдарға мұқият қараңыз. Айырмашылықтарын барынша есте сақтауға тырысыңыз. Мысалы:

We need a little money — Бізге аздаған ақша керек.

We need little money — Бізге аз—ақ (аз ғана) ақша керек.

A few friends visited me — Бірнеше досым қонаққа келді.

Few friends visited me — Небары бірнеше—ақ досым қонаққа келді.

Күнделікті өмірде Little and few сөздері қолданыла бермейді. Дегенмен, оларды қолдану қате болып саналмайды. Олар ресми түрдегі сөздер қатарына жатады. Little-дің орнына much/many сөздерін қолдану тиімдірек. Мысалы:

I need little money = I don’t need much money.

Few friends visited me = Not many friends visited me.

26-сабақ: Prepositions of Time (in, on, at, ago, after)

Preposition — қазақ тілінде: көмекші сөз — сөйлемнің мүшесі болып, оның мағынасына өз үлесін қосатын, бірақ жеке тұрғанда ешқандай грамматикалық мағынасы жоқ сөз, көмекші сөз.

Грамматикалық мағынасы болмағандықтан да олардың қазақ тіліндегі нақты аудармасы бола бермейді. Мысалы, on Sunday — жексенбіде (жексенбі күні), in box — қорапта (қораптың ішінде).

Бұл тақырыпта ағылшын тіліндегі уақытқа, мезгілге қатысты көмекші сөздерді қарастырамыз. Ескертетін жәйт: ағылшын тіліндегі уақытқа қатысты барлық prepositons қамтылмайды. Ең негізгі деген, бастауыш деңгейді үйренушілерге қажетті дегендерін өтеміз.

in — уақытқа қатысты қолданылатын көмекші сөздердің бірі. Ол қазақ тіліндегі -да (-де, -та, -те), -ы (жыл-ы) дегендей жалғаулар сияқты сөйлемге мағына береді. Кей кездері оған лайықты қазақша жалғау да болмайды. Мысалы: in October – қазанда (ай), in 1932 – 1932 жылы, in two week – екі аптада, in the morning – таңертең, in 90s – 90-шы жылдары.

Preposition Use (қолданылуы) Examples (мысалдар)

in Months (айлар) in July, in September, in February

Year (жыл) in 1985, in 1999, in 90s,

Seasons (мезгілдер) in summer; in the summer of 69

Part of the day (күннің бөліктері) in the morning, in the afternoon, in the evening

Duration (уақыт ұзақтығы) in a minute, in two weeks, in three months

on — уақытқа қатысты қолданылатын көмекші сөздердің бірі. Ол апта күндерімен, күндермен (даталармен) және, т.б. уақыттық сөздермен бірге қолданылады. Мысалы: on Sunday – жексенбіде, on september 11st. – 11-ші қыркүйекте.

Preposition Use (қолданылуы) Examples (мысалдар)

on Days of week (апта күндері) on Friday; on Saturday,

Day/date (күн) on 26th october; on that day, in 2008

Special holydays (арнайы мерекелер) on Good Day; on Easter Sunday, on my Birthday

a part of a special day ( ерекше күннің бір бөлігі) on the morning of October 15th

at — бұл да бір уақытқа қатысты көмекші сөз. Бұл, көбінде, қалыптасып кеткен тіркестер мен сағатқа қатысты уақытты айтқанда қолданылады. Мысалы: at 5 o’clock, at night.

Preposition Use (қолданылуы) Examples (мысалдар)

at time of day (күндегі уақыт) at 6 o’clock, at 11.45 (11:45)

fixed phrases (қалыптасқан тіркестер) at the same time, at the moment, at present, at weekend

Celebrations (мерекелер, мейрамдар) at Christmas, at Easter

Part of the day (күннің бөліктері) at night, at midnight,

ago — уақыттық көмекші сөз. Бастауыш деңгейді меңгерген адам білуі тиіс. Мағынасы: бұрын, алдын.Ago сөйлеп тұрған кез бен өткен уақыттың арасындағы уақытты білдіреді. Мысалы: five years ago – бес жыл бұрын, 10 months ago – он ай бұрын (алдын), long ago – ұзақ уақыт бұрын.

after — уақыттық көмекші сөз. Бастауыш деңгейді меңгерген адам білуі тиіс. Мағынасы: соң, кейін. After сөзінен кейін үнемі уақытты білдіретін негізгі сөз келе бермейді. Мысалы: after school, after jogging, after 6 o’clock.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет