тәуелдеу есімдігі (Possessive Prn.) — my (менің), your (сенің, сіздің, сіздердің), his (оның), her (оның), its (оның), our (біздің), their (олардың);
сілтеу есімдігі (Demonstrative Prn.) — this (мынау), that (анау), these (мыналар), those (аналар);
сұрау есімдігі (Interrogative Prn.) — who немесе whom (кім немсе кімге), what (не), whose (кімнің), which (қайсы);
белгісіздік есімдігі (Indefinite Prn) — some, any, (some мен any-дің туындылары: somebody (белгісіз біреу), anybody ( кез-келген біреу), somewhere (бір жерде), anywhere (кез-келген жерде), something (бірдеңе, бір нәрсе), anything (кез-келген бірдеңе), someone (біреу), anyone (к-к біреу)), one (біреу, кей біреу);
қатыстық есімдігі (Relative Prn.) — who (те, кто немесе тот, кто (который)) немесе whom (которого не-се кого), what, which (который), whose (чья, чей), that (что не-се то, что);
Ескерту! Қатыстық есімдіктердің қазақ тілінде тікелей аудармасы жоқ. Қатыстық есімдіктер мен сұрау есімдіктерінің жазылулары бірдей болғанымен, мағыналық айырмашылығы жер мен көктей. Шатастырып алмаңыздар. Екеуіне екі бөлек тоқталатын боламыз алда. Бұл тақырыпқа толығырақ толталғанша бастарыңыз қатпасын деп, қазір тек бір мысал келтіре кетейін. Мыс: The man who was here is our boss — Осында болған кісі — біздің бастығымыз. Ал орысшасы: Человек, который был здесь, наш шеф.
өздік есімдігі (Reflexive Prn.) — myself (өзім), yourself (өзің), himself (өзі), herself (өзі), itself (өзі), oneself (өзі — белгісіз біреу), ourselves (өзіміз), yourselves (өздерің, өздеріңіз), themselves (өздері);
ортақтық (өзаралық) есімдігі (Reciprocal Prn.) — each other (бір-бірін — адамдар мен заттарға қатысты), one another (бір-бірін — екі немесе одан көп адамдарға және заттарға қатысты);
болымсыздық есімдігі (Negative Prn.) — no (… емес), none=no one (ешкім), neither (ешкім, ешбірі), nobody (ешкім), nothing (ештеңе), no one (ешкім).
Байқаған болсаңыздар, бас қататындай-ақ сабақ. Есімдіктерді бір немесе екі-үш сабақпен қорытып, игеріп кету өте қиын (жоғарыда жазылғандары әлі барлығы емес). Тіпті, сабақты жасаған менің өзім түсіндіру барысында қиналыңқырап қаламын. Себебі, көп жағдайларда қазақ тілі мен ағылшын тілдерінің табиғаттары екі бөлек болып келеді. Қазақша ешбір баламасы (аудармасы) жоқ сөздер бар. Есесіне, орыс тіліндегі баламалары сабақты тез әрі нақты түсінуге көмектеседі. Егер орыс тілін де түсінбейтін болсаңыз, қам жемеңіз. Қазақша сөйлемдермен ұзақ әрі ұғынықты түсіндіруге тырысып бағамын. Бұдан бөлек тағы 3-4 сабақ осы есімдіктердің түрлерін игеруге арналатын болады.
Бұл сабақтан үйренеріңіз:
есімдіктерді топтарына қарай жаттау;
есімдік топтарының ағылшынша атауларын жаттау.
Ағылшын тілі грамматикасы. 9-сабақ: жіктеу және тәуелдеу есімдіктері
Жіктеу есімдігі (Personal Pronoun)
Ағылшын тіліндегі жіктеу есімдіктері екі септікте болады: атау септік және объективтік септік. Объективтік септік қазақ тіліндегі барыс және табыс септіктерін қамтиды. Барыс септігі: кімге? неге?; табыс септігі: кімді? нені?
Ағылшын тілінде үшінші жақта қазақ тіліндегідей тек қана бір сөз («ол» деген есімдік) қолданылмайды. Ер адамға he, әйел адамға she және жансыз заттарға (абстрактылы түсініктерге және сабиге (егер жынысы сөйлеушіге белгісіз болса), өсімдіктер мен жануарларға it есімдігі қолданылады) әр түрлі есімдіктерді қолданады. Бірақ барлығының аудармасы «ол» дегенді білдіреді. Мысалдар: She is my sister — Ол — менің әпкем (қарындасым). You are my best friend — Сен менің жақын (жақсы) досымсың. They can not swim — Олар жүзе алмайды.
I lend him my car — Мен оған машинамды (уақытша пайдалануға) бердім.
Let us (let’s) go! — Қанекей, жүрейік!
We have not seen them — Біз оларды көрмедік.
He told us about new cars — Ол бізге жаңа машиналар жайлы айтып берді.
Arman tried to break it — … Арман оны (шөлмекті, ыдысты) сындыруға тырысты.
It is I = It is me (ауызекі тілде) — Бұл — мен.
«It is I» = «It is me» екеуінің мағыналары бір, бірақ екеуінің екі түрлі жазылуы — ескеретін жағдай. Бұл жайлы алдағы уақытта арнайы тақырыпта жазамын.
Тәуелдеу есімдігі (Possessive Pronoun)
Әрбір жіктеу есімдігінің тәуелденген түрі (формасы) бар. Олар өз алдына «Тәуелдеу есімдіктерін» құрайды. Ағылшын тіліндегі тәуелдеу қазақ тіліндегі секілді кімнің? кімдікі? ненің? ненікі? деген сұраққа жауап іздейді. Ағылшын тіліндегі сұрағы: whose? Тәуелдеу есімдігі (Possessive Pronoun) негізгі және абсолюттік болып екі формаға бөлінеді.
Менікі = меніңкі» — екеуі де бірдей.
Мысалдар: This is not my bag, mine is blue — Бұл менің сөмкем емес, меніңкі көк түсті.
Her father works for Sony Company — Оның (қыздың) әкесі Sony Company-да жұмыс істейді.
… is yours better than ours? — … сіздердіңкі біздердіңкінен жақсырақ па?
I went to him, but that house was not his — Мен оған бардым, бірақ ол үй оныңкі болмады. Мысалдардан байқаған боларсыздар, негізгі формадағы тәуелдеу есімдігі бар жерде міндетті түрде зат есім қатар жүреді. Мысалы, бірінші сөйлемдегі «my bag (менің сөмкем)». Ал егер абсолюттік формадағы тәуелдеу есімдігі келсе, онда ол жерде зат есім болмайды. Мысалы, «mine is blue (менікі көк түсті)». Мұндағы меніңкі есімдігі сөйлемнің алғашқы бөлігінде аталған сөмкені атамай-ақ сөйлеуші адамға тәуелдеп тұр. Сол себептен де мұндай сөйлемдерде (зат есімі қатыспаған) «менің» есімдігі емес «менікі» есімдігі қолданылады. Яғни, меніңкі көк түсті = менің сөмкем көк түсті.
Қазақ тілінде өздік есімдігі бар. “Өз” деген түбірден шығатын есімдіктер солай аталады. Ағылшын тілінде қазақ тіліндегі өздік есімдігінің арасында біраз айырмашылық бар. Қазақша өздік есімдігін ағылшынша тәуелдік есімдіктермен де жасауға болады. Мысалы: I always use my toothpaste — Мен әрқашан өзімнің тіс пастамды қолданамын.
Бұл мысалды қазақша “Мен менің тіс пастамды қолданамын” деп айту қате болып саналады.
Кестелер сурет ретінде қойылды. Үстінен басып үлкейтуге болады.
Ағылшын тілі грамматикасы. 10-сабақ: Сілтеу есімдігі (Demonstrative Pronoun)
Көзге көрініп тұрған адамды, затты т.б. меңзегенде (нұсқағанда, көрсеткенде) сілтеу есімдіктері қолданылады. Сілтеу есімдіктері қазақ тілінде де ағылшын тілінде де мағыналық және атқаратын қызметтері жағынан ұқсас болып келеді.
Ағылшын тіліндегі сілтеу есімдіктері мынадай: this (мынау), that (анау), these (мыналар), those (аналар). Мұндағы these пен those, тиісінше, this пен that сілтеу есімдіктерінің көпше түрлері.
Егер сілтенетін зат немесе т.б. жақын жерде немесе қолда тұрса, онда this есімдігін (көпше түрде these) қолданамыз. Ал егер сілтенетін зат немесе т.б. алыс жерде, қол жетпейтіндей қашықтықта тұрса, онда that есімдігін (көпше түрде those) қолданамыз. Мысалы:
This is my hat — Мынау — менің қалпағым (бас киім).
These books are interesting — Мынау кітаптар қызықты.
That pencil is yours — Анау қалам — сеніңкі.
Those flowers smell good — Анау гүлдер хош иіс шығарады.
Қазақ тілінде ағылшын тіліндегідей зат есімді сипаттайтын am, is, are (to be етістігі) көмекші сөздер жоқ. Ағылшын тілінде зат есімді зат есім ретінде сипаттағанда (мыс: The tiger is an animal) әлгі көмекші сөздер қолданылады. Ал қазақ тілінде ондай сөздер болмағандықтан бастауышы да баяндауышы да зат есімнен тұратын сөйлемде «— (дефис)» таңбасы қойылады. Мысалы: Мен — оқушымын.
Ескерту! Ағылшынша сөйлем мен қазақша сөйлемдердің арасына қойылған дефис бол ережеге қатысты емес. Екі тілдегі сөйлемдер бір-бірінен бөлек тұру үшін ғана қойылған. This және that сілтеу есімдіктері уақытқа қатысты сөйлемдерде қолданылады. Бірақ қазақша баламасы «анау», «мынау» деген сөздер болмайды. Мысалы, «Мынау жылы мен он беске толамын» деген сөйлемдегі «Мынау» сөзі мағынасы жағынан түсінікті болғанымен, грамматикалық тұрғысынан дұрыс емес. Дұрысы — «Осы жылы мен он беске толамын». «Осы жылы» деген сөзді «үстіміздегі жылы», «биыл» деген сөздермен алмастырып қолдануға болады. «Анау жылы» деген болмайды, оның орнына «өткен жылы» деген тіркес қолданылады. Бірақ, ауызекі тілде «ана(у) жылы» деген тіркес бар. «Биыл» деген сөз «бұл жыл» дегеннен шыққан.
Сілтеу есімдіктері абстрактылы (көзге көрінбейтін, қолмен ұсталынбайтын) зат есімдерге сілтеме жасағанда да қолданылады. Мысалы, уақытқа қатысты сілтеу есімдігін айтуға болады. This дәл осы уақыт немесе үстіміздегі жыл жайлы айтылғанда қолданылады, that дәл осы уақыт немесе өткен жыл (өткен кездер) жайлы сөз болғанда қолданылады. «Өткен жылы жазда Алатауға бардым. Ол кезде күн суық болды.» деген сөйлемді ағылшынша жазсақ, «Last year in summer I went to Alatau. That summer was rainy»
Ағылшын тіліндегі сілтеу есімдіктері сын есімдік-сілтеу есімдігі және зат есімдік-сілтеу есімдігі болып екіге бөлінеді.
Сын есімдік-сілтеу есімдігі сөйлемдегі зат есімнің алдында келіп, оны айқындап, зат есім туралы нақтырақ мәлімет береді, сөйлеушінің белгілі бір затқа сілтеме жасап тұрғанын көрсетеді. Егер зат есімнің алдында сын есім болатын болса, онда сілтеу есімдігі сын есімнің алдында тұрады. Мысалы: I live in that house — Мен анау үйде тұрамын.
I live in that big house — Мен анау үлкен үйде тұрамын.
I take this one — Мен мынау біреуін аламын.
I want to take this red one — Мен мынау қызыл біреуін аламын.
Зат есімдік-сілтеу есімдігі сөйлемде зат есімнің орнына қолданылады. Мысалы:
What is this? — Бұл не?
This is my pen — Бұл — менің қаламсабым (ручка).
These are my apples and those are yours — Мыналар — менің алмаларым, ал аналар — сенің алмаларың.
How do you write this? — Сен бұны қалай жазасың?
Ағылшын тілі грамматикасы. 11-сабақ: to be етістігі
Ағылшын тілінің грамматикасы сабақтарын тым қатты тереңдетіп жазғаннан кейін бе, әйтеуір, ең басты, ең оңай деген тақырыпты ұмытып кетіппін. Ол тақырып “to be етістігі” деп аталады. Осы сабақты, кеш болмай тұрып, сіздерге ұсынып отырмын. verb — етістік
to be естістігінің түрленуі
Ағылшын тілінде “to be (болу)” деген етістік бар. Етістік болғанда қазақ тіліндегідей “отыру”, “тұру” дегендей қимылды, әрекетті білдіретін етістік емес. Қазақ тілінде “to be” етістігі жоқ. Есесіне, жалғаулар арқылы білдіріледі. Мысалы: I am a student — Мен — студентпін.
Жоғарыдағы мысалға қарап, ағылшын тіліндегі to be етістігінің am деген түрін қазақша -мын, -мін, -пын, -пін деген сияқты жалғаулармен түсіріндіруге болатын сияқты. Бірақ әрқашан да солай екен деген түсінік қалыптаспасын. Кей кездері ешқандай аудармасы да баламасы да болмайды. Мысалы: Aman is here — Аман осында (жүр). Мұнда алдыңғы мысалдағыдай -мын, -мін, -пын, -пін (жіктік жалғаулар )деген жалғаулар жоқ. Осыған қарап, бұл тақырыпты ағылшын тілінің ерекше табиғаты ретінде қабылдау керек сияқты. Бұл сабақты орыс тілінде түсіндіру де ешқандай дәлдікпен іске аспайды. Қазақшасына ұқсас. Мысалы: I am a student — Я — студент. Немесе Я есть студент. to be түріндегі етістік негізгі (оригинал) етістік болып саналады. Бірінші тұрған to деген қазақ тіліндегі етістіктердің соңындағы -у әрпіне ұқсас қызмет атқарады. to be етістігі әр жақта (I жақ, II жақ, III жақ) әр түрлі болып жазылады және көпше түрінде де басқаша жазылады. Тағы бір ескертетіні, кестедегі түрленулер тек осы шақтағы to be етістігі. Ал өткен шақтағы to be етістігі алдағы уақыттарда қарастырылады.
Бұл тақырып — ең оңай тақырып. Бір-екі оқығаннан-ақ игеріп кетуге болады. Егер сұрақтарыңыз бен ескертулеріңіз болса, пікір ретінде осында жазуларыңызға болады.
Кестедегі мысалдар аудармасымен бірге
I am not a teacher. Мен – мұғалім емеспін.
You are taller than me. Сіз менен ұзынырақсыз.
She is my sister. Ол – менің сіңлім (әпкем, қарындасым).
It’s a book. Ол – кітап.
We are students. Біз – студентерміз.
You are not lazy. Сендер (сіздер) жалқау емессіңдер (емессіздер).
They are students. Олар – студенттер.
“Ол кітап жақсы” деген мен “Ол – жақсы кітап” деген сөйлемдердің жазылуында айырмашылық бар. Сол сияқты грамматикалық тұрғыда да айырмашылықтары бар. Мысалы: Ол кітап сатылмай қалды. | Ол – кітап.
Ағылшын тілі грамматикасы. 12-сабақ: Сұрау есімдігі (Interrogative Pronoun)
Сұрау есімдіктеріне мыналар жатады: who (whom), what, whose, which.
Who (ху) және whom (хум)
Who есімдігі – қазақша «кім» деген сұрау есімдігі. Мысалы:
Who played football yesterday? – Кеше кім футбол ойнады?
Who is that girl? – Анау қыз кім?
Whom есімдігі – қазақ тіліндегі «кімді» «кімге» деген сұрау есімдіктері. Мысалы:
Whom did you meet last night? – Кешегі түні кімді кездестірдің?
To whom did you tell about it? – Ол жайлы кімге айттың(ыз)? (немесе Who did you tell it to? | Who did you tell about it?)
What (уат)
What дегініміз қазаша «не» деген сұрау есімдігі. What есімдігі, негізінен, жансыз заттарға қатысты қолданылады. Мысалы:
What is this? – Бұл не?
What do you want to eat? – Не жегің(із) келеді?
What has happened? – Не болды?
What есімдігі адамдарға да қатысты қолданылатын ерекше жағдайлар бар. Мысалы, бір адамның мамандығы мен қызметін білгіңіз келсе, what сұрау есімдігі арқылы сұрайсыз.
What are you? – Сіз (мамандығыңыз бойынша) кімсіз?
What is your son? (He is an English teacher.) – Сіздің ұлыңыз кім (болып істейді)? (Ол – ағылшын тілінің мұғалімі)
What сұрау есімдігі лепті сөйлемдерде көңіл-күй мен эмоциялық жағдайларды білдіру үшін қолданылады. What есімдігінен соң a (an) белгісіздік артиклі қойлады. Мұндай сөйлемдердегі what есімдігінің қазаша мағынасы «қандай» деген сөзге өзгереді. Мысалы:
What a wonderful day! – Қандай керемет күн!
What a nice car! – Қандай әдемі машина!
What an incredible day! – Қандай ғажайып (адам нанғысыз) күн!
Whose (хуз)
Whose сұрау есімдігі дегеніміз қазақ тіліндегі «кімнің» деген сұрау есімдігі. Whose есімдігі үнемі өзіне қатысты зат есімнің алдында тұрады. Мысалы:
Whose pen is this? – Мынау кімнің қаламы?
Whose father is that man? – Анау кісі кімнің әкесі?
Whose ball did you take? – Кімнің добын алдың(ыз)?
Which (уич)
Which есімдігі дегеніміз қазақ тіліндегі «қайсысы», «қай» деген сұрау есімдіктері.Бұл сұрауесімдігі көптің арасынан бір зат есімді анықтап алу үшін қолданылады. Which сұрау есімдігі жаны бар зат есімдерге де жаны жоқ зат есімдерге де бірдей қолданыла береді. Мысалы:
Which book did you read? – Сіз қай кітапты оқыдыңыз?
Which city is better: Astana or Shymkent? – Астана мен Шымкент қалаларының қайсысы жақсырақ?
Which of you speaks german? – Араларыңызда қайсыңыз немісше сөйлейсіздер? (Бұл жердегі “қайсыңыз” деген сұрау есімдігінің мағынасы “кім” дегенді білдіреді).
“It is me” немесе “It is I”
Ағылшын тілінде “Бұл — менмін” дегенді “It is I” немесе “It is me” деп айтады, жазады. Мен “It is me” дегенді үйренгенде таң қалдым. Өйткені қазақшаға аударсаңыз “Бұл — мені” немесе “Бұл — маған” деген тіркестер шығады. Бірақ “Ағылшын тілінің көп ерекшеліктерінің бірі болар” деген оймен ол жайлы көп ізденбедім. Кейін күндердің бір күнінде “It is I” деген тіркеске ұшырастым. Қате жазған дейін десем, үлкен жазушының немесе ағылшын тілі ана тілі болып саналатын шетелдіктің еңбегі екен. Оның үстіне, менің тіл білімім оныңкімен салыстырғанда түк те емес еді. Содан, бас қатты. “Қалай айтқан дұрыс екен?” деген сұрақ мазалады.
XVIII ғасырдағы ағылшын тілінің грамматикасында “It is I” деген тіркес дұрыс деп саналған. Әдеби шығармаларда осы тіркес қолданылған. Ағылшын грамматикасындағы осынау ереженың негізі латын тілінің грамматикасына негізделген екен. Бірақ бұл ереже “It is me” деп сөйлейтіндер үшін ешқандай кедергі болмады.
It is I — грамматикалық тұрғыдан алғанда, ережеге сай келетін тіркес. Грамматика бойынша жіктеу есімдігің атау септігендегі түрі (негізгі түрі) қолданылады.It is me — идиомалық тіркес. Бұл идиомалық тіркесті басқа тілге аударғанда сіз негізгі мағынадағы тіркесті ала алмайсыз. Идиоманың ерекшелігі осында.
Қорытынды
“It is I” және “It is me” тіркестерінің екеуі де дұрыс, екеуі де қалауыңызға қарай қолданыла береді. Ауызекі сөйлеу тілінде “It is me” тіркесі көп қолданылады. Оны өздеріңіз де байқаған боларсыздар. “It is I” деп сөйлетін адамды кездестіру біраз қиындау.
“It is me” тіркесі әдеби шығармаларда да келе береді. Демек, ағылшын тілінің грамматикасы жазба әдебиет саласында “It is me” тіркесін қателікке шығара алмайды.
This is I немесе This is me
Бұл екеуінің мағыналары жоғарыда айтылған екі тіркеске тиесілі. “It” емес “This” болуының себебі әңгімеге арқау болып отырған адамның немесе заттың қолмен нұсқалып тұрғандығында. Мысалы, суреттен өзіңізді көрсетіп жатсаңыз, “This is me” немесе “This is I” дейсіз. “It is I” немесе “It is me” деген тіркестер жалпылама алғанда немесе көрінбей тұрған жағдайда қолданылады. Мысалы, есікті біреу тоқылдатты. Сіз: “Who is there?” деп сұрайсыз есікті ашпай тұрып. Есіктің арғы жағындағы адам: “It is I (me), Abai.” деп жауап береді.
Ағылшын тілі грамматикасы. 13-сабақ: Белгісіздік есімдігі
Белгісіздік есімдіктері (Indefinite Pronoun) сілтеніп тұрған тұлғаның кім екенін немесе заттың не екенін анықтамайды. Тек белгісіз түрде ғана сілтеме жасайды. Белгісіздік есімдіктеріне мыналар жатады: some, any, (some мен any-дің туындылары: somebody (белгісіз біреу), anybody ( кез-келген біреу), somewhere (бір жерде), anywhere (кез-келген жерде), something (бірдеңе, бір нәрсе), anything (кез-келген бірдеңе), someone (біреу), anyone (к-к біреу)), one (біреу, кейбіреу) …
Белгісіздік есімдіктері өте көп. Олардың барлығын бірден игеріп кету қиын әрі оның пайдасы да шамалы. Біздің сабақтарымыз бастауыш деңгейінде болғандықтан, сол деңгейге қажетті белгісіздік есімдіктерін қарастырамыз.
some және any
some есімдігі болымды сөйлемдерде, ал any есімдігі болымсыз, шартты және сұраулы сөйлемдерде қолданылады. Бұлар “бірнеше”, “кез-келген”, “қандай да бір” деген мағыналарды береді. Мысалы:
Sara has some difficult questions — Сараның бірнеше қиын сұрақтары бар.
Do you have any questions — (Қандай да бір) сұрақтарыңыз бар ма?
My brother don’t like any meat — Менің ағам ешқандай етті ұнатпайды.
Байқасаңыздар, соңғы сөйлемдегі (болымсыз сөйлем) any есімдігінің мағынасы қазақ тілінде “ешқандай” деген болымсыздық есімдігінің мағынасын беріп тұр. Бірақ оған қарамастан ағылшын иіліндегі мағынасы белгісіздік есемдігіне тиесілі болып қала бермек.
Алғашқы мысалдығы some есімдігі белгісіз түрде мөлшерлік мағына беріп тұр.
Егер some және any есімдіктерін дұрыс түсінсеңіздер, ол екеуінен туындайтын басқа да белгісіздік есімдіктерін түсіну оңай болады. Олардың соңғы бөлігінде тұрған сөздер есімдіктердің неге қатысты екенін көрсетіп тұрады. Мысалы, “somewhere” есімдігінің белгісіз бір мекенге, орынға қатысты айтылып тұрғаны көрініп тұр. Сол сияқты, “anything” есімдігінің кез-келген бір затқа сілтеме жасап тұрғанын біле аламыз. Өйткені “thing” сөзінің мағынасы “зат (нәрсе)” дегенді білдіреді.
Есте сақтаңыз!
someone, somebody, anyone, anybody білгісіздік есімдіктері адамға қатысты қолданылады. Ал something, anything белгісіздік есімдіктері заттарға (жансыз заттарға) қатысты қолданылады.
Ағылшын тілі грамматикасы: 14-сабақ: ‘Have’ немесе ‘have got’
Have немесе have got сөздерінің қайсын қолдану керек екенін білу көбіне оңай соқпайды. Дегенмен, ол өте қарапайым тақырып. Жақсы түсіну үшін мысалдарға дұрыстап назар аударыңыздар және салыстырып көріңіздер.
Have немесе have got сөздері сіздің бір затқа иелік ететіндігіңізді, сізге тиесілі заттың бар екенін білдіреді. Болымсыз түрде алдыңғы сөйлемімізде түсіндіргендерге қарама-қарсы мағынаны, яғни, сіздің иелігіңізде бір заттың (сөйлеушіге қатысты зат) жоқ екендігін білдіреді. Зат деген тек қана жансыз заттар деген ой болмасын (зат есім деп түсінген дүрыс болар). Олардан бөлек туыстық, жақындық және таныстық қатынастар жайлы айтылғанда да осы have немесе have got сөздері қолданылады.
Тек қана have сөзінің қолданылуы
Have арқылы сізге тиесілі заттар мен сіз істейтін әрекеттерді түсіндіруге болады. Мысалы:
I have a little shop in our village — Біздің ауылда (менің) кішігірім дүкенім бар.
I usually have breakfast at 8 o’clock — Әдетте мен сағат сегізде таңғы асты жеймін. Немесе, әдетте, менің таңғы асым сағат сегізде.
to have breakfast — таңғы аспен тамақтану, таңғы асты жеу.
Have got сөзінің қолданылуы
Have got сөзін тек қана бір заттың сізге тиесілі екендігін (сізде бір заттың бар екенін) айту үшін қолданасыз. ағылшын тілінің грамматикасы бойынша, жасайтын әрекеттеріңіз жайлы айту үшін Have got сөзін қолдана алмайсыз. Мысалы:
I have got a little shop in our village — Біздің ауылда (менің) кішігірім дүкенім бар.
Wrong!
I usually have got breakfast at 8 o’clock. Бұл мысал қате болып табылады.
Болымыз түрлері
Have: do not have, have no (Мыс: I don’t have a car. I have no computer);
Have got: have not got, have got no (Мыс: I have not got a car. I have got no computer).
Ескерту! have no мен have got no тіркестері қолданылатын сөйлемдерде ешқандай артикль болмайды. Мысалы:
I have no a computer. I have got no a computer.
Сұрақ түріндегі формасы
Do you have a cat? — Сенде/сізде мысық бар ма (Мысығың(ыз) бар ма)?
Have you got a cat? — Сенде/сізде мысық бар ма (Мысығың(ыз) бар ма)?
Өткен шақта қолданылуы
Өткен шақтағы сөйлемдерде have сөзі (had түрінде) қолданылады. Мысалы:
I had a car. I had got a car.
Ағылшын тілі грамматикасы. 15-сабақ: Ортақтық (өзаралық) есімдік (Reciprocal pronoun)
Ағылшын тілі грамматикасында Ортақтық (өзаралық) есімдігі (Reciprocal pronoun) бар. Оған “each other” және “one another” деген есімдіктер жатады. Екеуінің қазақ тіліндегі мағынасы “бірін-бірі”, “бір-бірімен” … дегенді береді. each other — адамдар мен заттарға қатысты (екі қатысушы), one another — екі немесе одан көп адамдарға ( немесе заттарға) қатысты. Алайда қазіргі кездегі грамматикада екеуінің ара жігін ажыратып жатқандарды кездестіре бермейсіз.
Ортақтық есімдігін қолданудағы мақсат — іс-әрекетке қатысып отырған екі адамдының немесе заттың бірдей әрекет жасап жатқандығын білдіру.
Айтылған анықтамамыз сіздерге ары қарай түсінікті болуы үшін бір-екі мысал келтіре кетейін.
Azat and Laura love each other. — Азат пен Лаура бір-бірін сүйеді.
They can’t see each other. — Олар бір-бірін көре (көру мағынасында) алмайды.
The students in this class use one another’s book. — Бұл сыныптағы студенттер бір-бірінің кітабын пайдаланады.
The teachers congratulated one another on World Teachers’ day. — Мұғалімдер бір-бірлерін Дүниежүзілік мұғалімдер күнімен құттықтады.
Қосымша айта кетер жағдай: “each other” және “one another” есімдіктерінің алдына көмекші сөздер жалғану арқылы сөйлемнің мағынасы өзгеріп отырады. Мысалы:
for each other – бір-бірі үшін;
to each other – бір-біріне;
from each other – бір-бірінен;
about each other – бір-бірі жайлы (туралы).
Ағылшын тілінің грамматикасы. 16-сабақ: “There is/are” тіркесі
Ағылшын тілінде бір заттың бар екендігін сипаттау үшін “There is (зериз)” және “There are (зера)” тіркестері қолданылады. Екі тіркестің де мағынасы бір, тек жекеше және көпше түрдегі формалары.
Заттың бар екендігін айтқанда ол заттың біреуге тиесілі екендігін айтпайды. Мысалы, “Менде алма бар” дегендей мағынада емес, “Дастарханда (үстелдің үстінде) алма бар” деген мағынада қолданылады.Мысалы: There is an apple in garden — Бауда алма бар.
I have two apples — Менде алма бар.
“There is/are” тіркесі арқылы жасалатын сөйлемнің құрылымы:
There is/are + зат есім + мекен пысықтауыш (қайда? деген сұраққа жауап береді)
There is/are тіркесіндегі “there” сөзі басқаша тұрғыдан қарағанда “анда (анау жерде)” деген мағынаны білдіреді. Егер сөйлемде анда (анау жерде) деген сөз кездессе, онда ағылшынша жазғанда сөйлемнің соңына мекенді (орынды) білдіретін “there” мекен үстеуі қолданылады. Мысалы: There is a couple of books there — Анау жерде 2 кітап бар.
Мысалда келтірілген “couple” сөзінің мағынасы “жұп” немесе “екеу” деген сөздерді береді. Олай болса неге “There are” емес “There is” тіркесі қолданылып тұр? Екі кітап болса көпше түрдегі “There are” тіркесі қолданылуы тиіс емес пе? дегендей сұрақ тууы мүмкін. Жауап: “couple” жекеше түрде болғандықтан “There is” тіркесі қолданылды. Бұл жағдайда сіздің ойыңыздағы мысал мынадай болуы керек: There are two books there.
“There is/are” тіркесі осы шақта айтылып тұр. Оның өткен шақтағы нұсқасы “There was/were“, келер шағы: There will be
Достарыңызбен бөлісу: |